ІV. Фонематикалық қабылдауын дамыту
Келесі кезекте «Әке» суретінің тапсырмасын көрейік
Ойын барысы:
Логопед оқушыларға жасыл түсті жалаулар таратып береді. Ж дыбысын естігенде жасыл түсті жалауды көтеруі қажет.
Балалар сендер жасыл түсті жалауды көтергенде қандай дыбысты естідіңдер?
«Қате сөзді тап» ойыны. Мақсаты: фонематикалық естуі мен қабылдауын дамыту, «Ж» дыбысын естіп қабылдау, талдау процесін қалыптастыру.
Ойын шарты:логопед кезекпен сөздер айтады. Қате айтылған сөзді естігенде оқушылар шапалақтайды.
(засыл, жақ, Занар, жайна, жүк, зылқы т.б. )
V. Логикалық тапсырмалар
Келесі кезекте «Ана» суретінің тапсырмасын көрейік. Анамыз бізге логикалық тапсырмалар легін әзірлеп қойыпты. Балалар тапсырманы бірге мұқият орындайық
Мақсаты: Ойлаудың жылдамдығы мен зейінді дамыту.
Нұсқау: Балалар шеңбер бойына отырады. Мұғалім допты лақтырар алдында, жекеше түрдегі бір отбасы мүшесі атауын білдіретін сөзді айтады, ал балалар оны көпше түрге ауыстырулары қажет.
Нұсқаудағы сөздер: әке, ана, тәте, көке, аға, сіңлі, немере, шөбере, іні, қарындас, ата, апа, әже, құда, бауыр, жиен, жеңге, жезде.
«Бала» суретінің тапсырмасын көрейік.
Мазмұны: Әр оқушыға 2 суреттен беріледі. Оқушылар берілген суреттер бойынша байланыстырып сөйлем құрауы қажет.
Суреттер: әке+көлік, ана+үтік, аға+велосипед, тәте+дәрі, бала+алма ағашы, бөпе+ойыншық, әже+тоқыма жіп, ата+балға
VІ.Шежіре ағашын толық жинадық. Олай болса арық қарай сабағымызды пысықтап артикуляциялық жаттығуларымызды қайта қайталайық.
“ Күрекше” жаттығуы
« Саңырауқұлақ» жаттығуы
« Дәмді тосап жаттығуы»
« Күркетауық» жаттығуы
« Әткеншек» жаттығуы
|
Оқушы тақтаға шығып әке суретін алып артын көреді.
Балалар «Ж» дыбысы бар сөзді естігенде сәйкесінше жалауды көтереді
-Ж дыбысы деп айтады
«Ж» дыбысы қате айтылған сөзді естігенде оқушылар шапалақтайды
Оқушы тақтаға шығып ана суретін алып артын көреді.
Оқушылар допты алған бойда жылдам берілген сөзді көпше түрге айналдырып допты ары қарай береді.
Оқушы тақтаға шығып бала суретін алып артын көреді.
Оқушы суреттерді байланыстыра отырып сөйлем құрауы қажет. Әкем бүгін жұмысына көлікпен кетті. Анам таңертеңгісін менің киімдерімді үтіктеп берді.
Оқушылар мұғалім үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығуларды орындайды.
Жаттығуды үлгі бойынша дұрыс орындайды.
|
|
Әке суреті
жасыл түсті жалау
Ана суреті
Доп
Бала суреті
|