Күтілетін нәтижелер: - әр түрлі бағыттағы тура сызықтарды жүргізе біледі;
- қазақша ою-өрнек элементтерін және халықтық ойыншықтарды біледі, оларды бейнелей алады;
- қаламдарды, фломастерлерді, қылқаламды және бояуларды дұрыс пайдаланады;
- кішігірім саз кесектерін үлкен кесектерден ажыратады;
- алаққанмен тік бағытта және домалақтау қозғалыстарымен жұмыс жасайды;
- әр түрлі пішіндегі қағаздарды даяр үлгілермен безендіреді;
- дайын үлгілерден құралған зат бейнелерін қағаз бетінде құрастырады және оларды желімдейді;
- желімді пайдалана алады;
- материалдарды мұқият пайдаланады;
- музыкалық және шулы ойыншықтардың, балалар аспаптарының дыбысталу тембрін ажыратады;
- қарапайым би қозғалыстарын орындайды.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сурет салу Заттық сурет салу
Дағдыларды қалыптастыру:
төртбұрышты пішіндегі заттарды бейнелеу, оларды дөңгелек пішіндегілермен үйлестіру;
заттардың, құбылыстардың үлгілерін беру кезінде қол сүйектерінің әр түрлі бағыттағы қозғалыстарын дамыту;
Жануарлардың суретін салу дағдыларын жетілдіру.
Сәндік сурет салу
Бейнелеу іс-әрекетіне, халық шығармашылығы туындыларына қызығушылыққа тәрбиелеу. Қазақтың ою-өрнек элементтерін салу дағдыларын бекіту.
Дағдыларды қалыптастыру:
қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ сияқты түстерді ажырату және атай білу;
бормен асфальтқа, таяқпен құмға, жолаққа және бұрыштарға қазақ оюларының екі элементін салу;
сурет салудың дәстүрден тыс тәсілдерін игеру;
қаламды, таяқшаны, бояуды, гуашты пайдалану;
негізгі түстер мен олардың реңктерін пайдалану;
таяқшамен құмға, бормен асфальтқа сурет салу;
ойлағаны бойынша өз бетінше сурет салу, ұжымдық жұмыстарды орындау.
Мүсіндеу Заттық мүсіндеу
Бірнеше бөліктен тұратын қарапайым заттарды, жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Саздан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылығын қолдау.
Табиғи материалдардан мүсіндеу дағдыларын бекіту.
Мазмұнды мүсіндеу
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.
Сәндік мүсіндеу
Әшекей заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Ойы бойынша мүсіндеу
Ересектің көмегімен шығармашылық ойды дамыту.
Жапсыру Дағдыларды қалыптастыру:
заттардың орналасу заңдылықтарын, олардың арасындағы арақашықтықты сақтау;
қағазға қазақ ою-өрнегінің бірқатар элементтерінің әр түрлі пішіндерін орналастыру;
қылқаламға желімді мұқият жағу, дайын үлгілерді клеенкаға орналастыру, желім қалдықтарын сүрту үшін қолсүлгіні пайдалану;
табиғи материалдармен жұмыс жасау, олардан заттар құрастыру;
қағаз мүмкіндіктері туралы: жыртылады, бүлінеді, мыжылады ұғымдарын жетілдіру.
Мазмұнды жапсыру
Балаларға жалпы композицияны құрастыруға көмектесу.
Сәндік жапсыру
Ересектер даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастыру және желімдеу дағдыларын қалыптастыру.
Пішінін, түсі мен шамасын есепке ала отырып жазықтықтағы заттар мен ою-өрнектердің орналасу заңдылықтарын көрсету, геометриялық элементтерден ою-өрнек құрастыру.
Қазақы ою-өрнек элементтерін ортасында, шаршының бұрышында жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Ойы бойынша жапсыру
Тақырып таңдауға көмектесе отырып шығармашылық ойды дамыту.
Музыка Музыка тыңдау:
әуенді тыңдау, оны ересектердің орындауында және жазбадан тыңдау, музыкалық туынды қарқынын ажырату;
музыкалық туындыны эмоциялы қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Ән салу:
музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля алғашқы октавасы диапазонында ән салу, дыбыстарды жоғарылығы бойынша (октава шегінде) ажырату, оның басталуы мен аяқталуына жауап қайтару;
әуеннің әр түрлі бөліктерін ажырату;
динамикалық өзгермелі қозғалыс жасау, жалғыз өзі, сыңарымен бірге би қозғалыстарын орындау, жануарлардың қозғалыстарын келтіру;