Кіріспе кезеңі
5 мин
Сабақтың басы 10 минут
Сабақтың ортасы
20 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу: Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
-Қане, балалар, «Күншуақ» ойынын
ойнайық.
-Балалар, бүгін көңіл-күйлерің қандай?
-Бір-біріңе қарап, қасыңдағы досыңа күншуақтан беріп жақсы жылы сөздер
айтыңдар.
-Жақсы, рахмет.
Мәтінді тыңда.
Менің отбасым үлкен.Отбасымда бес адам бар.Олар :әкем,шешем,ағам,әпкем және мен.Менің әкем дәрігер.Ол балаларды емдейді Анам мұғалім,мектепте жұмыс істейді.Ағам суретші.Ол әдемі сурет салады.Әпкем аспаз.Ол тамақ пісіреді.
Мәтінде кімдер туралы айтылған?
Дұрыс айтасыңдар мамандықтар туралы айтылған.Қыздыру жаттығуларынан бастайық:
ІІ. Артикуляциялық жаттығуларымызды орындап
“Күрекше” жаттығуы
«Саңырауқұлақ» жаттығуы
«Күркетауық» жаттығуы
«Әткеншек» жаттығуы
Балалар қараңдар тұрақта әртүрлі ойыншық машина түрлері орналасқан.
ІІІ. «Ж» дыбысының жеке артикуляциясымен жұмыс.
Тақтадағы профильге назар аударайық. «Ж» дыбысының профилін еске түсірейік.
Ж дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген, бірақ төмпешікке тимейді
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.
Дауыс перделері жабық. Дауыс бар
ІV. «Ж» дыбысын сөз тіркесінде машықтандыру.
1.Сөздерді оқы мағынасына қарай сызықпен қос сөз тіркесін құра
Жасыл желек
Жазғы жайылым
Кішкентай қонжық
Жылы жейде
Жаңбыр жауды
Жүйрік жорға
Жалт жұлт
Жылт жылт
Жаманнан жирен
Жұмыс жасады
Жүгері жеді
Мәтінмен жұмыс. Берілген өлең шумақтарын оқы,
1.Еңбек десе ерінеді
-Ол кім?
- Жалқау.
Жанжал десе, кіжінеді.
- Ол кім?
- Сотқар.
2.Жазғы дала,
Жазғы таң.
Жасыл шалғын,
Жасыл маң.
«Ж» дыбысы бар сөздерді астын сыз, дәптеріңе жаз.
«Ойлан, тап»ойыны Сұрақтарға сай суреттерді сәйкестендір
|
Шеңбер бойына тұрып орындайды.
Бір-біріне «күншуағын» беріп жылы сөз айтады.
Мәтінде отбасы және оларды мамандықтары туралы айтылған.
Оқушылар мұғалім үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығуларды орындайды.
Ж дыбысын профиль бойынша қарап, дұрыс айтады.
Сөздерді оқиды, сөз тіркесін құрап, қайталайды
Ж дыбысы бар сөздердің астын сызады, дәптеріне жазады.
Кестеге суреттерді сәйкестендіреді. Сөйлем құрайды
|
|
Мамандықтар суреті
Айна
Артикуляциялық жаттығу суреттері
Кеспе сөздер
Заттық суреттер
Өлең шумақтары
Мамандықтар, олардың құралдарының суреттері
|