Дыбыстарды таңбалармен белгілеу. Дәптерге сөздерді көшіріп жаз.
шілік – жілік шүмек – жүйек
Әшім - әжім шұға – жұға
Кішіні – кіжіну шұнақ – жұрнақ
ІV. Ш-Ж дыбыстарын сөйлемдерде ажырату
Мұқият тыңда! Ш-Ж дыбыстарын қадағалап, сөйлемдерді оқы:
Жағалауда шағалалар ұшып жүр. Шалқар жалқау жігіт. Шешесі Жексенге ойыншық қонжық сыйлады. Бақта жиде мен шие көп екен. Талшын Жарқынмен қалжыңдасты. Әшім нағашымның бетін әжім басыпты. Апам шайға дастарқан жайды. Әжем қою шайды ұнатады. Үйдің мржасынан түтін шығып тұр. Қатты шаршаған Жамалдың ойнауға мұршасы болмады. Жарас Шәріпті ұрып жықты. Шал үйден шықты.
V.Дыбыстық талдау мен жинақтау бойынша жұмыс. Жұмбақтарды тыңда. Жауабын тап, ш-ж дыбысары бар сөздерді атап шық.
Жолбарыстан аумайды,
Пеш түбінде аунайды. (Мысық)
Шелектеп құйсаң да су жұқпас. (Үйрек)
Бұл жиһаз ағаштан жасалған,
Ішіне киім іліп, көйлектер тақталған. (Шифоньер)
Тик-так, тик-так,
Тұр-тұр, жат-жат,
Деп әмір береді,
Шаршамай жүреді. (Сағат)
Сөзжұмбақты шеш! Сөз жұмбақтағы зат есімдерді пайдаланып сөйлем құра!
Ш-Ж дыбысын профиль бойынша қарап, дұрыс айтады.
Оқушылар Ш-Ж дыбыстарын ажырата отырып сөз тіркестерін дәптерге жазады.
Ш-Ж дыбыстарын қадағалап сөйлемдерді оқиды.
Ш-Ж дыбыстары кездесетін сөздердің атап шығады.
Сөзжұмбақты шешеді. Сөйлем құрайды
|
|
Ш-Ж дыбысын профиль суреті
Сөзжұмбақ
|
Сабақтың соңы
|
VІ. Қорытынды
Кері байланыс ретінде берілген ағашқа алма қойып шықсаңдар. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
|
|
|
Алма суреті
|
Үйге тапсырма
|
Ш-Ж дыбыстарының артикуляциялық профильдеріне қарап дыбыстарды қайталау
|
|
|
|