Ожидаемые результаты:
умеет правильно произносить гласные звуки русского языка: а,о,у,е,е,и,ы,э,ю,я;
умеет составлять простые предложения;
-употребляет в речи имена существительные в форме единственного и множественного числа;
умеет слушать взрослых и понимает простую речь;
применяет необходимые слова и словосочетания при обыгрывании сказок;
слушает, понимает содержание сказки, запоминает образные слова;
умеет читать наизусть небольшие потешки и стихотворения при помощи взрослого, передавая свое отношение к содержанию;
знает о качестве, свойствах, различии, названии предметов на русском языке и их предназначение;
понимает простые вопросы и умеет правильно отвечать на них короткими предложениями на русском языке.
Күтілетін нәтижелер:
- дыбыстарды дұрыс айта біледі;
- сөйлеуде жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді қолданады;
- ересектермен диалог жүргізу, сұрақтарды тыңдай және түсіне біледі;
- ертегілерді ойнау кезінде қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
- ертегі мазмұнын түсінеді, тыңдайды, бейнелік сөздерді есте сақтайды;
- қысқа тақпақтар мен өлеңдерді ересектердің көмегімен мазмұнына өз қатынасын білдіре отырып жатқа айтады.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Тіл дамыту
Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
Мемлекеттік тілде халық ауыз әдебиеті шығармаларын тыңдау біліктерін бекіту.
Тіл дыбыстарын дұрыс айта білуді жетілдіру.
Артикуляциялық аппаратты ары қарай дамыту.
Сөздік жұмысы
Сөздерді мемлекеттік тілде дұрыс айту біліктерін қалыптастыру:
- жақын маңайдағы бірқатар заттардың: ойыншықтардың, қазақтың ұлттық ыдыстарының, жемістердің, жануарлардың атауларын білдіретін;
- көлемі, түсі бойынша зат белгілерін білдіретін;
- жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді, іс-әрекетті білдіретін сөздерді білу.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
Сөз тіркестері мен олардың қиысуын түсіну дағдыларын қалыптастыру (зат есім мен сын есім, зат есім мен етістік).
Екі, үш сөзден тұратын қарапайым сөйлемдерді түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Қарапайым сөйлемдерді пайдалана отырып, ауызша және жазбаша түрдегі қарапайым сұрақтар және оған жауаптар құрастыруды түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Қысқа өлеңдер мен әндерді ары қарай үйренуін қалыптастыру.
Ойыншықтарды, жемістерді, жақын маңайдағы заттарды ересектердің көрсетуі бойынша сипаттау біліктерін қалыптастыру.
Көркем әдебиет
Балаларға оқып беру және әңгімелеу.
Оқиғаны эмоционалды қабылдау, кейіпкерлерге қайғыруды жалғастыру, ертегіні баяндаудың бірқатар ерекшеліктерін байқау.
Өлең мен прозаны ажыратуға, көркем шығармаларда түрлі өмірлік құбылыстар: мереке, күлкілі және балалар өмірінен байыпты көріністер сипатталуы мүмкін екендігін түсінуге үйрету.
Таныс шығармаларға бағыттала білуді бекіту, оларды суреттер бойынша тану, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
Балаларға эмоциялы, түсініп, логикалық екпінді сақтап, сөзді айқын айтып, мәнерлі жатқа айтуға, халық әндері мен өлең рифмдерінің дұрыс берілуін; интонация мен қуанышты, таңдануды бере білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |