Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өткен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласын жетілдіру туралы» тақырыбындағы


«Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша бизнес-процесті оңтайландыруды қамтамасыз етсін; 9.4



бет6/6
Дата10.12.2023
өлшемі36,51 Kb.
#136068
1   2   3   4   5   6
9.3. «Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша бизнес-процесті оңтайландыруды қамтамасыз етсін;
9.4. Мемлекеттік корпорация мен сәулет органдары арасындағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарды қабылдау кезінде объектіні пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып тексеру рәсімінің электрондық өзара іс-қимыл жасау тетігін пысықтасын.


10. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:
10.1. жылжымайтын мүлікті қайта жоспарлау тірек және қоршау конструкцияларын қозғамайтын жағдайларда, қайта жоспарлауға рұқсат алу қажеттігін алып тастасын;
10.2. коммуналдық меншік объектілерін жеке пайдаланушы ұйымдарға берудің, сондай-ақ оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің тәртібі мен шарттарын әзірлесін.


11. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ:
11.1. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың бірыңғай тізілімінде қамтылған мәліметтерді тиісті емес адамдарға беруге жол бермеу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейту арқылы азаматтардың дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
11.2. жылжымайтын мүлікке техникалық паспорттың электрондық нұсқасын дайындау тетігін пысықтасын;
11.3. мәліметтерді жаңадан салынған жылжымайтын мүлік объектілеріне арналған құқықтық кадастрға енгізу жөніндегі қызмет пен жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуді бір жерге біріктіру мәселесін пысықтасын;
11.4. кепілді тіркеу жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелері бойынша екінші деңгейдегі банктердің барлық кепіл шарттарын тіркейтін электрондық форматқа ауыстыру туралы мәселені пысықтасын;
11.5. жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге арналған құжаттарды қабылдау сатысында электрондық архивті толықтыру жөніндегі мәселені пысықтасын. Сканерлеу жөніндегі жұмыс шеңберінде нақты іске асыру мерзімдерін айқындай отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлесін;
11.6. мүлікті тіркеуге арналған құжаттар не жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу (тіркеуді жою) жөніндегі өтініш түскен кезде құқық белгілейтін құжатта көрсетілген жылжымайтын мүліктің барлық меншік иелерін хабардар ету туралы мәселені пысықтасын;
11.7. мыналар:
- құжаттарды қабылдау және нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру рәсімдерін оңайлату;
- азаматтардың құқықтарын құқық бұзушылардың қол сұғушылығынан қорғаудың сенімділігін қамтамасыз ету;
- тіркеуді жүзеге асыру кезінде сапалы құқықтық сараптаманы қамтамасыз ету, заңдар мен заңға тәуелді актілердің нормаларына сілтеме жасай отырып, құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеуден бас тартудың нақты негіздерін көрсету;
- фронт-офистер мен бэк-офистер толық автоматтандырылғанға дейін олардың өзара іс-қимыл жасауы кезіндегі ішкі процестердің жеделдігін ұйымдастыру;
- «электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның байланысын барынша азайту;
- электрондық форматта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің санын, сондай-ақ оларды ұсынудың техникалық мүмкіндіктерін ұлғайту;
- тіркеушілерді кәсіби оқыту және біліктілігін үнемі арттыру;
- сөзбұйдалықты болғызбау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жүйелі негізде арттырсын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет