Құрастыру Құрылыс материалынан құрастыру
Ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан ғимарат құрастыра білуін жетілдіру.
Құрылыстың негізгі бөліктерін ажырату және оларды шамасы мен пішіні бойынша айқындау, оларды кеңістікте орналастыру дағдыларын қалыптастыру.
Құрылысты өзгерту, оларды қайта құрастыру, бір бөлшекті екіншісімен алмастыру шеберлігін дамыту.
Ұжымдық құрастыру шеберлігін қалыптастыру.
Балалардың:
- құрылыс бөлшектерін ажырату және атау, олардың құрылымдық қасиеттерін ескере отырып, пайдалану;
- жеке және ұжымдық іс-әрекет дағдыларын бекіту, құрылысты жалпы оймен біріктіру;
- құрдастар арасында міндеттемелерді бөлісу;
- қағаздан орамдар, жиектер, кесектер жасау;
- бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру;
- әр түрлі «пластик» типіндегі үлгілер жасау;
- дамыту, қағаздан «оригами» (кораблик) типі бойынша қарапайым пішіндер жасау дағдыларын бекіту.
Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру
Балаларды табиғи материалдардан (қорапшалар, жайғыштар) зат даярлауға үйрету. Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық елестетуді дамыту, көрнекілікке сүйене отырып зат жасау.
Конструктор бөліктерінен құрастыру
Конструктормен ойын үшін ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.
Экология негіздері Өлі табиғат заттары мен құбылыстары
Өлі табиғат нысандары туралы балалардың білімдерін бекіту.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер
Көктемгі, қысқы табиғатты бақылау, олардың қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту.
Балалардың назарын көктемдегі адамдар әрекетіне аудару дағдысын қалыптастыру.
Табиғаттағы, табиғат күнтізбесіндегі маусымдық өзгерістерді бақылау нәтижелері туралы дағдыларын жетілдіру.
Өсімдік әлемі
Балабақша аумағы мен таяу маңдағы өсімдіктер туралы білімдерін, оларды ажырату және атауын бекітуді жалғастыру.
Ағаштар мен бұталардың үш-төрт түрін, атау және ажырату дағдыларын бекіту.
Ағаштар мен гүлдердің бөліктерін атау дағдыларын бекіту.
Өсімдіктер, олардың жылдың көктем мезгіліндегі тіршілігі, шөптесін өсімдіктердің 3-4 түрі, жидектер, саңырауқұлақтар туралы білімдерін қалыптастыру. Ормандағы, саябақтағы, бақшадағы, баудағы, егістіктегі бірқатар өсімдіктердің өсу орындары туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Пияз бен шөп, олардың бөлме жағдайларында өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.
Өсімдік әлеміне мұқият және қамқор қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру.
Жануарлар әлемі
Үй жануарлары мен жабайы жануарларды атау және ажыратуын бекіту. Балаларды жанды нысандарға және табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасауға баулу дағдыларын жетілдіру.
Жануарлардың көктемдегі, жаздағы өмірі туралы ұғымдарын жетілдіру.
Жәндіктердің бірқатар түрлері, олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту.
Бірқатар жорғалаушылар туралы ұғымдарын қалыптастыру, суда және жер бетінде тіршілік ететіндер туралы білімдерін бекіту.
Табиғаттағы тәртіп ережелері
Табиғаттағы тәртіп ережелерімен таныстыруды жалғастыру және балаларды тірі табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауға, ерікті көмек көрсетуге баулу.