Дыбыстарды таңбалармен белгілеу. Дәптерге сөздерді көшіріп жаз.
Шу – жу шен – жең өшеді - өжет
Шулады – жумады шеке – жеке көше – көже
Ішу – інжу әшекей - әжей көшет – көжек
ІV. Ш-Ж дыбыстарын сөйлемдерде ажырату
Мұқият тыңда! Ш-Ж дыбыстарын қадағалап, сөйлемдерді оқы:
Қонжықтардың шомылуы.
Күн жылы болатын. Аю екі қонжығын ертіп, өзен жағасына келді. Аю қонжықтарын шомылдыра бастады. Қонжықтар судан қорқып, қаша жөнелді. Аю оларды қуып жетіп, желкелеп әкеліп, суға итерді. Алғашқыда қонжықтар ашуланып еді. Кейін оларға жуынған ұнап қалды. Олар су шашып, арпалысып көп ойнады.
Шолпанның әжесі.
Шолпанның әжесі бар. Әжесі Шолпанға шәлі тоқыды. Шәлі жылы әрі жұмсақ болды. Шолпан шәліні басына тартты. Шәлі оған жараса кетті. Шолпан қуанып, әжесіне рақмет айтты.
V.Дыбыстық талдау мен жинақтау бойынша жұмыс. Жаңылтпаштарды қайтала. «Ш-Ж» дыбыстарын қадағала.
1.Шілікті шаптым,
Жілікті астым.
Шілікті жақтым,
Жілікті шақтым.
2.Көже пісті.
Көжені неше кісі ішті?
Неше кесе ішті?
3.Шежіреші кісі шежіре айтты,
Ішіндегі шежіресін шешіле айтты.
4.Жиекте шие өсіпті,
Шие қасына ши өсіпті,
Бірақ шие жиі өсіпті.
5.Ұшқыш жақсы ма?
Үш құс жақсы ма?
Ұшқыш та жақсы.
Үш құс та жақсы.
|
Ш-Ж дыбысын профиль бойынша қарап, дұрыс айтады.
Оқушылар Ш-Ж дыбыстарын ажырата отырып сөздерді дәптерге жазады.
Ш-Ж дыбыстарын қадағалап сөйлемдерді оқиды.
Ш-Ж дыбыстары кездесетін сөздердің атап шығады.
|
|