2- Орнатқан фиқһ ережелері.
3- Мемлекет тарапынан қолдау жасалған. Аббиситтер, Салжұқтар, Ғазнауилер, Осман халифаттары кезінде мемлекет ісінің негізгі бөлігі ханафи мазһабына сүйенді.
4- Ханафи мазһабы басқа мазһабтарға қарағанда жеңіл әрі негіздері берік.
Жоғарыдағы аталған мәліметтерден байқағанымыздай Ханафи мазһабының негізі ұлық пайғамбарымыз ﴾с.а.у﴿ мадақтаған дәуірге қайтады. Исламның бірінші ғасырында дүниеге келген, сахабалардың көзін көрген Әбу Ханифа ибн ән-Нұғманнан бастау алады. Бұл ұлы тізбек еш үзілместен біздің заманымызға дейін көптеген мүжтаһид ғалымдардың еңбектерімен жеткен орасан зор ауқымды ғылыми қор болып табылады. Сол себепті Ханафи мазһабы деп айтылғанда ол тек Әбу Ханифаның ғана ижтиһады емес, он ғасырдан астам өмір сүрген ғалымдардың еңбектерінің жиынтығы. Ақыл есі дұрыс, санасы ояу әрбір мұсылман өзінің діни ұстанымында беріктілік, сенімділік болғанын қалайды. Бұл жерде он ғасырлық фиқһ базасы бар, жүздеген мужтаһид ғалымдардың еңбегі жиналған ислам мемлекетінің ресми мазһабы болған жолды таңдаған дұрыс па, әлде бір ғасырдан асар аспас шашыраңқы негізі бар күмәнді ислам әлеміне белгісіз тұлғалардың негізін ұстанған дұрыс па?! Әлбетте, дұрыс сана бірінші жолды ұстанары анық, өйткені ол жолды сан ғасырлар бабаларымыз ұстанып келді.
Географиялық таралуы. Ханафи мазһабы мазһаб ретінде Куфа қаласында дүниеге келді. Һижраның төртінші ғасырында мазһаб кеңінен тарала бастады. Сол уақыттағы Иемен аймағында Сана қаласында, Ирактың көптеген фиқһ ғалымдары, қазылары, Сирия аймағы ғалымдарының басым бөлігі ханафи мазһабын ұстанған. Одан кейінгі уақыттарда Орта Азия, Хорасан, Иран, Солтүстік Индия жерлерінде тарады. Кейінгі ғасырларда Армения, Әзербайжан елдеріне жайылды. Қазіргі уақытта ханафи мазһабы Түркия, Албания, Косово, Босния, Пәкістанның, Бангладештің, Ресейдегі, Қытайдағы мұсылмандардың ұстанатын жолы.Мазһаб ресми түрде Аббасилердің кезінде, атап айтқанда халиф Һарун Рашидтің кезінде Абу Ханифаның ұлы шәкірттерінің бірі Мухаммад Юсуфтың кезінде қазылардың қазысы болып тағайындалып, сол кездегі әлемде ең үлкен мемлекет Аббасия халифатының үкім жүйесіне Ханафи мазһабының негіздері кірген болатын. Ханафи мазһабы Аюбилердің, Салжұқтардың кезінде де ресми мазһаб болып бекітілді. Алты жүз жыл ислам әлемін басқарған Осман халифаты кезінде барлық уәләяттарда қазылар ханафи мазһабының ғалымдары болды.
Пайғамбардан кейін пайда болған қайшылықтар мен мәселелерді шешу үшін атақты ислам ғалымдарының шешімдеріне қажеттіліктер туды. Ешкім өз үкімдерін қағазға түсірмеген еді. Алғашқы болып исламға қатысты фиқхтық үкімдерді Әбу Ханифа өзінің «Фиқх әл-акбар» атты еңбегінде түсіндірді. Негізінен бұл еңбек қалам, ақидаға арналып жазылған. Осы еңбекке 15-тен астам түсіндірме (шарх) жазылған. Мысалы, соның бірі «Али ал-Қаридың (1605) жазған «ал-Манхаж-ул Азхар» атты еңбегі, 1900 ж. Ташкентте қайта басылған. Сол дәуірде исламда шыққан алғашқы мәселелердің бірі көсем-басшы төңірегінде болды. Яғни төрт халифаның бірінің бірінен ұлық болғандығының немесе халифалық дәрежеге ие емес деген пікірлердің төңірегінде болды. Одан кейінгі мәселе Құранның, Пайғамбардың сүннеттерінің кейінгі мұсылмандар тарапынан қолданылып, қолданылмауы мәселесі еді. Одан кейінгі тағы бір мәселе Шиа мазхабының көзқарастары болды. Яғни олардың сахабаларды күнәкар деп есептеуі, алғашқы үш көсем халифаларды кәпір деп ойлауы секілді тұжырымдары. Бұдан басқа да харижиттер және мутазила секілді мазхабтардың көзқарастары исламның тоқырауына себеп болды. Әбу Ханифаның «Фиқх әл-Әкбар» еңбегінде жоғарыда айтылған мәселелер қарастырылды. Бұл еңбектегі тұжырымдар көптеген мұсылмандар тарапынан қолдау тапты.Ұстазы Хаммад бин Әби Сулейман ал-Куфи, алғаш фиқх мектебінде «рай» методын ұстанған ғұлама. Әбу Шибли Алкама бин Абдуллаһ ал-Куфи де Ибн Масғұдтың шәкірті, Әбу ханифаның ұстаздарының бірі. Ибн Масғұдтан басқа, Хз.Омар, Осман, Али, Айша, Салман ал-Фариси, Әбу-д Дарда, Хузайра, ал-Ашари сияқты сахабалардан хадис жаттаған тұлға. Әбу Ханифа Қасиетті Құран мен Мұхаммед ﴾р.а.﴿ Пайғамбарымыздың хадистеріне сүйене отырып, 69 мың күрделі мәселені шешуге пәтуә (фәтуа) шығарған. Ол заманда ешбір ғалым өз пәтуәларын қағазға түсірмеген еді. Алғашқы болып Исламға қатысты фиқһ пәтуәларын Әбу Ханифа өзінің «Фиқһ әл-акбар» атты еңбегінде түсіндірді.Әбу Ханифаның ісін шәкірттері – Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед жалғастырады. Олар Әбу Ханифаның пәтуәларын қағазға түсіріп, фиқһ саласын жетілдіріп, Ханафи мәзһабын бүкіл әлемге таратады. Фиқһ ілімінің дамуы жөнінде: «Фиқһ ілімінің дәнін Абдулла ибн Масғуд ﴾р.а.﴿ екті, Имам Әлқама ибн Кайс ﴾р.а.﴿ өніп шыққан егінді суарды, Ибраһим ән-Наһаъи ﴾р.а.﴿ піскен астықты жинады, Әбу Ханифа оны диірменге тартты, Имам Әбу Юсуф ұннан қамыр жасады, Имам Мұхаммед нан пісірді. Міне, барлық халық Имам Ағзам дайындаған ұннан жасалған нанды жеп келеді» деген дін ғұламалары.Әбу Ханифа фиқһ ілімін жан-жақты қалыптастырып, жүйе-жүйеге бөліп, фиқһ мәселелерін бірнеше баптарға бөлген. Ол фиқһ ілімінің негізін қалаумен қатар, өзінің ісін одан әрі жалғастыратын көптеген білімді ғалымдарды тәрбиелеген.Оның қалыптастырған фиқһтық жүйесін мұсылмандар бірауыздан қабылдаған.