Күтілетін нәтижелер:
- заттарды сол жақтан оң жаққа қарай оң қолмен орналастырады;
- екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, шамасы бойынша салыстырады, салыстыру кезінде беттестіру және қондыру тәсілдерін қолданады;
- дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді таниды;
- заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастырады;
- қоршаған маңайдағы бір немесе бірдей бірнеше заттарды табады;
- «таңертең», «кеш», «күн», «түн» сөздерінің мәнін түсінеді;
- құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін біледі және атайды;
- кірпіштерді, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастырады;
- қағаз бетінен пішін жасайды: мыжиды, жыртады, жұмарлайды;
- табиғатқа тән мерзімдік өзгерістерді ажыратады;
- табиғатқа мұқият қарым-қатынас көрсетеді;
- ағаштың, бөлме өсімдіктерінің, жемістер мен көкөністердің, үй жануарлары мен жабайы жануарлардың, құстардың, жәндіктердің 2-3 түрін таниды және атайды;
- табиғаттағы және ауа-райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды;
- көлік құралдарын таниды;
- бағдаршам сигналының мәнін түсінеді.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
«Көп», «біреу», «бір-бірден», «ешбір» ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру; екі тепе-тең немесе тепе-тең емес заттар тобын салыстыру; бір топтағы заттарды екінші топтағы заттарға біріктіру және жүйелі үстемелеу тәсілдерін пайдалану.
Көлем
Екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша біріктіру және үстемелеу жолымен салыстыру, заттарды шамасы бойынша салыстыру, беттестіру және қондыру дағдыларын бекіту.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндерді: дөңгелекті, төртбұрышты, үшбұрышты тану және атау, көру және сипап- сезу тәсілмен пішіндердің формаларын зерттеу дағдыларын бекіту.
Кеңістікті бағдарлау
Өз денесінің бөліктерінің орналасуын бағдарлау, өзіне тікелей жақындықтағы кеңістіктік бағыттарды анықтау дағдыларын бекіту.
Уақытты бағдарлау
Қарама-қарсы тәулік бөліктерін анықтау мен білу дағдыларын жетілдіру.
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан құрастыру
Құрылыс материалының негізгі бөлшектерін, олардың бөліктерін атау, оларды түсі, шамасы бойынша тану дағдыларын қалыптастыру. Құрылымды жоспарлау, оларды сюжетке біріктіру кезіндегі шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Қағаздан құрастыру
Қағаз беттерін көлемді пішіндерге қайта келтіру, конструкциялау тәсілдерін пайдалану дағдыларын жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |