Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өткен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласын жетілдіру туралы» тақырыбындағы



бет5/6
Дата10.12.2023
өлшемі36,51 Kb.
#136068
1   2   3   4   5   6
6.9. сот органдарына «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорына өзгерістер енгізу құқығынсыз қолжетімділік беру туралы мәселені пысықтасын;
6.10. жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу рәсіміне блокчейн технологиясын енгізу туралы мәселені пысықтасын;
6.11. жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын электрондық тіркеу мүмкіндігімен сот органдары ақпараттық жүйелерінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорымен интеграциясын қамтамасыз етсін;
6.12. сот органдарының, адвокаттардың, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушылардың «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорына қашықтан қол жеткізуін қамтамасыз етсін;
6.13. жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырсын;
6.14. басқа нотариусты немесе тіркеушіні осы жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты басталған іс-әрекет туралы ескерту үшін нотариаттық іс-әрекеттер жасауды бастау кезінде «жылжымайтын мүлікті бұғаттау» мүмкіндігін енгізу мәселесін пысықтасын;
7. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Әділет министрлігімен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МЖК ААЖ) мен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорындағы дәлсіздіктерді, қателерді, анық емес деректерді жоюды қамтамасыз етсін.


8. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жұмыскерлеріне арналған талаптарды, оның ішінде тіркеуші лауазымына қабылданатын кандидаттарды міндетті арнайы тексеру жөніндегі талаптар тізбесін пысықтасын.


9. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен, Әділет министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:
9.1. қала құрылысы құжаттамасын (пайдалануға қабылдау актісі) автоматты түрде қалыптастыру үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараттық жүйесін (МҚК ААЖ) жергілікті атқарушы органдардың (Е-Халық) және Әділетминінің (ЖМТ МДҚ) ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз етсін;
9.2. объектіні пайдалануға қабылдау актісін ресімдеу және «бір өтініш» қағидаты бойынша жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты мемлекеттік тіркеу жөніндегі мәселені пысықтасын;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет