Күтілетін нәтижелер:
- белсенді сөздікте барлық сөз таптарын қолданады;
- шағын әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдайды;
- 3-5 сөзден тұратын тіркестермен, сөйлемдермен сөйлеу, ақпараттармен бөліседі;
- ертегіні, әңгімені, әлдиді алаңдамай, құрбыларының шағын тобымен тыңдайды, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, таныс тақпақтарды, қысқа өлеңдерді анық, асықпай айтады;
- ертегідегі, қысқа әңгімедегі әрекеттің одан әрі өрбуін, шығармаларда жаңа кейіпкерлердің пайда болуын, олардың қарым-қатынасын қадағалайды;
- драмалық оқиғалардағы кейіпкерлерге жанашырлық танытады, бұрыннан таныс кейіпкерлермен кездесуге қуанады;
- таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнайды.
«Таным» білім беру саласы
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:
- қоршаған ортамен таныстыру;
- экология негіздері;
- сенсорика;
- құрастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: зияткерлік және танымдық қабілеттерін дамыту, балалардың ой-өрісін кеңейту.
Міндеттері:
- қоршаған орта құбылыстары, қоғамдық өмір және мамандықтар туралы ұғымдарды қалыптастыру;
- тілін және ойлауын , сөздікті белсенділендіру, дыбыстың дұрыс айтылуын дамыту;
- қарапайым құрылыстарды құрастыра білуге үйрету;
- қоршаған ортаны сақтау және оған жанашырлық қарым-қатынасты сіңіру.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері
Қоғамдық өмір құбылыстары
Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту. Еңбек және жекелеген еңбек әрекеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Заттардың қасиеттері мен кеңістік ортаны бағдарлау негізінде танымдық-практикалық дербестігін («Мен өзім») және көру-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру.
Өзі және жақын адамдарының туыстық байланыстары, жасы туралы жалпы ұғымдарын қалыптастыру.
Баланың заттарды, объектілерді және айналасындағы құбылыстарды зерттеу қызығушылығын ояту. Балаларды заттардың түсі, көлемі, олардың орналасуын ажыратуға; адамдар мен жануарлардың қимылдарына еліктеуге үйрету.
Балаларды үй тұрмысына қажетті заттарды бағдарлауға: заттарды және олардың қасиетін – қарапайым түрдегі пішінін, құрылысын, ашық түсін, көлемін танып, атауға үйрету. Заттардың бөлшектерінің атауларын (орындықтың аяғы, арқалығы, отырғышы) кейбір қасиеттерін (түсі, көлемі, пішіні), заттардың қолданылуын білу.
Табиғат ортасы
Өсімдіктер әлемі. Сыртқы түріне, түсіне, дәміне, атауы бойынша тану және танысу.
Ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді атау және ажырату, алаңдағы гүлдердің, шөптердің түстерін атай білуді қалыптастыру.
Жануарлар әлемі
Үй жануарлары мен оның төлдерін, аңдарды, құстарды атап, ажырату және оларға тән ерекшеліктерін атап көрсету.
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстарына қызығушылығы мен зейінділігін арттыру.
Тұрмыстағы, табиғаттағы судың қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.
Ауа райындағы және табиғаттағы өзгерістерді ажырату біліктерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |