Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет52/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

Экология негіздері
Өлі табиғат заттары мен құбылыстары
Жансыз табиғат туралы білімдерін қалыптастыру. Табиғат құбылыстарына қызығушылыққа тәрбиелеу. Ауа туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дағдыларды қалыптастыру:
- ауа райы жағдайын анықтау;
- табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау.
Өсімдіктер әлемі
Туған өлкенің бірқатар өсімдіктері, жемістер мен көкөністер туралы қарапайым ұғым-түсініктерді қалыптастыру.
Бөлме өсімдіктерінің түрлері, олардың айырмашылықтары туралы білімдерді қалыптастыру.
Жануарлар әлемі
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.
Жабайы жануарлар мен Қазақстан аумағын мекендейтін жануарлар туралы ұғымдарды қалыптастыру.
Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру. Табиғат бұрышын мекендеушілер мен қыстайтын құстарға мұқият қарым-қатынасқа тәрбиелеу.


Қоршаған ортамен таныстыру
Бала, оның жанұясы, үйі
Балаларды жанұя бейнеленген фотосуреттер мен қарапайым картиналарды қарауға, жанұя мүшелерін олардың іс-әрекеттерін атауға баулу.
Балаларды «Жанұя» мазмұнды-рөлдік ойынын ойнауға баулу. Балаларды ойын әрекетіне тарту: жанұя үшін бөлме жасақтау. Балаларды өз тәрбиешілерін, күтушілерін аты мен әкесінің аты бойынша атауға үйрету.
Заттық әлемді игеру, кеңістікті бағдарлау
Жақын маңайдағы заттарды қарастыру және зерттеу, шамасы, түсі, пішіні, детальдары мен бөлшектері бойынша ажырату мен атау, бірнеше сенсорлық белгілері бойынша топтастыру дағдыларын жетілдіру.
Заттарды дұрыс пайдалану, топтық бөлмені әрлеу және қазақ халқы мен басқа да халықтардың тұрмыстық заттарын дұрыс пайдалану біліктерін жетілдіру.
Заттарға мұқият қарым-қатынас, ойыншықтарды, кітаптарды, ыдыстарды дұрыс сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Көлік, байланыс құралдары
Жергілікті жағдайларды ескере отырып көлік құралдарын тану және атау дағдыларын қалыптастыру.
Ересектер еңбегі
Мектеп, жұмыс, бала-бақша қызметкерлері мен олардың міндеттемелері туралы, жануарлар мен құстарға күтім жасау бойынша ересектердің еңбегі туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру.
Еңбек әрекеттерін бөлісу және ересектер жұмысының жүйелі дағдыларын қалыптастыру.
Қазақстан – менің Отаным, ел рәміздері
Қала немесе балалардың тұратын қалашығы туралы білімдерін қалыптастыру.
Қазақстандағы үлкен жастағы адамдарға және балаларға қарым-қатынасы туралы білімдерін қалыптастыру.
Адамның тұратын мекен-жайы туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру.
Мәдениеттің қайнар көзіне, қазақ халқы мен Қазақстанда тұратын басқа халықтардың дәстүрлеріне баулу.
Жол қозғалысы ережелері
Бағдаршам белгісі, көшедегі жүріс тұрыстың қарапайым ережелері, өту бөлігі мен жүргінші жолы туралы білімдерін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет