Сабақтың ортасы
20 минут
|
ІІІ. «Ж» дыбысының жеке артикуляциясымен жұмыс.
Т ақтадағы профильге назар аударайық. «Ж» дыбысының профилін еске түсірейік.
Ж дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген, бірақ төмпешікке тимейді
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.
Дауыс перделері жабық. Дауыс бар
ІV. «Ж» дыбысын байланыстырып сөйлеу тілінде машықтандыру.
С урет бойынша сөйлем құраймыз. Ж дыбысы кездесетін адам аттарын пайдаланамыз
Тірек сөздер: Жанар, Жарас, Жомарт, Жалғас, Жазира, Жайна, Жантөре, Жомарт
Сергіту сәті. «Қара жорға» биінің бейнеролигі экраннан қосылады
Дәптермен жұмыс. «Гимнастикалық ойын»
Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрап жаз.
1.Мектепте, спорттан, біздің, жарыс, өтті.
2. Барлық, қатысты, оған, оқушылар.
3. Футбол, біздің, ойнады, ойынын, команда, жақсы.
|
Ж дыбысын профиль бойынша қарап, дұрыс айтады.
Оқушылар байланыстырып сөйлем құрайды
Оқушылар қимыл-қозғалыстарын қайталай отырып билейді.
Оқушылар сөйлем құрайды. Дәптерге жазады.
|
|
Сюжетті суреттер
Қара жорға биінің музыкасы
|