Күтілетін нәтижелер: - құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін атайды және ажырата біледі;
- көлемі бойынша әртүрлі құрастырулар жасай біледі;
- ұсақ-түйектер жасау кезінде шаршы қағазды бүктей біледі;
- түрлі материалдардан заттарды құрастыра біледі, олардың атауларын біледі.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ.
Құрылыс материалдары мен конструктор бөлшектерінен құрастыру. Берілген тақырып бойынша сөзбен сипаттау, сурет, фотосурет бойынша құрылыс салуға үйрету.
Өз құрылысын талдай білуді бекіту және талдау негізінде құрылымдық шешімдер табу, оларды құру кезеңдерін жоспарлау.
Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден, оларды қосу әдісімен жануарлардың, адамдардың пішіндерін жасай білуге үйрету. Пішіндердің түрлі күйлері мен қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру. Ұжымдық мазмұнды құрастыруға қозғау салу. Шығармашылық ойлауды және қиялдауды дамыту. Қағазды қатпарлап бүктеуге және симметриялық пішіндерді кесуге, қағаздан құрастыру әдістерін қолданып көлемді формадағы жазық материалды өзгерте білуді бекіту.
Дайын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып ала білуді қалыптастыру.
Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи материалдарды мақсатты пайдалана білуді бекіту. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс кезінде өз қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру; мақсатты түрде, өз бетімен, шығармашылық жасай білу. Шығармашылық қиялын, ұсақ-түйек заттар жасауды көрнекіліктерді қолдану арқылы және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жасай білуді дамыту.
Ұсақ-түйектерді толықтыру және артықтарын ала білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер: - құрылысты талдайды, сындарлы шешім табады;
- дайын бөлшектерден шарты бойынша, өз ойынша құрастырады;
- ұжыммен жұмыс жасай біледі;
- жазықтық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерте біледі;
- құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады, атқаратын міндеті бойынша қолданады, еңбек мәдениетін, жұмыс орнындағы тәртіпті сақтайды;
- қалдық және табиғи материалдардан құрастыра біледі;
- нәтижеге жету үшін түрлі құралдарды қолданады.