Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет46/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

Күтілетін нәтижелер:

- аяқтарды тік ұстап тәрбиеші нұсқаған тура бағытты сақтай отырып жүре біледі;


- тепе-теңдікті сақтап, тәрбиеші нұсқаулығымен бағытты және жүгіру қарқынын өзгерте отырып жүгіре біледі;
- шектелген жазықтықта жүгіру мен жүру кезінде, заттарды аттап өту кезінде тепе-теңдікті сақтайды;
- төрт тағандап еңбектейді, баспалдақпен өрмелейді, гимнастикалық қабырға бойымен ерікті тәсілмен өрмелейді;
- екі аяқпен қуатты түрде секіреді, бір орнында тұрып 40 см ұзындыққа секіреді;
- 1,5 метр арақашықтықтағы берілген бағыттармен допты домалатады, допты екі қолмен көкіректен, бастан асыра лақтырады; доппен еденге соққы береді, оны жоғарыға қатарынан 2-3 рет лақтырып және қағып алады; заттарды оң және сол қолмен 5 метрден кем емес арақашықтыққа лақтырады.


Жалпы дамыту жаттығулары

Қол мен иыққа арналған жаттығулар


Біліктерді қалыптастыру:

  • қолды екі жаққа созып кезектестіріп екі қолды бір-бірлеп немесе екі қолды бірге жоғары көтеру, түсіру, заттармен және заттарсыз жаттығуларды орындай отырып, көтеру;

  • затты бір қолдан екінші қолға, арқасынан, бастан асыра өткізу, алдымен немесе бастан асыра, арқадан шапалақ ұру;

  • қолды алақандарын айналдырып жоғары көтеру, алға қарай, жан-жаққа созу, саусақтарды қимылдату, қол саусақтарын жұму және ашу.

Аяққа арналған жаттығулар
Біліктерді қалыптастыру:

  • аяқтың өкшесін көтеру, аяқтарды алға қою, жан-жаққа, артқа қою;

  • 2-3 рет қатарынан отырып-тұру, қолды алға ұстау, қолмен тізеге сүйену, қолмен тізені қамту және басты ию, аяқтарды кезектестіре көтеру, тізені ию;

  • құмы бар қапшықты отырып аяқ өкшелерімен қамту, таяқ, валик (диаметрі 6-8 см) бойымен қозғалу өкше ортасын тірек етіп, жан-жаққа нық қадам жасау.

Кеудеге арналған жаттығулар
Бір-біріне допты бастан асыра (алға және артқа) беру, оңға, солға бұрылу, қолды алға көтеру; солға, оңға, алға иілу, отырған күйінде затты артына беру, нық отырып аяқтарын өзіне тартып, малдас құрып отыру, созу; аяқты созып, тізені қолмен қамту, аяқтарды кезектестіре көтеру, оларды бір-бірінің үстіне қою (оң аяқты сол аяққа және керісінше), алға қарай отырған күйінде иіле білуді дамыту. Алға қарай иілу, тіземен тұру, арқамен жатып бір мезгілде екі аяқты алға көтеру, оларды түсіру; велосипед айдағанды елестететіп аяқтармен қозғалу; ішпен жатып аяқтарды бүгу және жазу (бір-бірлеп және бірге), арқадан ішке қарай және кері бағытта бұрылу, иықтарды бүгу және көтеру, қолды жан-жаққа жаю дағдыларын қалыптастыру.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау
Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктіліктерін қалыптастыру.
Сырғанау
Ересектердің сүйемелдеуімен мұз жолдың бойымен сырғанау шеберліктерін қалыптастыру.
Шаңғымен жүру
Шаңғыны кию және шешу, сырғанау қадамымен тегіс шаңғымен жүру және сырғанау дағдыларын қалыптастыру.
Велосипед тебу
Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын қалыптастыру.
Жүзуге дайындық
Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Дене шынықтырудағы балалардың бос уақытын ұзақтығы 15-20 минут айына 1 рет ұйымдастыру.
Дене шынықтыру мерекесі жылына 2 рет – жазда және қыста, ұзақтығы 20 минут.
Дене шынықтырудағы балалардың бос уақытын ұйымдастыру екі айда 1 рет, ұзақтығы 20 минут.
Дене шынықтыру мерекесі жылына екі рет (қысқы және жазғы), ұзақтығы 45 минут.
Денсаулық күні екі айда 1 рет, ұзақтығы 30 минут.
Өз бетінше қимыл әрекеті
Өз бетінше әрекет балалардың күн тәртібінде көлемді уақытты құрайды.
Бұл үшін ойынды дамытуға мүмкіндік беретін спорттық құралдармен жабдықталған қозғалыс ортасын құру қажет. Олардың ішінде кішкентай балалар үшін барынша қолжетімдісі- доп, құрсау, секірткіш (скакалка). Бірте-бірте балалар ойынына барынша күрделі дене шынықтыру жабдықтарын: скамейканы, баспалдақты, текшелерді енгізеді.
Әр алуан құралдар баланың қозғалысқа деген қызығушылығын тудырады, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытады. Балалардың қимылдық ойындарды өз бетінше ұйымдастыруы, серуендеу барысында игерілген қозғалу біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіруі үшін жағдайлар құру.
Өз бетінше қимыл әрекетіне қызығушылыққа қолдау көрсету, бар дене шынықтыру жабдықтары мен құралдарын пайдалануға ынталандыру.
Салыстырмалы, оңай және шапшаң шешілетін қозғалыс тапсырмаларын нақты қою біліктіліктерін дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет