Ханафи мазһабы келесі негіздерге сүйенді: 1- Құран кәрім. Ханафи мазһабында Құран кәрім ең бірінші исламның қайнар көзі, өйткені Құрандағы әрбір аят, әрбір әріпте ешбір күмән жоқ. Құран кәрімнің үкімін бір жолмен келген сахих хадис жоя алмайды, тек мутауатир, (жамағаттың риуаят етуі арқылы) хадис қана Құран үкімін жоя алады.
2- Пайғамбарымыздың ﴾с.а.у﴿ сүннеті. Имам Әбу Ханифаның ұстанымы бойынша сүннет бір деңгейде емес. Пайғамбарымыздың ﴾с.а.у﴿ қаули (сөз) арқылы жеткен сүннеті әрекет арқылы жеткет фиғли (іс-әрекетпен) сүнеттен үстемірек, өйткен фиғли сүннеттер тек пайғамбарымызға ﴾с.а.у﴿ қатысты болуы мүмкін. Ахад хадиске мутауатир хадис қайшы келсе, онымен амал жасалынбайды. Сол секілді Құран мен хадистерден алынған шариғи қағидаларға хадис ахад қарама-қайшы келсе, негізге алынбайды
3- Ижмағ.Бұл Пайғамбарымыздан ﴾с.а.у﴿ кейін белгілі бір уақытта мужтаһид ғалымдардың бір шариғи үкімде келісуі. Абу Ханифада ижмағ шариғи дәлел.
4- Сахабалардың шариғи үкімдері. 5- Қияс — Ислам фиқһында кең таралған ұқсастық бойынша (аналогия) үкім шығару әдісі. Мұсылман ғалымдарының арасында қияс Құран,Сүннет және ижмағтан кейінгі орын алады. Алайда, қиястың рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері бар. Тыйым салынған түрлеріне біреудің Құран мен Сүннеттен дәлелі болып тұрып қияс арқылы үкім шығаруы жатады.
6- Истихсан. Жоғарыдағы негіздерде үкім табылмаса истихсан үкімі жүреді. Бұл бір затты екінші заттан қарағанда жақсы деп тану немесе бір мәселеде келген дәледердің арасынан күштірегін таңдау.
7- Әдет-ғұрып. Егер белгілі бір қауымда ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтының нәтижесінде туындаған әдет-ғұрыптары Құранға, хадиске қайшы келмесе қабылданады. Бұл жөнінде ең алғаш рет Ибн Масғут айтқан болатын: «Мұсылмандар жақсы көрген нәрсе ол Алла тарапында да жақсы». Егер Құран аяттарына, хадистерге қайшы келсе ол әдет қабылданбайды.
Ханафи мазһабының кең таралу себептері: 1- Шәкірттерінің көптігінің арқасында оның берген пәтуалары кең көлемде бүкіл әлемге жайыла бастады.