Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өткен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласын жетілдіру туралы» тақырыбындағы



бет3/6
Дата10.12.2023
өлшемі36,51 Kb.
#136068
1   2   3   4   5   6
3. Әділет министрлігі:
3.1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға тұрақты негізде әдіснамалық, консультациялық және практикалық көмек көрсетсін.
3.2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында құқық қолдану практикасын жинақтауды жүргізсін, жинақтау нәтижелерін жұмыста одан әрі пайдалану және бұзушылықтарды болғызбау мақсаттарында шаралар қабылдау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберсін.
3.3. Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігіндегі жылжымайтын мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыру кезінде зайыбының (жұбайының) жазбаша келісімін ұсыну бөлігінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында құжаттардың тізбесін толықтырсын.
3.4. Архив материалдарын сақтау және тіркеушілерді орналастыру үшін бұрын аумақтық әділет бөлімшелері пайдаланған үй-жайларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға беру мәселесін пысықтасын (77% әділет қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға ауысты).
3.5. Жылжымайтын мүлікке құқықтардың белгіленуіне, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкелетін медиация туралы келісімдерге қойылатын талаптарды айқындасын, сондай-ақ осындай келісімдерді мемлекеттік тіркеу мәселелерін пысықтасын.


4. Әділет министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсаттарында қаржылық мониторинг субъектілерінің қатарына тіркеуші органдарды қосу туралы мәселені пысықтасын.


5. Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп:
5.1. нотариустарға өздері куәландырған мәмілелер бойынша құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі өкілеттіктерді беру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет