Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет37/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

Күтілетін нәтижелер:
- қағаз бетіне тура, көлденең толқын тәрізді сызықтар сызады;
- ересектің салған суретін толықтырады;
- саусақпен сурет салу дағдыларын игерген;
- мүсіндеудің дағдыларын игерген (тереңдете білу, заттарды безендіру);
- техникалық дағдыларды біледі және қолданады.


I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Музыка
Музыка тыңдау
Музыка тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру және түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, сабырлы және көңілді әндер мен пьесаларды тыңдау ережесін сақтау.
Домбыра мен сырнайдың, сыбызғы мен дабылдың дыбыстарын ажырату дағдыларын қалыптастыру.
Бірінші жарты жылдықта балалар әнді екі-төрт минут бойы арасында үзіліс жасап тыңдайды. Үзіліссіз орындалатын музыканың ұзақтығы жыл басында 50 секундты құрайды. Жыл бойында 10-12 пьеса, тыңдауға 3-4 ән және музыкамен сүйемелденген 2-3 әңгіме айту ұсынылады.
Әннің мағынасын түсіну, қоңыраудың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты ажырату, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, музыкалық, қимылдық көрсетусіз жаңа әндерді тыңдау, әсерлерімен алмасу (жақсы ән, онда құс ән салады және т.б.) дағдыларын қалыптастыру.
Ән салу
Ән айтуға қызығушылықтарын, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеп, ән сөздері мен жеке буындарды, аспаптардың шығаратын дыбысына және әннің сазына келтіріп, ересектерге қосылып ән айту, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуға тәрбиелеу.
Әнді жеке және топпен айту; әннің сөзін есінде сақтау, дұрыс ырғақты және әуеннің жеке екпінін жеткізіп барлық топпен ән айту, әннің сөзін есінде сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар
Дағдыларды қалыптастыру:
- музыка сипатына сай қимылдау, екі бөлімді пьесадағы қимылдардың, дыбысталу күшінің (қатты – баяу) өзгеруін, оның басталуы мен аяқталуын сезіну ;
- музыкалық сүйемелдеумен биде және ойындарда қол ұстасып, жұптасып, қарапайым би қозғалыстарын орындау;
- шапалақтау, бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу, әнді сахналауда қимылдардың жеке элементтерін қолданып жүру және жүгіру, күрделі емес қимылдар бірізділігін естерінде сақтау;
- сылдырауық, сылдырмақпен бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік-ойын қимылдарын бере отырып, заттармен қимыл жасау, би билеуде шеңбер құру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру, әннің мәтіні бойынша түрлі қимылдар орындау;
- жаттығулар мен билерде сүйемелдейтін музыканың қарама-қарсылығына сәйкес (баяу-қатты, жоғары-төмен) бір қимылдардан басқаларына көшу ;
- мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын беру және оның кейіпкерлері мен қимылдарының музыкалық сипатына сәйкес ойынның бір кезеңінен келесісіне өту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет