бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдана отырып шағын шығармаларды өз бетімен мазмұндайды.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ.
Балаларға оқып беру және әңгімелеу.
Мазмұнына байланысты әдеби шығармаларды қабылдауға, түсіне білуге үйрету.
Мәнерлеп оқу. Саздылықты, ырғақтылықты сезінуге, өз дауысын басқара білуге үйрету.
Мазмұндау. Шығарманы мазмұнына байланысты ырғақпен, қимыл-қозғалыспен мазмұндауға үйрету. Кейіпкерлерге және олардың іс-әркеттеріне өзіндік ойын, пікірін айта білу.
Шығармашылық әңгімелеу
Өмірден, суреттер, бақылаулар бойынша берілген тақырыптарға сәйкес әңгімелер құрастыра білуге үйрету.
Шығармалардың мазмұны мен көркем шығармашылық түрінің арасындағы өзара байланысты көре білуге үйрету. Өз бетімен жұмыс кезінде көркем тілдік дағдыларды қолдана білуді бекіту. Шығармаларды мазмұнын ойын әрекеттерімен, серуендермен, байқаулар және экскурсиялармен байланыстыра отырып оларды қайталауға үйрету.
Тәрбиешінің ұсынған тақырыбына сюжеттік және сипаттау әңгімелерін құрау кезінде меңгерген көркем тілдік дағдыларды қолдана білуді бекіту.
Күтілетін нәтижелер: - көркем мәтінді аяғына дейін тыңдайды, мазмұнын эмоциялы, белсенді түрде сезіне біледі, кейіпкерлерге жаны ашиды;
- мәтіннің мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды;
- бағдарламада берілген шығармаларды жатқа айтады;
- меңгерген әдеби жанрларды атайды; сахналық шағын қойылымдарға қатысады; көпшілік алдында қысылмай сөйлейді және өздерін еркін ұстайды;
- көркем әдебиет шығармаларына қызығушылық білдіреді, қазақ жазушыларының әдеби шығармаларын, халық ауыз әдебиеті үлгілерін атайды, кітапқа ұқыптылықпен қарайды.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сауат ашу және жазу негіздері «Сөз» және «дыбыс» терминдері туралы алғашқы түсінік беру. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру, сөздегі дыбыстарды ажырата білу. Балаларды сөздегі дыбыстардың реттілігін белгілеуге үйрету. Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш-төрт сөзге дыбыстық талдау жасауға үйрету, дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін талдау. Дауысты дыбыстарымен таныстыру.
Қолды жазуға дайындау
Дәптерді, қолды, қаламды үстел үстіне қойып, жазу кезіндегі ережелермен таныстыру. Жазу құралдарын (қаламды) дұрыс ұстауға дағдыландыру. Ұзын-қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды сызу арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту. Сызбалар (штрих) жасауға үйрету.