Кіріспе кезеңі
5 мин
Сабақтың басы 10 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу:
Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. Қызығушылықты ояту.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Сабаққа зер салайық,
Бәрін ұғып алайық!
Ал енді,
ІІ. Артикуляциялық жаттығуларды орындайық.
“ Күрекше” жаттығуы
«Саңырауқұлақ» жаттығуы
« Дәмді тосап жаттығуы»
« Күркетауық» жаттығуы
« Әткеншек» жаттығуы
|
Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа зейін қояды.
.
Оқушылар мұғалім үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығуларды орындайды.
Жаттығуды үлгі бойынша дұрыс орындайды.
|
|
Артикуляциялық жаттығу суреттері
|
Сабақтың ортасы
20 минут
|
ІІІ. «Ш-Ж» дыбыстарының артикуляцияларындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау және оларға сипаттама беру. Тақтадағы профильге назар аударайық Ш-Ж дыбысарының профильдерін еске түсірейік.
«Ж» дыбысының профилі
|
«Ш» дыбысының профилі
|
|
|
Ж дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген, бірақ төмпешікке тимейді
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.
Дауыс перделері жабық. Дауыс бар
|
Ш дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген, бірақ төмпешікке тимейді
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.
Дауыс перделері ашық. Дауыс жоқ
|
Дыбыстарды таңбалармен белгілеу.
«Сақшы» ойыны. Мұғалім буындар қатарын оқиды, оқушылар естіген буында жазады:
Тірек буындар:
Ша – жа шо – жо шы – жы шұ – жұ шу – жу
Шә - жә шө - жө ші – жі шү – жү ше – же
ІV. Ш-Ж дыбыстарын сөздерде ажырату.
Мұқият тыңда! Ш-Ж дыбыстарын қадағалап, қайтала!
Жасыл шелек,
Жазғы шалқан
Кішкентай қонжық
Шолақ жейде
Жүйрік Шубартай
Шалғайдағы жұмыс
V.Дыбыстық талдау мен жинақтау бойынша жұмыс. Буындар қатарынан «Ш» дыбысы бар сөзді естігенде бір рет, «Ж» дыбысы бар сөзді естігенде екі рет қол шапалақта!
құшақ – құжат Шәкен – Жәкен шақ- жақ
шала – жала қашады – қажады шат – жат
шара – жара шақты – жақты шал – жар шатыр – жатыр мұрша – мұржа
шапалақ – жапалақ
шоқ – жоқ шөрнек – жөнрек шыр – жыр
шолақ – жолақ шөлдеді – жөндеді
шалпылдап – жалпылдап
Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Сурет бойынша шағын сөз тіркесін құра!
|
Ш-Ж дыбысын профиль бойынша қарап, дұрыс айтады.
Оқушылар Ш-Ж дыбыстарын ажырата отырып буындарды дәптерге жазады.
Ш-Ж дыбыстарын қадағалап, қайталайды.
Сәйкес дыбысты естігенде қол шапалақтайды.
Оқушылар сурет бойынша сөз тіркесін құрайды. құрайды
|
|
Ш-Ж дыбысын профиль суреті
Ш-Ж дыбыстары бар сурет
|