Күтілетін нәтижелер:
- көлік құралдарының, автомобиль бөлшектерінің, өсімдіктердің, ағаштардың, жеміс-жидектердің, үй жануарлары, аңдар және олардың төлдерінің атауларын біледі;
- заттарды пішіні, көлемі, түсі, тағайындалуы бойынша іріктейді және топтастырады;
- құстарға, олардың қылықтарына бақылау жасайды;
- табиғаттағы жыл мезгілдерінің ауысуын және олардың ерекшеліктерін ажырата алады;
- көлемі, пішіні бойынша біртекті заттарды топтастырады;
- 3 және біртіндеп саны азаятын бөлшектерден түрлі-түсті пирамидалар құрастырады;
- заттардың түрлі көлемдерін, олардың түсін, пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;
- құрылыс материалдарының негізгі түрлерін (текшелер, кірпіштер, пластиналар) ажыратады;
- қарапайым құрылысты атайды, құрылыс ауқымына сәйкес мазмұнды ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнайды;
- қағазды жұмарлайды және жыртады, жұмарланған және жыртылған қағаздан «бейнені» көреді;
- құрылысты бөлшектеп бұзып, қорапқа ұқыпты салады.
«Шығармашылық» білім беру саласы
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: эстетикалық сезімдерін дамыту, бейнелеу өнеріне шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру.
Міндеттері:
- балалардың сурет салуға, мүсіндеуге, музыкаға, ән салуға, қарапайым аспаптарда ойнауға қызығушылықтарын дамыту, ғажайып сезімдерін қалыптастыру;
- эмоционалдық-сезімдік қабілеттерін қалыптастыру;
- балаларды шығармашылыққа тәрбиелеу.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сурет салу
Балаларға бейнелеу әрекеттеріне деген қызығушылықты, суретте бейнеленгенді түсінуді сіңіру.
Дағдыларды қалыптастыру:
- «жаңбыр тамшылайды», «жапырақтар жерге түсті», «қар жауып тұр», «ормандағы аңдар» және т.б. сияқты құбылыстарды көрсететін бояулар мен сызықтар ритмін мұқият қарастыру;
- таныс заттардың, кейіпкерлердің бейнелерін тану, не (кім) бейнеленгенін, не істеп жатқанын түсіну.
Қол қимылдарын дамыту. Түрлі-түсті қарындаштармен сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
Қарындаш пен қылқаламды үш саусақпен ұстауға, қатты қыспау, түзу, тұйық сызықтарды сурет салудың қарапайым элементі ретінде қағаз бетіне жеңіл түрде түсіру; қарындаш ұстаған қол қимылын бақылау; қағаз бетінде сурет салу қимылдарын реттеу, бұл қимылдарды ырғақты түрде қайталау. Балаларды бояудың ашық түстеріне эмоциялық-эстетикалық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Жапсыру
Дағдыларды қалыптастыру:
- фланелеграфта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру: қарапайым композиция құру және орналастыру;
- фланелеграфтің кенебін қолдану, геометриялық пішіндерді, мәшине, үйлер, доптар, гүлдер, қазақтың ұлттық бас киімдерін орналастыру.
Мүсіндеу
Саздың қасиеті туралы білімдерін қалыптастыру. Сазды дұрыс пайдалану біліктіліктерін қалыптастыру.
Техникалық дағдыларды қалыптастыру: қарапайым заттарды және одан күрделісін мүсіндеуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |