Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет10/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

3. Тәрбие мен оқытудың мазмұны
Осы жастағы балаларды дамыту ересектердің және басқалардың арнайы үйретуінсіз пайда болмайтын біліктерді қалыптастыруға бағытталған. Аталған топта ойын-сабақтар әрбір баламен жеке, күніне бірнеше рет өткізіледі және сондай-ақ өздігінен ойнайтын ойындармен алмастырылады. Ойын- сабақтар сол немесе басқа біліктерді меңгеру мүмкіндігіне қарай күрделенеді.
Мақсаты: туғаннан бастап 1 жасқа дейінгі балалардың денесінің, психикалық, сенсорлық дамуына жағдайлар жасау.
Міндеттері:
- балалардың толыққанды дене дамуын қамтамасыз ете отырып, олардың денсаулығын нығайту;
- ересектің тілін түсіну білігін және белсенді сөйлеуді меңгеруге дайындық жұмысын дамыту;
- еңбектеуді және жүруді, көріп және естіп бағдарлауды игеру, сенсорлық тәжірибені байыту;
- қуануға, назар аударуға, ренжуге, қанағаттануға қызығушылығын ояту.


4. Режимдік сәттерді ұйымдастыру кезінде дамыту және тәрбиелеу
Балаларға қойылатын ортақ талаптар мен жағдайлардың тұрақтылығын сақтау арқылы режимдік сәттерге деген оң қарым-қатынас қалыптастыру.
Қажеттілік шамасына қарай тамақтандыру.
Балалардың киінуіне, тамақтануына, ұйқыға жатуына жағымды тәртіп орнату. Балаларды осы үдерістерге күш жеткенше қатыстыру.
Терең және ұзақ ұйқыға барлық жағдайларды жасау және сақтау.
Ауырып қалған және бейімделу кезеңдегі балаларды таза ауада ұйықтатуға біртіндеп үйрету.
Әрбір баланың белсенді сергектенуі үшін жағдайлар жасау: 2 айдан бастап – манежде, 7-8 айдан бастап едендегі қоршаудың ішінде.
Ойын-сабақтарды ұйымдастыру және өткізу кезінде білім беру үдерісінің мақсатқа бағытталуын және жүйелілігін сақтау.
Ересектермен белсенді тіл табысатын және дербес өзімен өзі айналыса білетін баланы ынталандыру, балалардың жағымды эмоциялық күйіне қолдау жасау. Пайда болған теріс әдеттерге уақытылы ескерту.
Балаларға жеке қарым қатынас жасау тәсілдерін қолдану. Ойын материалын түрлендіру, жаңғырту және күрделілендіру. Балалардың қызығушылықтарын есепке алып және әрекеттің түрлерін ауыстыра отырып, дербес қимылдар мен қозғалыстарға, белсенді тіл қатуға үйрету.
Әрбір бала ересектерді, өзін ести алатындай, басқа балалардың үн қатуларын (гуілдеу, былдыр) тыңдайтындай топта тыныш жағдай жасау.
Топтағы тәртіпті сақтау, шашылған ойыншықтарды орындарына жинау, оларды жүйелі түрде өңдеп отыру. Массаж бен гимнастиканы маман жүргізуі керек.
Ас үлесін түрлендіру және салынған мөлшерді тауысуға балаларды үйрету.
Тамақтану кезіндегі өздігінен әрекеттерді дамыту: 2,5-3 айдан бастап, бөтелкені ұстауға, ауызға апаруға; 4-5 айдан бастап қасықпен тамақтануға, 5-6 айдан бастап ересектің көмегімен кеседен ішуге, ал 7 айдан бастап өздігінен нанды, пірәндікті, печеньені жеуді үйрету.
1 жасқа таяу тамақты өздігінен қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
7-8 айға дейін баланы қолдарына ұстап, ал 8 айдан бастап (өз бетінше отыра алған кезден) бастап – биік үстел басында тамақтандыру. 11-12 айдан бастап өзбетінше төмен үстелге жақындауға, креслоға отыруға үйрету.
Балаларды ересектердің «Тамақтанамыз» деген сөздерін түсінуге үйрету. Ыдыстарды даярлауда кейбір заттардың атауларын таныстыру (кесе, тәрелке, қасық), қимылдарды түсінуді үйрету (отыр, іш, нанды же және басқалар).
Баланың тілін белсендіру (бер, мә және басқалар).
7-8 айдан бастап үстел басында отырған екі баланы кезекпен тамақтандыру. 8-9 айдан бастап мәдени-гигиеналық дағдыларды (қасында отырған балаға тілектестік танытуды, майлықты қолдануды, тамақтанып болған соң ересекке басты изеп немесе жеңілдетілген сөзбен «рахмет» айтуды) қалыптастыру.
Ұйқы үдерісіне жағымды қарым-қатынас қалыптастыру. Ұйықтауға жағдайлар жасау, баяу бесік жырын айту және с.с.
Әр баланың ерекшеліктеріне сәйкес жеке қарым қатынас тәсілін сақтау. Бейімделу кезеңінен өтетін балаларға ерекше назар аудару.
Өмірдің алғашқы аптасынан бастап қосымша әсер етпей-ақ (тербету, емізік және басқалар) ұйықтауға үйрету.
Олардың эмоциялы жағымды қатынасын қамтамасыз ете отырып, ояну шамасы бойынша балаларды тұрғызу. Киінудегі реттілікті сақтау. Белсенді дауыстап үн қатуға жағдайлар жасау.
Ересектердің заттарды, аяқ киімдердің, киімдердің атауларын атаған кезінде тілді түсінуін дамыту; балаларды кейбір әрекеттерді орындауға тарту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет