Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет4/7
Дата13.06.2023
өлшемі34,85 Kb.
#100877
1   2   3   4   5   6   7
Ханафи мәзһабының ерекшеліктері
«Мәзһаб» деген сөздің екі мағынасы бар. Оның тілдік мағынасы – «жол, жүріс-тұрыс, әрекет ету», ал шариғи мағынасы – «мектеп, ілім, діни ғылым». Ислам дінінде «аһлу сүннә уә жамаъа» болып есептелінетін Ханафи, Шафиғи, Малики және Ханбали деп аталатын төрт мәзһаб бар.Бүкіл әлем халқының төрттен бірі мұсылман болса, солардың 48 пайызы Ханафи мәзһабында. Негізінен Ханафи мәзһабын тоғызыншы ғасырдан бастап Үндістан, Қытай, Индонезия, Пәкістан, Ауғанстан, Түркия, Ресей, Кауказ, Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары ұстанады.Әбу Ханифа өзінің пәтуә шығару тәсілін: «Ең бірінші Құраннан үкім көрсем соны аламын. Құраннан таппасам, Пайғамбардың хадистері мен сүннеттеріне қараймын. Пайғамбардың хадистері мен сүннеттерінен таппасам, бірлесе отырып ортақ келісіммен шығарылған сахабалардың үкімдерін аламын. Олардың арасында тартыс болған болса немесе біреулері келісімге келсе, олардың арасынан жөн көргенімді қабылдап, жөн көрмегендерімді теріске шығарамын» деп түсіндірген. Әбу Ханифа өз уақытының көпшілігін пікірталаспен өткізетін болған. Ол қисын (логика) және философия ілімін жақсы білгендіктен, харижиттердің ибадия, суфрия, харижия секілді ағымдарының өкілдерімен әдейі кездесіп, оларды адасу жолында жүргендіктерін мойындататын.Әбу Ханифа өзіне қойылатын сансыз сауалдарға шариғат талаптарына сәйкес жауап беру үшін, ижтихад (тұжырым) жасайтын болған. Оның фиқһ тармақтарына қатысты жасаған ижтихадтарының көптігі сонша, кейбіреулер оның санының милионнан асып кететінін айтады. Әбу Ханифаның сабақ жүргізу тәсілі ерекше болған. Бір жағынан, бұрынғы өтіп кеткен жағдайларға байланысты үкімдерді (пәтуәларды) талқылап түсіндіріп жатса, екінші жағынан, болып жатқан оқиғаларға қандай үкімдер шығарылуы керектігі жөнінде айтылатын. Осы екі мәселеге (өтіп кеткен және болып жатқан жағдайларға) байланысты пәтуәларды талдау барысында болашақта болуы мүмкін мәселелердің де шешімін табуға тырысатын. Осылайша, Әбу Ханифа шәкірттердің ойлау қабілеттерін арттыра отырып, фиқһтың негізгі қағидаларын өмірдегі нақты мәселелерді шешумен түсіндіретін еді. Әбу Ханифа мен оның шәкірттерінің кез келген мәселелерді шешудегі жинақталған фиқһтық тәжірибелері сол бойда қағазға түсірілетін. Әбу Ханифа кейбір мәселелерді «Фиқһ академиясы» және «Кодификация тобы» деп аталатын, қырық адамнан тұратын арнайы топтың талқысына салатын. Бұл топқа басқа шәкірттер мен халықтың қатысуына рұқсат берілмеген. Қырық адамның әрқайсының көзқарасы бүге-шігесіне дейін талқыланғаннан кейін ғана үкім шығарылып, жазбаша бекітілетін. Осылайша Ханафи фиқһының үкімдері жинақталатын. Әбу Ханифаның білім мәжілістерінде кез келген мәселенің шешіміне қатысты пікірлер талқыланғанда, шәкірттер әуелі түрлі пікірлер айтып, оларға тиісті жауаптар берілетін. Шәкірттер Әбу Ханифаның да жауабын тыңдайтын. Көбінесе Әбу Ханифаның көзқарасы көпшіліктің көзқарасына сәйкес келетін. Муаффақ әл-Мекки деген ғалым: «Әбу Ханифа мәзһабы тек өзінің көзқарасынан ғана тұрмайды, ол шура (кеңесу) негізінде құрылған».Осы мәселеге байланысты Зәхид әл-Кәусәрий деген ғалым: «Әбу Ханифа өзінің мәзһабын шәкірттерімен ақылдасып-кеңесу арқылы қалып-тастырған. Ол (діни мәселелерде) ешқашан шәкірттерінің пікірлеріне құлақ аспай, өз білгенімен үкім шығарған емес. Бұл оның дінде ижтихад жасау және Аллаға, Елшісіне және мүміндерге ерекше шынайылық таныту жолын ұстанғандығын білдіреді. Ол діндегі көптеген түйінді мәселелерді ортаға салып, шәкірттерінің пікірін тыңдап, өзінің көзқарасын айтып, бір ай көлемінде немесе одан да көп уақыт бойы бір тұжырымға келгенше олармен ой бөлісетін еді. Соңында шәкірті Әбу Юсуф түйіні шешілген мәселені әдіснамаға енгізіп қоятын. Осылайша, ол әдіснаманы толық хатқа түсіреді. Әрине, бұл мәзһаб (жол, ұстаным) негізін бір ғана адам қалаған, соның ғана көзқарасына құрылған мәзһабқа қарағанда ақиқатқа ең жақын және көңілге қонымдысы» деген. Әбу Ханифа дамытқан керемет әдістемесі, қыруар еңбегі мен ижтихады кез келген мәселенің түйінін тарқатып, соның нәтижесінде жинақтаған фиқһ мәліметтері арқылы мұсылмандардың ғибадаттары мен басқа да амалдарын Ислам рухына сай атқаруына мүмкіндік беретін сара жол салып кетті. Әбу Ханифа қияс әдісін жиі қолданатын. Өйткені, ол фиқһтық мәселелерді әр түрлі қырынан талқылап, орын алған жағдайлармен қатар, болашақта болуы мүмкін мәселелерді де талқылап, ижтихад жасайтын. Осылайша, Әбу Ханифа қиясты белгілі бір жүйеге салып, реттей отырып, халыққа дұрыс бағыт сілтеп, жол көрсету үшін болашақта болуы мүмкін деген мәселелердің шешімін табуға тырысатын. Себебі, Ирак халқы кез келген мәселе туындаған жағдайда үнсіз қалғанды қаламайтын және сол мәселенің шариғат шарттарына сәйкес шешілуін талап ететін. Үш мазһабтың имамы имам Шафи, имам Малик, имам Ибн Ханбал өздерін имам Ағзамның шәкірттеріміз деп есептеген. Мұсылмандардың арасында кең тараған мазһаб - Ханафи мазһабы. Тоғызыншы ғасырдан бастап, қысқа мерзім ішінде Ханафи мазһабы Анатолия, Балқан, Солтүстік Кавказ, Еділ аймағы, Орта Азия, Қытай, Үндістан, Ауғанстан төңірегіне және Индонезия аралдарына тараған. Әрі Ханафи мазһабын Алтын Орда хандары, Ұлы Моғолдар және Осман сұлтандары ұстанған. Қазіргі уақытта Ханафи мазһабын ұстанушылар саны жүз миллионнан астам.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет