Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата19.01.2017
өлшемі17,75 Mb.
#2200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

КӨПЕС ВАНЮШИН ҮЙІ
Ванюшин деген көпеске тиесілі болған бұл ғимарат 19 
ғасырдың екінші жартысында салынған.
Үш  қабаттан  тұратын  бұл  ғимаратттың  кірпіштен 
қаланған жертөлесі бар. Шатыры металдан. Үй шығыстық 
(қасбеті)  және  солтүстік  жағы  сол  уақытқа  сай  бейнелі 
қаланған. Үйдің  артқы бөлігі тегіс қаланған. Төбесі шығыс 
үлгісіне  тән  ағаш  айдаршалары  бар  шатыр  тәрізді.  Бұл 
қаламыздағы  19  ғасырдың  екінші  жартысында  шығыс 
архитектурасының  ұлттық  үлгісінде  салынған  ең  ерек-
ше  ғимарат  болып  есептелінеді.  (негізде  -  1888  жыл 
көрсетілген сурет).
1917  жылға  дейін  бұл  жерде  облыстың  бірінші 
басқармасы  жұмыс  істеді.  Ұлы  Отан  соғысы  жылда-
рында  Одесса  қаласынан  көшіп  келген  жаяу  әскери 
училищесі орналасқан. Ұлы Отан соғысынан кейін мұнда 
ауыл  шаруашылық  техникумы  орналасты.  1984  жылдың  
қазанында  ауылшаруашылық  техникумының  ғимараты 
пионерлер сарайына берілді. Бүгінгі таңда бұл ғимаратта 
№38 жалпы білім беретін қазақ мектебі орналасқан. 
«Бұл  ғимаратта  1937-1940  жж.  Қазақстанның  халық 
жазушысы Жұбан Молдағалиев оқыған» деген жазуы бар 
мемориалдық ескерткіш қойылған.
Ғимарат  тарихи  және  архитектуралық  ескерткіші 
ретінде мемлекеттік қорғауға алынған.
ТУХВАТУЛЛИНДЕР ҮЙІ
Бір  қабатты  (жартылай  жертөле  қабатымен)  ақ  пиля-
стралары бар қызыл кірпішті үй, аражабындары ағаштан, 
шатыры  –  металдан  жасалған.  Бұл  үй  демократиялық 
әдебиеттің  негізін  қалаушы  Ғабдолла  Тоқайдың  инте-
лектуалды  дамуы  мен  сана  сезіміне  көп  ықпал  тигізген 
Тухватуллиндер отбасына тиесілі болған. Ғ.Тоқай 12 жыл 
оралда тұрған уақытта Тухватуллиндер отбасымен тығыз 
байланыста  болған  және  олардың  бай  кітапханасын 
пайдаланған.  К.  Тухватуллин  алғашқы  рет  оралда  та-
тар  тілінде  газеттер  мен  журналдар  ббасып  шығарды. 
Революциялық  бағыттағы  «Фикер»  («Мысль»)  -  газеті, 
«Уклар»  («Стрелы»)  –  сатиралық  журналы.  Басылымның 
үзіліссіз  шығуына  бар  күш  жігерін  салған  Ғ.Тоқай  көп 
кешікпей газет пен журналдардың редакторы болады.
Камиль  Тухватуллин  газет  пен  журналдарын  басып 
шығаруға  тиым  салған  соң  Қазан  қаласына  кетіп,  бірінші 
татар кәсіби әншісі болады. 1976 жылы үйдің қабырғасына 
мемориалдық  тақта  орнатылды.  Қазіргі  уақытта  ғимаратта 
Ғ.Тоқадың мұражайы орны тепкен. Ғимарат тарих және ар-
хитектура ескерткіші ретінде мемлекеттік қорғауға алынған. 

66
О
блыс орталығы-Орал қаласының 
төрт ғасырдан астам тарихы бар. 
Кең пейілді ашық және қонақжай 
қала Жайық өзенінің бойында 
орналасқан. «Жайық» өзенінің атауына келетін 
болсақ, ол жалпы түркі тілдеріндегі  «кеңінен 
жайылып ағатын» деген мағынаны білдіреді. 
Ежелден Еділ мен Жайықтың ортасы мен 
төңірегі көне қалалардан кенде болмаған. 
Сондықтан «Бұл өңірде ешқандай өркениет 
болмаған» деген  пікірлердің  негізсіз екенін 
бүгінде археология ғылымы дәлелдеп отыр.  
Шығыс пен Батысты жалғастырар ең қысқа 
жолдың нақ түйіскен жерінде орналасқан Орал 
қаласы  Жайық өзенінің оң жақ жағасы мен 
Шаған өзені құйылысының сағасында негізі 
қаланған. Қала  Жайық қалашығы деп аталған.   
Музей қорында ежелгі қала орнынан табылған 
заттар: тас кірпіштер, шығыр құмыралар бар.  
Бұл заттарды зерделей келе, ғалымдар шартты 
түрде «Жайық 
қалашығы» 
деп аталатын 
көне қорымда 
орта ғасырларда шамаман 2,5-3 мың адам 
өмір сүргенін айтып отыр. Қала Алтын Орда 
мемлекетінің тұсында әкімшілік және сауда 
орталығы болған. Қалада монша, базар 
және некрополь салынған. Әсіресе, керемет 
кесене болғаны анықталып отыр. Ол өзінің 
сәулеті жөнінен Ұлытау аймағындағы аты 
әйгілі Жошы ханның кесенесіне ұқсас болса 
керек. Алтын Орда құлағаннан кейін 
 Ж АЙЫҚ 
ҚА ЛАШЫҒЫНЫҢ ДА  ҚУАТЫ КЕМИ 
БАСТАҒАН. КҮШТІ МЕМЛЕКЕТ ЖОҒА ЛҒАН 
СОҢ, ҚА ЛА ҮСТІНЕН ӨТЕТІН КЕРУЕНДЕР 
ДЕ СИРЕГЕН. ҒА ЛЫМДАРДЫҢ ПІКІРІНШЕ 
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚА ЛАНЫҢ ҚҰРЫП 
КЕТУІНІҢ ДӘЛ СЕБЕБІН ТАП БАСЫП АЙТУ 
ҚИЫН.  
ХІІІ-ХҮ ғасырлар қалашығы.  Орал қаласынан 
12 км жерде орналасқан. 2001 жылы «Ақсай-
Үлкен Шаған- Атырау» құбыржелісі бойын 
тексеру барысыда табылды. 2005 жылы 
АТАМҰРА
 ЖАЙЫҚ 
ҚА ЛАШЫҒЫ

67
Батыс Қазақстан облысы
қалашыққа «Жайық» 
атауы берілді. Енді, осы 
археологиялық зерттеу 
жұмыстары жүргізіліп 
жатқан қала туралы тарихи 
жазба деректер бар ма? 
Бұл үшін алдымен XIV-XV 
ғғ. тиісті картографиялық 
материалдарды 
қарағанымыз мақұл. 
Алтын Орда мемлекеті 
туралы жанжақты 
мағлұмат беретін 1367 
ж. ағайынды итальяндық 
көпестер Франциско 
және Доменико Пицигани 
жасаған картасы біздің 
ескерткішімізге қатысты өте 
бағалы мағлұмат береді. 
Бұл деректе «Лаэти»дің 
(Еділ мен Жайықтың 
ортасында, Каспийдің 
жағасында орналасқан 
қала) шығысында жазумен 
және бір қала көрсетілген. 
Ол жерден солтүстікке 
екінші мекен орынның 
мұнарасында жалауы 
желбіреген бекініс-қамал 
белгіленген. Өкінішке 
орай бұл мекеннің аты 
жазылмаған. Біріншіден 
– қазіргі Орал мен 
Атырау қалаларының 
арасында Сарайшықтан 
басқа ірі ескерткіш әлі 
табылған жоқ, ал біздің 
Жайық қалашығы дәл осы 
орталықта жайласқан. 
Екінші – жоғарыда атап 
кеткеніміздей, Жайық 
қалашығы аумағынан 
бірнеше құрылыс 
материалдарын өндіретін 
нысаналар табылды, 
егер қала құрылысына 
құрылыс материалдары 
қажет болмаса бұндай 

68
нысаналар салынбайтын еді, бұл экономиканың 
заңы. Сондай-ақ, және бір дәлел ретінде 
тарихи деректі айтып өтсек болады.  1562 
ж. ағылшын капитаны Антони Дженкинсон 
Мәскеуден Үргеніш қаласына дейін сауда 
мақсатында сапарға барған. Бұл сапарынан соң 
ол жүріп өткен жерлерін картаға түсірген. Оның 
жасаған картасынан  Сарайшықтан жоғарыда 
кішкене белгімен Жайық өзенінің оң жағында  
–  Шакафни (Shakafni) атымен қала берілген. 
Бұл деректе жазылған қаланың аты бізің 
ескерткішімізге тиісті деген болжам жасауға 
болады. Дженкинсон өзі жүріп өткен жерлердің 
аттарын жергілікті адамдардан жазып алған. Бұл 
жерде аудармашының қателігі немесе жазып 
алған кезде ағылшын транскрипциясында қала 
атауы бұрмаланып берілген болуы ықтимал,  
мұндай құбылыс тарихта өте көп кездеседі. 
Мүмкін Шакафни жергілікті халық арасында 
сол кезде Шаған деп аталуы мүмкін. Ең 
қызықтысы Шаган (Чаган) деп  Жайық өзенінің 
бір саласы осы күнге дейін аталады.
ҚА ЛАШЫҚ АШЫЛҒАН ЖЫЛДАРЫ, 
ЯҒНИ 2002-2005 ЖЫЛДАРЫ 
АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 
Ә.МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ 
ИНСТИТУ ТЫ, ТАРИХ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯ 
ОРТА ЛЫҒЫНЫҢ ҒА ЛЫМДАРЫМЕН 
БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП ЖҮРГІЗІЛДІ. Қалашық 
аймағында бірнеші тұрғын, қоғамдық 
және шаруашылық нысандары болғандығы 
анықталды. Бұлар- кірпіш күйдіргіш пештер, 
монша, тұрғын үй-жайы, кесене.
Кірпіш күйдіретін пеш. Пеш қалдығының  
орнын қазу шұңқырының көлемі 10х10м. 
Тазарту жұмыстарынан соң, тік бұрыш пішінді 
кірпіш күйдіргіш жағу камерасы сақталғаны 
айқын болды. Пештің ішкі көлемдері: 
ұзындығы 490 см, ені 325 см, биіктігі 180 
см. Қабырғалары саз балшықты кірпіштен 
тұрғызылған. Кірпіш көлемдері: 30х30х8 см. 
Осындай кірпіш күйдіретін қондырғылар 
Еділ маңы және Орал аймағындағы 
алтынорда қалаларына Орта Азиядан келген 
болатын. Сонымен қатар, өзге де құрлыс 
технологиялары, әдет-ғұрыптар, жаңа кезең 
бойы барлық аймақтарға еніп, таралды. Пеш- 
кірпіштерді, жылтыр тақтамаларды, үлкен 
ыдыстарды (хумдар) күйдіруге арналған. 
