Кіріспе кезеңі
5 мин
Сабақтың басы 10 минут
Сабақтың ортасы
20 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу: Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. «Жылулық шеңбері.»
Дос болайық бәріміз,
Әрқашан дос,біргеміз
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті ,
Еңбекті сүйіңдер.
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Қалдарын қалай? Бүгін біздің сабақта көлік түрлерімен танысып, оларды ажыратуға үйренеміз. Олай болса біз қазір көліктер тұрағына (гараж) барамыз, ол үшін біз тілімізді жаттықтырып алайық. Мына бағдаршамның көздерінде тұрған жаттығуларды менің артымнан қайталаңдар.
ІІ. Артикуляциялық жаттығулар
“Күрекше” жаттығуы
«Саңырауқұлақ» жаттығуы
«Күркетауық» жаттығуы
«Әткеншек» жаттығуы
Балалар қараңдар тұрақта әртүрлі ойыншық машина түрлері орналасқан.
ІІІ. «Ж» дыбысының жеке артикуляциясымен жұмыс.
Тақтадағы профильге назар аударайық. «Ж» дыбысының профилін еске түсірейік.
Ж дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген, бірақ төмпешікке тимейді
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.
Дауыс перделері жабық. Дауыс бар
|