Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру



бет44/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

2. Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
Кіші мектепке дейінгі жас балаларды тәрбиелеудің басты міндеті – балалардың эмоциялы-жағымды өзін-өзі сезінуін қамтамасыз ету, балалардың дербестігінің көріністерін мадақтау және қолдау, заттық-танымдық, ересектер әрекетімен бірлескен сезімдік тәжірибенің жинақталуы.
Кіші мектепке дейінгі жас кезеңі дене және психикалық дамудың жоғары қарқындылығымен сипатталады. Тәрбиешінің міндеті – дербестікке ұмтылуға қолдау көрсету, баланың дұрыс емес іс-әрекетін сынауға, оның өзіндік жеке күшіне деген сеніміне күмән келтіруге оның баяу және қолайсыз іс-әрекеттері себебіне шыдамайтындығын айтуға болмайды. Әрбір балаға өз жетістіктерінің артқандығын байқауға, іс-әрекетіндегі сәттілікті бастан кешіру қуанышын сезінуге көмектесу қажет.
Кіші мектепке дейінгі жастағы балалар – бұл алғашқы кезекте бақылаушылар емес «қайраткерлер». Сондықтан баланың балабақшада болуы оның әртүрлі іс-әрекеттерге қатысу мүмкіндігін алатындай етіп ұйымдастырылады. Кіші мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды қаныққан және әралуан үлгідегі іс-әрекеті барлық тәрбие міндеттерін шешу үшін негіз болып табылады.
Тікелей білім беру әрекеті балалардың іс-әрекетінің әр алуан түрлерін ұйымдастыру немесе жұмыс әдістері мен әр алуан түрлерін пайдалана отырып, оларды біріктіру арқылы іске асырылады, оны педагог балалар контингентіне, бағдарламаны игеру деңгейі мен нақты білім беру міндеттерін шешуге байланысты өз бетінше жүзеге асырады.


3.Тәрбие мен оқыту мазмұны және күтілетін нәтижелер
Тәрбиелеу-білім беру үдерісінің негізі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті болып табылады, ол «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларын кіріктіру шеңберінде жоспарланады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ІІ кіші топта бір аптада ұзақтығы 15-20 минуттан 11 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері жүргізіледі.
«Денсаулық» білім беру саласы
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:

  • дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты: қимыл белсенділігін дамыту, дене жаттығуларына қызығушылықты қалыптастыру.
Міндеттері:

  • денсаулықты нығайтуға әсер ететін: ептілік, төзімділік, икемділік, шапшаңдық, тепе-теңдік сақтайтын дене қасиеттерін дамыту;

  • жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеу қимылдың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

  • мәдени-гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу, салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет