Мәдени-гигиеналық дағдылар Ұқыпты тамақтану мен үстел басында өзін-өзі ұстау, асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.
Өзінің жеке бас гигиенасы дағдылары мен ережелерін сақтауы мен оны орындауын қадағалап отыруға дағдыландыру. Дене тазалығын сақтауға, қолын, аяғын жууға, тісін ұқыпты тазалауға, ешкімнің ескертуінсіз-ақ тамақтанар алдында қолын жуып және тамақтанып болған соң ауыз қуысын шаюға, бет орамалын уақытылы ауыстырып, үстін, беліне дейін ылғалды сүртінуге дағдыландыру. Жеке заттарын ұқыпты ұстаудың қажеттіліктері мен ережелерін түсіну.
Гигиеналық шараларды орындау кезінде балалардың бір-біріне көмек көрсетуін мадақтау.
Өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары мен киіміне күтім жасауды жетілдіру.
Баланың шамасына қарай жұмыс түрлерін: асханада, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындалуда кезекші міндеттерін атқаруға тарту арқылы еңбек етуге жағымды қатынасты қалыптастыру.
Қоғамдық орындарда тазалық сақтау.Бөлмеде өзін-өзі ұстау тәртібін сақтау.
Қоғамдық орындарда тазалық ережесін сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.
Қатынас» білім беру саласы Мектепке дейінгі ересек жаста «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- сауат ашу және жазу негіздері;
- мемлекеттік, орыс және басқа (мемлекеттік тіл қазақ тілінде оқытылатын топтарда өткізілмейді) тілдер бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: қоршаған адамдармен өзара әрекет мен құрастыру тәсілдері арқылы дағдыларын игеруді, мемлекеттік тілді меңгеруді және қоғамдық маңызы бар тілді білуін қалыптастыру.
Міндеттері:
- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
- қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін құметтеуге тәрбиелеу;
- балалардың әрекеттерінің түрлі нысандары мен түрлерінде олардың ауызекі сөйлеу тілінің барлық құрамдарын дамыту.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Тіл дамыту Тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу
Тілдің дыбысталу мәдениетінің барлық қырын жетілдіру.
Сөздегі дыбыстың орны туралы білімдерді қалыптастыру.
Балалардың:
- зат есім, жалпылауыш сөздерді қолдану, сөздерді дыбыстық талдау;
- қажетті сөздерді дұрыс түсіну және оларды ауызекі сөйлеу тілінде белсенді қолдана білу;
- грамматикалық және морфологиялық қырын меңгеру;
- етістіктерді дұрыс қолдана білу, сөздерді септіктер мен шақтарда үйлестіріп, қосымшаларды дұрыс қолдана білу;
- сөйлеу тілінде зат есім, сын есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасау;
- тілдің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын, сөзжасамды меңгеру;
- сөйлеу мәдениетінің түрлерін қолдану;
- диалогтік сөйлеуге үйрету, сөзді түсіну және тыңдау;
- қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастыру арқылы сөздік қорын дамыту;
- негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, қысқа сипаттау және баяндау әңгімелерін құрастыру;
- мазмұнын ескере отырып балалардың диалогтік тілін дамытуға негіз болатын тілдік орта құру;
- шығармашылық қызмет машықтарын қалыптастыру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу;
- баяндау және сипаттау әңгімелерін ойлап табу;
- әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.