Ж А ЛПЫ ХА ЛЫҚ ТҰТЫНАТЫН 
ҚҰРЛЫСТЫҢ БІРІ-«ШЫҒЫС МОНШАСЫ-
ХАММАМ», БОЛҒАН, ОЛ ҚА ЛА 
ОРТАСЫНДА ОРНА ЛАСҚАН. МОНША 
ҚА ЛДЫҒЫ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖЕР 
ДЕҢГЕЙІНЕН 1,5-1,7 М ТЕРЕҢДІКТЕН 
ТАБЫЛДЫ.  
«Кіші тұрғын-жай» мекенінің орнын тазалау 
жұмыстарынан соң, үй-жайды былайша 
суреттеуге болады. Үй-жайдың адамдар тұруға 
арналған бөлігі өз алдына бөлек құрлыс түрінде, 
жобасына қарай 2 бірдей бөлмеден тұрады, 
бөлмелер бір-бірінен күрделі қабырғалармен 
бөлінген (қабырға қалыңдығы 0,8 м) Мекен-
жайдың шығу есігі- солтүстік қабырғада 
АТАМҰРА

69
Батыс Қазақстан облысы
орналасқан. Орталық қабырғаны бойлай орналасқан 
есіктер арқылы тұрғын бөлмелерге өтуге болады. Бөлмелер 
жылытылған. Тұрғын бөлмелердің айналасында қосымша 
шағын бөлмелер орналасқан, олар заттар қоятын бөлмелер, 
қоймалар болғаны айқын. Мекен-жайдың ауқымды 
ауласы және аула ішінде шаруашылыққа арналған жайлар 
орналасқан. 
Қалашықтан 1,5 км жерде кесене бар. Анағұрлым 
танымал ескерткіштер- екі кесене. Біріншісі- екі камералы 
немесе «кіші» кесене жоғарғы тап өкіліне тән. Құрлыс 
және қаптау материалдары жергілікті жерде өндірілген. 
ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы барлық алтынорда құрлыстарына 
тән төрт бұрыш пішінді, күйдірілген, 24х24х5 см өлшемді 
кірпіштерден қаланған. 
2002-2003 жылдары екінші «Үлкен кесене» қазылды. 
Кесене екікамералы қарсы бағытты жазық-ості жоба 
түрінде және мөлшері де қомақты- 
12,85х19,5 м. Кесене үстінде, 
көлемдері әртүрлі күмбез болғанға 
ұқсайды, олардың өзіндік табандарға 
және өтпелі қондырғыларға 
орнатылған. Күмбездер көк жылтыр 
қаптамалармен көмкерілген. 
Кесененің алдыңғы беті орталық 
кең қуысты монументальды портал 
түрінде дайындалған.
Кесененің ішкі бөлігі 
алтын жалатылған көк түсті 
қаптамамен,полихромды жазбамен 
безендірілген. Бірінші бөлменің 
көлемі 4,4х4,4 м. Асылы, бұл жерде 
көбіне Құран сүрелері оқылған 
болуы керек. Негізгі бөлмеде 11 
жерлеу орыны табылды, олардың 
көлемі 8,8х8,8 м.
2012 жылы археологиялық 
зерттеу жұмыстары кезінде кірпіш 
пен әк тас күйдіретін пештердің 
қалдықтары табылып зерттелді. 
Пештің сақталған көлемдері: 
ұзындығы 476 см, ені 360 см, 
биіктігі 120-150 см. Қабырғалары 
кірпіштен тұрғызылған. Кірпіштердің 
көлемдері: 30х25х6; 30х30х6 
см. Осындай кірпіш күйдіретін 
қондырғылар Еділ маңы және Жайық 
өңіріндегі Алтын Орда дәуіріне 
тиісті қалаларына Орта Азиядан келгендігін ғылымдар 
тұжырымдайды. Кірпіш күйдіретін пештен батыс бағытта 
50 метр-дей жерде әк-тас күйдіретін пештің қалдығы 
табылды.  Жайық пеші цилиндр пішінді болып, 250 см-
лік тереңдегі шұңқырға кірпіштерден тіктелген. Қазіргі 
таңда 13 қатар кірпіш сақталған. 
АРХЕОЛОГТАРДЫҢ 
ПІКІРІ БОЙЫНША, «Ж АЙЫҚ» ҚА ЛАШЫҒЫ ҚАЗІРГІ 
ОРА Л ҚА ЛАСЫНЫҢ АРҒЫ ШЫҚҚАН ТЕГІ БОЛЫП 
ТАБЫЛАДЫ. «Ж АЙЫҚ» ҚА ЛАШЫҒЫНЫҢ ТАБЫЛУЫ, 
ОСЫ АЙМАҚТА Х ҒАСЫРДАН БАСТАП ҚА ЛА 
МӘДЕНИЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛҒАНДЫҒЫН, ОРТА ҒАСЫР 
АВТОРЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ХХ ҒАСЫР ҒА ЛЫМДАРЫНЫҢ 
ЕҢБЕКТЕРІ ДӘЛЕЛДЕЙДІ. СОНДЫҚТАН ДА, АТА ЛҒАН 
ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ СОНДА, БІЗДІҢ 
АЙМАҚТА ЯЙЦК ҚА ЛАШЫҒЫНАН ДА КӨНЕ ҚА ЛА 
БОЛҒАНДЫҒЫНЫҢ  ТІКЕЛЕЙ ДӘЛЕЛІ.

70
Мерейлі отбасы –
 
ұлттың тірегі!
«Отан  отбасынан  басталады»  дегендей,  отба-
сы  құндылығы,  тәрбие  мәселесі  әр  заманда  да  өзекті 
болған  және  бола  да  бермек.    Осыған  орай  елімізде 
өнегелі  құндылықтарды  жаңғыртуға  және  отбасы  мен 
некенің  жағымды  үлгісін  таратуға,  отбасы  мәртебесін 
жоғарылатуға  бағытталған  «Мерейлі  отбасы»  ұлттық 
байқауы  2013  жылы  Елбасы  Жарлығымен  бастау  алып, 
Қазақстанның  әр  аймағында  жыл  сайын  өткізіліп 
келеді.  Батыс  Қазақстан  облысында  ұйымдастырылып, 
өткізілген  «Мерейлі  отбасы»  байқауының  қорытындысы 
облыс  тұрғындары  арасында  мерейі  тасыған  мерейлі 
отбасылардың  аз  еместігіне  көз  жеткізді.  Біздің  бүгінгі 
әңгімемізге арқау болатын Сабыр Мұрат Бөкенбайұлының 
отбасы 2015 жылы аталған байқаудың облыстың кезеңінде 
екінші орынды иеленген.   
Мұрат  ағаның  отбасында    қазақы  дәстүр  мен  руха-
ни  құндылықтар,  өзара  сыйластық  пен  ұрпақ  тәрбиесі 
жоғары  орынға  қойылған.  Айрандай  ұйыған  отбасының 

71
Батыс Қазақстан облысы
отағасы  Мұрат  Бөкенбайұлы 
мен отанасы Ғалия Камалқызы 
ана  тіліміздің  жанашырла-
ры, тіл тұғырын көкке көтеріп 
жүрген  тіл  мамандары.  Ғалия 
Камалқызы  №1  орта  мек-
тепте  қазақ  тілі  мен  әде биеті 
пәнінің мұғалімі болса, Мұрат 
Бөкенбайұлы  бар  ғұмырын 
ғылымға  арнап  келе  жатқан 
түркітанушы, тілші-ғалым. 
Филоло гия ғылымдарының 
докторы,  профессор  Мұрат 
Бөкенбайұлы  2004  жылы 
Қазақстан Республикасы білім 
беру  ісінің  үздік  қызметкері 
атағына  қол  жеткізсе,    ҚР 
Білім және ғылым министрлігі 
ұйымдастырған  «Жоғары  оқу 
ор нының  үздік  оқытушысы» 
бай қауының  бір  емес,  екі 
мәрте  же ңімпазы  (2007,  2012 
ж.) атанды. Мемлекеттен алған 
грантын 
лингвистиканың 
ашылмаған  қырларын  зерт-
теуге,  тілта ну мәселесіне ар-
нады.
2009-2011 
жылдарға 
жоспарланған  іргелі  ғылыми 
зерттеулер  аясында  «Түркілік  рухани  мұра  –  әлемдік 
өркениеттің  құрамдас  бөлігі»  ғылыми  жобасы  бой-
ынша  жеңіске  қол  жеткізді.  Қазақстан  халықтары 
Ассамблеясының  15  жылдығына  орай  Жайық  өңірінің 
өскелең  ұрпағының  Қазақстандық  патриотизм  және 
төзімділік  бағытындағы  тәрбие  ісіне  қосқан  үлесі  үшін 
Батыс  Қазақстан  облысының  әкімі  Б.Ізмұхамбетовтің 
алғысхатымен,  2012  жылы  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат 
министрлігі  Тіл  комитеті  Қазақстан  халқы  тілдерінің  ХІV 
республикалық  фестиваліне  орай  мемлекеттік  тіл  саяса-
тын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін алғысхатпен, 2014 
жылы  Батыс  Қазақстан  тілдерді  дамыту  басқармасының 
ұйымдастыруымен өткізілген «Тіл мен тілші» байқауында 
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. 
Батыс 
Қазақ стан 
инженерлік-гуманитарлық 
университетінде  халықаралық  және  ғылыми  істер 
жөніндегі  проректор  қызметін  атқарып,  әрі  дәріс  беріп, 
талай шәкіртті талмай шыңдап жүрген ғалым – 5 моногра-
фия, 6 оқу құралы, 200-ден астам ғылы ми мақалалардың 
авторы. 
Мерейі  асқан  Сабырлар  отбасының  ұстанымдары: 
ақыл, білім, ғылым, өнер, мінезді тірек етіп, салауатты өмір 
салты арқылы табысқа жету. Ең бастысы, Елбасы ұсынған 
интеллектуалды ұлт тәрбиесіне үлес қосу.
Қоғамның  жас  ұрпағын  тәрбиелеу  ісіне  өз  үлестерін 
қосып келе жатқан Мұрат ағай пен Ғалия апай өздерінің 
«шағын мемлекетінде» 3 бала тәрбиелеп отырған  ата-ана.  
Шаңырақтың тұңғышы Арайлым  Жәңгір хан атындағы Ба-
тыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Стан-
дарттау  және  сертификаттау,  метрология»  мамандығы 
бойынша бітіріп, бүгінде техникалық реттеу және метро-
логия комитетінде қызмет етеді.  Егіз ұлдары  Ерасыл мен 
Нұрасыл  -  мектептің  үздік  оқушылары.  Музыкаға  бейімі 
бар  ұлдар    №1  Орал  қалалық  музыка  мектебін  бітірген.  
Өнегелі жанұяда зиялы ата-ананың тәрбиесін көріп өскен 
бұл  балалар  ел  ертеңінің  асыл  азаматтары  деуге  әбден 
лайық. 
Өзгелерге  үлгі  бола  білген  Сабырлар  отбасының  ба-
сты  мақсаты  -  жаһандану  дәуірінде  жас  ұрпақ  санасына  
ұлттық құндылықтарымызды орнықтырып, заман талабы-
на сай бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы мақсатты 
жүзеге  асыруда  бұл  отбасының  алдағы  уақытта  әлі  де 
іргелі істердің ұйытқысы болып, талай жас жанұяға өнеге 
көрсетері сөзсіз!

72
ШЕСТИДЕСЯТЫЕ ГОДЫ 
ПРОШЛОГО СТОЛЕТИЯ В 
ИСТОРИИ ОСТА ЛИСЬ, КАК 
ВРЕМЕНА ГЛОБА ЛЬНЫХ 
ПЕРЕМЕН, ПЕРИОД СТРЕМЛЕНИЯ 
К ИНТЕЛЛЕКТУА ЛЬНОМУ  
РАЗВИТИЮ И ТЕХНИЧЕСКОМУ 
ПРОГРЕССУ ВСЕГО 
ЧЕЛОВЕЧЕСТВА. И В ТО ЖЕ ВРЕМЯ 
ЭТО БЫЛИ ВРЕМЕНА, КОГДА 
ПОНЯТИЕ «ЧЕЛОВЕК ТРУДА»БЫЛО 
НЕ ПРОСТО ПАФОСОМ, А ЯРКИМ 
ПОЗИТИВНЫМ ОБРАЗОМ 
СОВРЕМЕННОГО ЧЕЛОВЕКА 
ТОЙ ЭПОХИ.
 В отличии нашего 
времени, когда почти все хотят стать 
топ-менеджерами, бизнесменами 
и чиновниками, в  ту пору престижными считались те 
профессии, которые были более доступны для масс. Рядовые 
маляры, монтажники, строители были примером для 
От 
маляра
 до 
депутата
окружающих, и пользовались 
всеобщим уважением. Многие 
из них , проработав много лет на 
благо страны,  сделали хорошую  
карьеру. Ведь человек при 
огромном желании, трудолюбии 
и упорстве может многого 
добиться. Наша героиня одна 
из таких целеустремленных и 
трудолюбивых людей. В этом 
номере мы расскажем вам о 
депутате городского маслихата 
города Уральск Михно Валентине  
Павловне. 
Валентина Павловна  
родилась 1 августа 1954 года в 
поселке Сулакский Кирсановского 
района Тамбовской области в 
многодетной, но очень дружной 
семье. Ее отец был столяром и 
поэтому Валентина Павловна  
считает  себя потомственным 
строителем. Пример родителей 
ВЕРНОСТЬ ПРОФЕССИИ

73
Батыс Қазақстан облысы
и  сельский уклад жизни сформировали в сознание  
маленькой Вали уважительное отношение к 
человеку труда.  Поэтому с выбором профессии 
Валентина Павловна не стала тянуть. В 1965 году 
семья Михно  переехала в поселок Успеновка 
Бурлинского района Западно-Казахстанской 
области. С тех самых пор  судьба Валентины 
Павловны  тесно связалась с Казахстаном. Человек 
не должен ошибиться в выборе спутника жизни 
и в выборе своей профессии.  Свою профессию 
Валентина Павловна  выбрала однажды и навсегда. 
Сразу после школы  она была принята ученицей 
маляра в управление «Жилстрой». Три года спустя 
Валентина Павловна была  переведена во вновь 
организованное управление «Отделстрой», где 
трудится  вот уже более 40 лет. 
Валентина Павловна как и многие другие 
молодые люди  того времени работала и училась 
одновременно.  После окончания Уральского 
строительного техникума была переведена на 
должность мастера, а в 1989 году –  на должность 
инженера отдела труда и заработной платы. 
В 1991 году Валентина Павловна  получила 
диплом инженера-экономиста  Саратовского  
политехнического  института.  Наступил  знаменитый 
кризис девяностых и тогда Валентина Павловна 
пережила его вместе  с родным коллективом. После 
этого в  1995 году она была назначена на должность 
главного бухгалтера управления. 
В 1998 году    коллектив избрал Валентину 
Павловну   Председателем производственного 
кооператива. В это время  организация, накопив 
многомиллионные долги, оказалась на грани 
банкротства. «Благодаря стойкости, преданности 
профессии тех, кто и по сей день составляет 
костяк коллектива,   нам удалось стабилизировать 
ситуацию, сохранить кадры. А затем и завоевать 
имидж компании, работающей грамотно и 
качественно, способной справиться с самыми 
сложными заказами» - с благодарностью вспоминает  
Валентина Михно .  «Отделстрой» одним из первых в 
республике приступил к внедрению в строительный 
процесс международных стандартов ИСО 9000 и 
соответствие менеджменту качества позволяет  
сохранять конкурентоспособность и сотрудничать с 
инофирмами Карачаганака.
В течение многих лет  Валентина 
Павловна Михно занимается  общественной 
работой. 
ОНА ЯВЛЯЕТСЯ  ДЕПУ ТАТОМ 
ГОРОДСКОГО МАСЛИХАТА, ПОБЕДИТЕЛЕМ 
РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА «НАСТОЯЩАЯ 
ЖЕНЩИНА» В НОМИНАЦИИ «УСПЕХ И 
ЭНЕРГИЧНОСТЬ».  ВА ЛЕНТИНА ПАВЛОВНА 
НАГРА Ж ДЕНА МЕДА ЛЬЮ 
«10 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА», 
МЕДА ЛЬЮ  «ЕРЕН ЕНБЕГI УШIН» ОТМЕЧЕНА 
ГРАМОТАМИ И ДИПЛОМАМИ ОБЛАСТНОГО 
И РЕСПУБЛИКАНСКОГО УРОВНЯ
Гордится 
присвоенным в 2005 году званием Почетного 
строителя РК.  В  орденом «Курмет», который 
получила в 2013 году.
Успешная женщина успешна во всем. И  героиня 
нашей рубрики Валентина Павловна  пополняет 
ряды успешных женщин Казахстана.Она не искала 
легких путей к достижению  своей цели. Своим 
самоотверженным трудом и упорством, терпением и 
профессиональным подходом Валентина Павловна 
смогла выполнить не все, но многие задачи. Не 
все, потому, что Валентине Павловне еще есть, над 
чем работать. Во всяком случае, как настоящий 
профессионал своего дела, она ставит пере собой 
более высокую планку и новые задачи.

74
ЖҰБАН 
ЕЛІ

75

76
Ақжайық ауданының орталығы Чапаев 
ауылында орналасқан В.И.Чапаев атындағы 
Ақжайық тарихи-өлкетану музейі ең алғаш 
1959 жылы ашылды, 1977 жылы қосымша 
жаңа ғимарат салынып оған В.И.Чапаевтың 
өмірі мен қызметіне және 25-ші атқыштар 
дивизиясының Ұлы Отан соғысы сұрапыл 
жылдарындағы даңқты жолына арналған 
экспозициялар ашылды.
Әр жылдары Н.Попов,И.К.Лачугин, 
Е.Р.Рыскалиев, Д.В.Подкуйко, 
А.Ш.Уразбаева, О.М.Имангалиева 
мұражай директорлары болған.  2012 
жылдың желтоқсан айынан бастап музей 
директоры А.Т.Жұмағалиев.
1990-жылдардың екінші жартысынан 
бастап мұражайдың ішіндегі жылу жүйесін 
қайта жөнделіп, мұражай экспозициясын 
заман талабына сай өлкетану бағытында 
өзгертуге жұмыстанылды. Еліміз 
егемендік алған алғашқы жылдардан 
бастап аудан тарихынан құжаттар мен 
фотоматериалдар, тұрмыстық бұйымдар 
жинақтала бастады. Мұражайда 
көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып, 
экспозициялар жаңартылды. Табиғат 
бөлімі, археология бөлімі, Ұлы Отан соғысы 
және аудан тарихы туралы бөлімдер және 
Тәуелсіз Қазақстан залы ашылды. 
Ауданның атақты адамдары батырлары, 
жазушылары, ғалымдары, спортшылары 
туралы материалдар, соның ішінде 
Кеңес Одағының батырлары: М.Абдолов, 
Е.Орақбаев,А.Щурихин, Т.Масиндер  
туралы көптеген материалдар музей 
қорына түсті.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет