Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет3/7
Дата13.06.2023
өлшемі34,85 Kb.
#100877
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Атаханов Б

Фиқһ ғылымының пайда болуы
Мұхаммед ﴾с.а.у﴿ Пайғамбарымыздың көзі тірісінде ешқандай шешімін таппаған діни мәселелер мен қайшылықтар болған емес. Өйткені, Алланың Елшісі ﴾с.а.у﴿ барлық мәселені өзі шешіп, пәтуә (фатуа) беріп отыратын.
Мұхаммед ﴾с.а.у﴿ Пайғамбарымыз дүниеден өткеннен кейін, түрлі діни қайшылықтар мен күрделі мәселелер пайда бола бастады. Оларды шешу үшін, Ислам әлемінде атақты ғалымдардың пәтуәларына (шешімдеріне) деген қажеттіліктер туды.Ирақ халқы Абдулла ибн Масғудтың ﴾р.а.﴿ пәтуәсымен амал ететін. Өйткені, Мұхаммед ﴾с.а.у﴿ Пайғамбарымыздың өзі көзі тірісінде: «Ибн Масғудтың айтқандарын бұлжытпай орындаңдар», - деп өсиет айтқан.[3]
Абдулла ибн Масғуд ﴾р.а.﴿ пен Әли ибн Әбу Тәліп Куфа қаласында шариғат жөнінде білім беретін оқу-ағарту орталығын ашады. Абдулла ибн Масғуд ﴾р.а.﴿ түрлі мәселелермен келген тұрғындарға пәтуә беретін еді. Абдулла ибн Масғуд ﴾р.а.﴿ мұсылмандарға Құран Кәрім мен хадистерден сабақ беріп, Әлқама ибн Кайс ﴾р.а.﴿ сияқты ғұлама дайындап шығарады. Абдулла ибн Масғуд ﴾р.а.﴿ дүниеден өткеннен кейін, Куфадағы оқу-ағарту орталығын Әлқама ибн Кайс ﴾р.а.﴿ басқарады. Одан кейін бұл білім ордасына «Ирактағы шариғат ілімінің маманы» атанған Ибраһим ән-Наһаъи, бұдан соң – Хаммад ибн Сүлеймен ﴾р.а.﴿ басшылық етеді.Жоғарыда айтып өткендей, ұстазы Хаммад ибн Сүлеймен ﴾t﴿ қайтыс болғаннан кейін, Әбу Ханифа 40 жасында Куфадағы оқу-ағарту орталығын басқарып, сол жерде 30 жыл ұстаз болып, фиқһ ғылымымен тереңірек шұғылдана бастайды. Осылайша, Әбу Ханифа фиқһ ғылымының негізін салып, Ханафи мәзһабын құрады. Әбу Ханифа Қасиетті Құран мен Мұхаммед ﴾р.а.﴿ Пайғамбарымыздың хадистеріне сүйене отырып, 69 мың күрделі мәселені шешуге пәтуә (фәтуа) шығарған. Ол заманда ешбір ғалым өз пәтуәларын қағазға түсірмеген еді. Алғашқы болып Исламға қатысты фиқһ пәтуәларын Әбу Ханифа өзінің «Фиқһ әл-акбар» атты еңбегінде түсіндірді.Әбу Ханифаның ісін шәкірттері – Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед жалғастырады. Олар Әбу Ханифаның пәтуәларын қағазға түсіріп, фиқһ саласын жетілдіріп, Ханафи мәзһабын бүкіл әлемге таратады.Фиқһ ілімінің дамуы жөнінде: «Фиқһ ілімінің дәнін Абдулла ибн Масғуд ﴾р.а.﴿ екті, Имам Әлқама ибн Кайс ﴾р.а.﴿ өніп шыққан егінді суарды, Ибраһим ән-Наһаъи ﴾р.а.﴿ піскен астықты жинады, Әбу Ханифа оны диірменге тартты, Имам Әбу Юсуф ұннан қамыр жасады, Имам Мұхаммед нан пісірді. Міне, барлық халық Имам Ағзам дайындаған ұннан жасалған нанды жеп келеді» деген дін ғұламалары.Әбу Ханифа фиқһ ілімін жан-жақты қалыптастырып, жүйе-жүйеге бөліп, фиқһ мәселелерін бірнеше баптарға бөлген. Ол фиқһ ілімінің негізін қалаумен қатар, өзінің ісін одан әрі жалғастыратын көптеген білімді ғалымдарды тәрбиелеген.Ханафи мазһабы - әлемде ең қөп таралған және әлем мұсылмандарының қолдауына ие болған мазһабтардың бірі. Ханафи мазһабын басқаша «әһлу әр-Рай» ақыл пайым мазһабы деп те атайды. Бұл танымал төрт мазһабтың ішіндегі ең алғашқысы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет