Күтілетін нәтижелер:
- іс-әрекеттерді орындауға қажетті қарапайым құрал-жабдықтарды қолданады;
- еңбек құралдарына ұқсас ойыншықтармен және құрал-жабдықтармен әрекет жасайды;
- екі және үш орындық дидактикалық ойыншықтарды жинастырады;
- 2-3 топты қарама-қарсы өлшемдегі cақиналарды пирамидаға жинастыру; ересектердің көмегімен 4-5 және одан да артық түрлі өлшемдегі cақиналарды пирамидаға жинастырады;
- бірнеше заттарды бір белгісі (өлшемі, пішіні) бойынша топтастырады;
- заттармен кейбір іс-әрекеттерді шеберлікпен орындайды, 2-ден, кейіннен 3 бөлшектен іріктеуде сәйкес қосымша-бөлшектерді таңдайды;
- қораптардың қақпақтарын таңдайды;
- түсі мен өлшемінен тыс таныс заттарды танып, көрсетеді;
- негізгі төрт түсті ажыратуды (қызыл, көк, сары, жасыл), тәрбиешінің ұсынысымен бір түсті заттарды таңдайды;
- екіден кем емес түстерді атайды;
- 4 түсті реңктердің қызыл - қызыл сары - сары; сары - қызыл сары - сары, көк-күлгін, сары - ақ үйлесімінде түрлі заттарды сәйкестендіре біледі.
«Шығармашылық» білім беру саласы
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
- өнерге шығармашылық қатынасын тәрбиелеу;
- көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді қабылдауды дамыту;
- қоршаған орта туралы түсініктерді және сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.
Сурет салу
Сурет салуда қолданылатын құралдар мен материалдарды тану, бейнелеу, музыка өнері туралы түсініктерді қалыптастыру.
1 жастан 1 жас 6 айға дейін
Балалардың назарын сурет салу үдерісіне аудару.
Балаларды:
- бояудың ашық түстеріне эмоционалды жауап беруге;
- бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ниеттерін қолдауға;
- қағаз бетін ашық түсті дақтармен, шатпақтармен толтыруға;
- алақанға бояу жағып, қағаз бетіне түсіруге үйрету.
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін
Балаларға қарындашпен, фломастермен жұмыс жасау, сызықтар жүргізуге үйретуді жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |