Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет61/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

Күтілетін нәтижелер:
- мазмұнды рөлдік ойындағы күрделі емес оқиғаны ойластырады, рөлді таңдап, оны ойындағы құрдастарымен бірлесе отырып орындайды, ойында бірнеше өзара байланысқан іс-әрекеттерді орындайды;
- ойында табиғи және құрылыс материалдарын пайдаланады;
- қимылды ойындарда қарапайым ережелерді сақтай біледі, қозғалыстарды үйлестіреді, кеңістікте бағдарланады;
- қарапайым ережелерді, ойын әрекетін: тәрбиешінің белгісі бойынша іс-әрекетті бір мезгілде бастайды және аяқтайды, кезектесе әрекет жасауды орындайды.


Еңбек әрекетін ұйымдастыру
Мақсаты: кіші мектеп жасындағылардың еңбек дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау, еңбекке қызығушылыққа, еңбектену ниетіне тәрбиелеу.
Міндеттері:

  • ғимараттағы тәртіп пен тазалықты, балабақша ішіндегі тәртіп пен тазалықты сақтау, тәртіпке қолдау көрсететін ересектердің тапсырмаларын орындауға үйрету;

  • жауапкершілікті, табандылықты дамыту, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуін дамыту;

  • ересектерге назар аудару және көмек көрсетуге тәрбиелеу (тәрбиешіге, оның көмекшісіне, ата-анаға), еңбек нәтижелеріне сақтықпен қарым-қатынас жасауға, еңбек әрекетіне қатысу ниеті мен қызығушылыққа тәрбиелеу.

-балаларды ұнамдылыққа тәрбиелеу;
-киіміндегі ретсіздікті байқауға және оны ересектердің біршама көмегімен жоюға үйрету.
Шаруашылық-тұрмыстық еңбек
Қарапайым тапсырмаларды орындауға баулу. Жылдың екінші жартысынан бастап асханада кезекшілік ұйымдастыру, материалдарды ұйымдастырылған оқу белсенділігіне даярлауға үйрету сондай-ақ оларды жинауға, ойнап болғаннан кейін ойыншықтар мен құрылыс материалдарын орнына жинауға үйрету.
Табиғат бұрышындағы еңбек
Табиғат бұрышындағы еңбекке қатысуға ұмтылуға тәрбиелеу.
Табиғаттағы еңбек
Табиғаттағы еңбекке қатысуға тәрбиелеу, атап айтқанда: гүлдердің ірі тұқымдарын себу, бау-бақша дақылдарын егу; пияз, көкөністер отырғызу; өсімдіктерді суғару, көкөністерді жинау. Өз бөлігіндегі жапырақтарды, қоқыстарды жинауға үйрету, қыста жолдарды қардан тазалауға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет