Күтілетін нәтижелер:
- маңызды мүшелердің қызметін біледі;
- азық-түліктерді атауларын, олардың сапасын анықтай біледі;
- жұқпалы аурулар мен олардың белгілері туралы біледі;
- денсаулықты нығайту туралы ұғымдарға ие;
- үйде, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қауіпсіздігін және ережесін біледі және атайды;
- өзінде және басқаларда ауру белгілерін сезген жағдайда ересектерден өз уақытында көмек сұрай алады;
- дененің ауырған жерін жеңілдетуді; жедел жәрдем қызметін шақыруды біледі.
Өздігінен қозғалу белсенділігі
Ойынды түрлендіріп, қызықты өткізуге мүмкіндік беретіндей түрлі құрал-жабдықтармен, спорттық құралдармен жабдықталған қимыл-қозғалыс әрекетін дамытатын орта құру.
Ойын алаңын көп нұсқалы ойындарды ойнауға ыңғайлы болатындай етіп ұйымдастыру. Ойындардың, қимыл-қозғалыстардың, жаттығулар түрі жазылған карточкалар жиынтығы болуы қажет.
Балаларды құрдастарымен жарыс ұйымдастыру барысында ережеге бағыну дағдыларын қалыптастыру.
Балалардың қалауы бойынша қимылды ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау. Серуен кезінде меңгерген қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру. Серуен орынын дұрыс жабдықтау.
Қыс мезгілінде мұз жолдарымен сырғанау, шаңғымен жүру, хоккей ойнау, шанамен сырғанау, ал жылдың жылы мезгілінде велосипедпен жүру, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарын ойнауға қолайлы жағдай туғызу керек. Ойын алаңдарында кедергі жолдары болғаны дұрыс.
Айына бір рет дене шынықтыру ойын-сауығын, жылына 2 рет – қыста және жазда дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастыру.
Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары
Топ бөлмесінің ауасын жүйелі түрде тазартып отыру арқылы қалыпты температура ұстап отыру.
Балаларды ауа райына байланысты киіндіріп, күн сайын жеткілікті мөлшерде таза ауаға шығару.
Балалармен қарапайым су процедураларын өткізу. Біртіндеп судың температурасын төмендету арқылы дене шынықтыру.
Аяққа дене температурасына қарсы су құю жаттығуларын жүргізу.
Шынықтыру өткізу барысында балаларға жеке тәсілді іске асыру, оны баланың денсаулық жағдайын, шынықтыру құралдарымен әсер етуге үйрену дәрежесін ескере отырып жүргізіу.
Ертеңгілік жаттығуларды (10-12 мин) орындауға қызықтыру. Балаларға жаттығуларды реттілікпен орындауға үйрету: бастапқы қалыпқа сәйкес тұру, жай қарқынмен қол, аяқ, кеудеге арналған жаттығуларды орындау, белгіленген тәртіп бойынша дем шығару жүйесі жаттығуларын жасау.
Дұрыс дене сымбаты мен аяқ табанының дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу.
Серуен кезінде меңгерілген біліктер мен дағдыларды қолдана отырып, қимылды ойындар мен дене шынықтыру жаттығуларын өз еріктерімен ұйымдастыра білуге үйрету, бірлесіп, ережелерді сақтай отырып, ойнау дағдыларын қалыптастыру. Балаларды күнделікті өмірде жыл мезгілдеріне сай табиғат ерекшеліктерін қолданып, табиғи жағдайда ойнауға үйрету.
Балаларды баскетбол, бадминтон, хоккей ойындарын ойнауға үйрету. Шаңғымен, велосипедпен жүру және т.б. дағдыларын жетілдіру.
Қажет жағдайда сабақтарда ұзақтығы 1-3 минут болатын сергіту сәттерін ұйымдастыру: жүру, жүгіру, бір орында секіру жаттығулары, тартылу, бұрылу, еңкею, отырып-тұру, қолдың саусақтарын ашып-жұму және т.б. қиын емес жаттығулар.
Дене шынықтыру сабағында құрдастарымен әсерлі қарым-қатынас жағдайында өзінің қимылдау тәжірибесін қолдану, әртүрлі іс-әрекеттерінде шығармашылық таныту.
Дене шынықтыру мерекелеріне, мереке кезінде ұжымдық ойындарға, сауықтарға, жарыстарға белсенді қатысуға қызықтыру. Өзінің жетістіктерін, меңгерген қимыл түрлерін, ептілігін, шыдамдылығын, батылдығын, тапқырлығын керек жерде көрсете білуге, жолдасының сәтсіздігіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Жетістігіне қуануға, достық қарым-қатынасын нығайтуға, кішкентай бөбектерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |