Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата19.01.2017
өлшемі17,75 Mb.
#2200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

А.Н.Островский 
атындағы 
драма 
театры 

Қазақстандағы көне театрларының бірі. Театрдың құрылу 
тарихы 1859 жылдан бастау алады. 
Театр  1859  жылы  қыркүйекте  Орал  казак  әскерінің 
жазалау  атаманы  Аркадий  Дмитриевич  Столыпиннің 
бастамалық  етуімен  құрылып,  сол  кездегі  әйгілі 
драматургтардың  бірі  А.Н.Островскийдің  «Бедность  не 
порок» атты спектаклімен театр маусымы ашылды. Театр 
труппасының  құрамына  көршілес  жатқан  Саратов  және 
Орынбор қалаларынан кәсіби артистер шақырылды. Осы 
кезеңнен бастап Орал қаласында «Орал драма театры» өз 
қызметін жолға қоя бастады Ғимарат әкімшілік, артистер-
ге арналған грим бөлмелері, дайындық залы, үлкен сахна, 
т.б қажетті шаруашылық цехтарымен жабдықталған.   
 
2013 жылы «Батыс Қазақстан аймақтық театрларының 
шығармашылық деңгейін жетілдіру жолында» атты Батыс 
Қазақстан аймағындағы театрлардың форум-фестивальға 
В.Шекспир  бойынша  «Двенадцатая  ночь»  спектаклімен 
КӨНЕНІҢ КӨЗІ
(режиссері  О.М.Малуша,  қоюшы-суретшісі  М.Будаев)  қа-
тысты.  Бас  режиссер  Малуша  Оксана  Михайловна  «Үздік 
режиссерлік шешім» номинациясында, театрдың актерлік 
құрамы    «Үздік  актерлік  ансамбль»  номинациясында 
және  «Двенадцатая  ночь»  қойылымындағы  Сэр  Эндрю 
Эгьюйчиктің  ролінде  жас  актер  Джумахметов  Руслан 
Болатұлы  өз  ойынымен  көрермендерді  пластикалық 
қимылдарымен  қызықтырып,  қазылар  алқасының  ерек-
ше  назарына  ілігіп  «Үздік  ер  адам  рөлі»  номинациясы-
мен  марапатталды.  Театр  директоры  Зеленцов  Юрий 
Александрович  форум-фестивальге  белсене  қатысып, 
ұйымдастыруда  көмек  көрсеткені  үшін  алғыс  хатпен  ма-
рапатталды.
2014  жылы  Халықаралық  театр  күніне  орай,  27  нау-
рызда Алматы қаласында Қазақстан Театр қайраткерлері 
Одағының  ұйымдастыруымен  өткен  «Еңлікгүл»  Кәсіби 
сыйлығын  табыстау  шарасына  театр  бас  режиссері 
қатысып,  «Үздік Жыл режиссері» номинациясының иегері 
атанып, марапатталды.
ӨНЕР

37
Батыс Қазақстан облысы
таловского района, музей искусств  имени Дины  Нурпеи-
совой в Жангалинском районе и Жанибекский историко-
краеведческий музей в Жанибекском районе.
Уникальна 
экспозиция 
областного 
историко-
краеведческого  музея,  состоящего  из  8  экспозиционных 
залов,  посвященных  разным хронологическим периодам 
истории края.
ЗАЛ АРХЕОЛОГИИ
Экспозиция  начинается    с  эпохи    раннего  палеолита, 
каменного века, развития древней металлургии, появле-
ния древнего  гончарного ремесла в эпоху бронзы и ран-
него  железа. Среди многообразия экспонатов бронзового 
века  большой  интерес    вызывают  памятники    андронов-
ской  культуры, такие как  наконечники стрел и копий, ору-
дия  труда  и другие археологические  находки. Уникальны  
артефакты, относящиеся к сакскому  периоду: серебряные  
фалары, серебряный ритон, золотые накладки и подвески, 
ювелирные изделия, декоративные детали конского сна-
ряжения и др. 
Сенсацией  2012  г.  стала  Таксайская  принцесса,  най-
денная  на  территории  Теректинского  района  Западно-
Казахстанской  области.  Предварительная  датировка 
кургана  №6  Таксайского  курганного  комплекса  конец  VI 
– начало V вв. до н.э. Наибольшую ценность представляет 
уникальное погребение женщины из привилегированных 
слоев раннекочевнического  общества. Вниманию посети-
телей представлены отреставрированные поврежденные 
огнем  деревянные  конструкции  погребальной  камеры, 
бронзовое зеркало в деревянном футляре, большое коли-
чество золотых декоративных накладок-нашивок одежды, 
золотые ювелирные украшения, реконструкция деревян-
ного гребня. 
О
дин  из  старейших    музеев    Казахстана  Западно-
Казахстанский  областной историко-краеведческий 
музей  привлекает    внимание  не  только    тех,  кто 
знает  и любит  историю своей страны, но и тех, кто хочет 
познакомиться  с ней впервые.
Музей  находится    в  одном    из  красивейших  зданий  
Уральска. Памятник истории  и архитектуры, построенный  
в восточном  стиле  в 1879 году, и сегодня вызывает  вос-
хищение своим изысканным видом.
Музей отличается содержательностью и научной обо-
снованностью экспозиции. Перед посетителями  предсто-
ят яркие страницы истории  края, жизни и  становления 
отдельных  личностей,  оживают  архивные  документы. 
Под  своим  крылом  Западно-Казахстанский    областной 
историко-краеведческий  музей  обьединил    11  отделов: 
музей художника С.Гумарова, дом-музей  Е.Пугачева, му-
зей  А.С.Пушкина,  музей  природы  и  экологии,  историко-
этнографический  музей  имени  Жангир  хана,  историко-
краеведческий  музей  имени  Сырыма  Датова  в    Сырым-
ском    районе,  историко-краеведческий  музей  имени 
Мухита  Мералиева  в  Каратобинском  районе,  историко-
краеведческие музеи  поселков Коктерек и Акпатер Каз-
CТРАНИЦА 
ИСТОРИИ

38
КУЛЬТ УРА
ЗАЛ  ВОЗНИКНОВЕНИЯ ГОРОДИЩА ЖАЙЫК
В этом зале  можно ознакомиться с самой крупной на-
ходкой  археологов  нашей  области  –  городищем  Жайык, 
датируемым  XIII-XIX  вв.  до  н.э.  Вниманию  посетителей 
представлены  красные    обожженные  кирпичи,  облицо-
вочные плиты с поливной  глазурью и характерным вос-
точным орнаментом, найденные при раскопках средневе-
кового городища. 
В экспозиции зала также представлены подарки Ека-
терины II казакам, проявившим доблесть, мужество,  хра-
брость и отвагу в войнах со Швецией, с Польшей и др.
ЗАЛ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА
Главным событием 2015 г. стало празднование 550-ле-
тия Казахского ханства. В данном зале представлены экс-
понаты, повествующие ход образования Казахского хан-
ства, а также  картина М.Жоламанова «Керей Джанибек», 
воинское  снаряжение,  картина  С.Пожарского      «Провоз-
глашение хана», типичное вооружение и обмундирование 
воина. Кольчуга, свитая из колец, шлем, налокотники, раз-
личные виды мечей и сабель.
Экспозиция  зала  также  знакомит  с  историей  Букеев-
ской Орды, с деятельностью потомков и последователей 
политики хана Абулхаира – ханов Букея, Нуралы и  Жанги-
ра. Расцвет Букеевской Орды приходится на время прав-
ления хана Жангира – реформатора, новатора во многих 
сферах. 
ЗАЛ ЮВЕЛИРНЫХ УКРАШЕНИЙ
Все экспонаты ювелирных украшений тесно связаны с 
историей казахского народа и отражают развитие нацио-
нальной культуры, истоки которой уходят в глубь тысяче-
летий.  В  отличие  от  других  художественных  промыслов 
казахов — резьбы по кости и дереву, производства кожа-
ных  и  гончарных  изделий  произведения  ювелирного  ис-
кусства из бронзы, серебра, золота оказались способными 
противостоять разрушительному действию времени и со-
хранились  до  наших  дней.  Поэтому  именно  в  этом  виде 
искусства наиболее полно и ярко отражаются идеалы на-
шего  народа,  его  вкусы,  уровень  его  художественных  и 
материальных  ценностей.  В  данном  зале  представлены  
украшения из чистого серебра, ювелирные украшения из 
агата,  коллекция  серебряной  посуды,  платья    выполнен-
ные  мастерами  города  Уральска  в  национальном  казах-
ском стиле. 
ЗАЛ ИСТОРИИ СОВЕТСКОГО ПЕРИОДА
В  зале  представлены  материалы  исторических  со-
бытий: революций  начала XX века, образование  прави-
тельства  Алашорды,  политических  репрессий,    Великой 
Отечественной войны. С жизнью  видных деятелей Запад-
ного отделения Алашорды знакомят архивные документы, 
фотоматериалы и личные  вещи.
Экспозиция,  посвященная  Великой  Отечественной 
войне,    отражает  вклад  края  в  дело  Великой  Победы, 

39
Батыс Қазақстан облысы
здесь представлены материалы о работе эвакуированных 
в  г.Уральск  предприятий,  о  воинских    формированиях, 
сплотивших новобранцев с Приуралья,  о героях Великой 
Отечественной войны и др. 
ЗАЛ ИСТОРИИ РАЗВИТИЯ КУЛЬТУРЫ  И 
СОЦИАЛЬНЫХ СФЕР ПРИУРАЛЬЯ
В  зале  представлены  фотоматериалы  и  личные  вещи 
заслуженных  деятелей  культуры,  образования,  медици-
ны, внесших свой вклад в развитие  культуры Приуралья. 
Коллажи турнекеты, посвященные развитию образования 
в  области    содержат    информацию    о  первых  высших  и 
среднеспециальных  учебных заведениях республики. 
ЗАЛ АССАМБЛЕИ НАРОДОВ КАЗАХСТАНА 
И ПОЛИЭТНИЧЕСКОЙ ИСТОРИИ 
КАЗАХСТАНА
2015  год  был  объявлен  годом  Ассамблеи  народов 
Казахстана.  На  сегодняшний  момент  на  территории  ЗКО 
проживают  более  90  национальностей.  Ассамблея  ЗКО 
состоит из 31 этнокультурных обьединении и культурно-
просветительских  центров.  В  экспозиции  зала    пред-
ставлены  казахская  национальная  одежда,  музыкальные 
инструменты, деревянные посуды, национальная одежда 
азербайджан, уйгуров, татар, украинцев, белорусов, нем-
цев, армян, корейцев и русских,     а также архивные до-
кументы  и  старые  книги  на  данных  языках,  сувениры  и 
шкатулки, куклы в одеждах каждого этноса
ЗАЛ ПЕРВОГО ПРЕЗИДЕНТА И 
НЕЗАВИСИМОСТИ РК
Почетное  место  в  зале  занимают  Государственные  
Символы Республики Казахстан – Государственный Флаг, 
Герб и Гимн. В экспозиции отражены основные вехи жиз-
ни Президента, становление его многогранной личности, 
история  новой  столицы  нашего  государства  –  города 
Астаны.  Среди  экспонатов  представленных  в  этом  зале 
– фотоматериалы, повествующие о развитии экономики, 
промышленности,  об  укреплении  позиций  и  авторитета 
нашей  страны  в  мировой  политике    под  руководством 
Президента Н.А.Назарбаева. 

40
А
қын,  Қазақстанның  халық  жазушысы,  Мемлекеттік 
және  тәуелсіз  «Тарлан»  сыйлығының  иегері, 
қазақтың Қадыры атанған Қадыр Мырза Әлі көзі тірі 
болғанда биыл 81 жасқа толар еді. Атаулы дата еліміздің 
түкпір-түкпірінде  өз  деңгейінде  аталып  өтілді.  Деген-
мен  ақынның  туған  елі,  Батыс  Қазақстан  өңірі,  өз  ұлына 
ықыласын ерекше білдірді, әлі талай жұрт айтатындай етіп 
атап  өтті.  2015  жылдың  маусым  айында  құрылысы  бітіп, 
республикада аналогы жоқ әдебиет, мәдениет және өнер 
ошағы пайдалануға берілді. Мәдениеттің барлық саласын 
бір жерге тоғыстырған өнер ордасына ақынның аты беріліп, 
мәдениет  және  өнер  орталығы  атанды.  Аумағы  бірнеше 
мың шаршы метрді алып жатқан орталық алдынан туған 
халқына биік тұғырдан бір маңғаздықпен, ризашылықпен, 
сондай-ақ  елім,  халқым  деп  өмір  сүрген  туған  ұлдың 
ӨР МІНЕЗДІ ӨНЕР ҚЫРАНЫ
ӨНЕР
халқының болашағына деген бір алаңдаушылық кейпімен 
қарап  отырған  бейнесі  -  ақынның  ескерткіші  ашылды. 
Мәдениеттің  барлық  саласын  бір  жерге  тоғыстырған 
орталық  дейтініміз  –  музей,  кітапхана,  концерт,  конфе-
ренц,  көрме  залдары,  амфитеатр,  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасы  Суретшілерінің,  Композиторларының  және 
Жазушылар Одақтарының Батыс Қазақстандық филиалда-
ры осында орналасқан. 
Орталықтың ашылу салтанатына Қадыр ақынның жары 
Салтанат Мырзалиева мен балалары, немерелері, елге та-
нымал  ақын-жазушылар,  құрметті  қонақ  ретінде  арнайы 
келген Қазақ станның Еңбек Ері, Қазақстан ның халық жа-
зушысы Әбіш Кекілбаев, мемлекет және қоғам қайраткері 
Өмірбек  Байгелді,  Қазақстан  Жазушылар  одағы  бас-
қармасының төрағасы, Сенат депутаты, ақын Нұрлан Ораз-

41
Батыс Қазақстан облысы
алин,  ақын  ҚР  Еңбек  сіңірген  қайраткері,  халықаралық 
«Алаш»  сыйлығының  иегері  Серік  Тұрғынбекұлы  т.б.  қа-
тысты. 
Мерей тойлық  рухани  кеш  Қадыр  Мырза  Әлі 
орталығының  амфитеатрында  ұлттық  кәсіби  музы-
ка  өнеріміздің  қарашаңырағы  атанған,  әлемге  әйгілі 
Құрманғазы  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық 
халық аспаптары оркестрінің концертіне ұласты. 
Орталықтың  негізгі  көзайымы  -  Қадыр  Мырза  Әлінің 
музейі.  Музей  2  залдан  тұрады.    Ақ  Жайықты  бойлай 
қоныс  тепкен  Батыс  Қазақстан  облысы    бай  тарихымен 
ғана  емес,  сондай-ақ  халықтың  өнердің  қайталанбас 
тұлғаларын өмірге әкелген өңір ретінде де танымал екені 
бәрімізге  мәлім.  Бірінші  зал  «Әдебиет  музейі»  Батыс 
Қазақстан өңірінен шыққан көрнекті ақын-жазушылардың 
шығармашылықтарына  арналған.Айта  кететін  болсақ, 
қолбасшы, шешен Сырым Датұлы, көрнекті ақын  мен ба-
тыр Махамбет Өтемісұлы, Пугачев тарихын жазу үшін осы 
өңірде болған орыстың ұлы ақыны Пушкин, орыс жазушы 
В.Даль, Т.Шевченко, татардың ұлы ақыны Ғ.Тоқай, Қажым 
Жұмалиев, Хамза Есенжанов, Тайыр Жароков, Қасым Аман-
жолов, Сағынғали Сейітов, Жұбан Молдағалиев, Берқайыр 
Аманшин,  Мұқағали  Мақатаев,  Тұманбай 
Молдағалиев,  Фариза  Оңғарсынова,  Әнес  Са-
рай,  Әбіш  Кекілбаев,  Ақұштап  Бақтыгереева 
секілді тұлғаларға  арналған. Екінші зал Қадыр 
Мырза  Әлінің  мемориалдық  кабинеті.  Онда 
ақынның  тұтынған  бұйымдары  мен  еліміздегі 
М.Әуезовтен  кейінгі  ең  бай  кітапхана  сана-
латын,  ақынның  ғұмыр  бойы  жинаған  жеке 
кітапханасы  орналасқан.  Әр  бірінде  Қадыр 
ақын  қолының  табы  қалған,  көз  майын  тауы-
сып,  оқып,  өз  қолымен  түрткен,  астын  сызған, 
кейінгіге қымбат белгілері бар бұл кітаптарды 
енді  көпшілік  көре  алатын  болады.  Ақынның 
өзі  пайдаланған  заттары  -  қаламы,  тіпті  ұялы 
телефоны, отырған орындығы, өлеңдерін оты-
рып  жазған  үстелі,    жатқан  диваны,  құрмет 
грамоталары, депутаттық куәліктері, «Достық» 
пен «Парасат» ордені, қолжазбалары, киген киімдері мен 
бас киімдері, сыйға берілген шапаны мен бөркі, жазу ма-
шинкасы халық назарына ұсынылған. Бала күнінен бастап 
студенттік кездері, еңбек жолындағы әр түрлі газеттерде 
қызмет еткен кездері, отбасы,  барлық фотолары ретімен 
қойылды. Орталықта Хамза Есенжанов атындағы балалар 
мен    жасөспірімдерге  арналған  және  облыстық  Жұбан 
Молдағалиев  ғылыми  әмбебап  кітапханалар  қорынан 
жасақталған кітапхана, 150 орындық концерттік және кон-
ференц  залдары,  суретшілер  мен  қолөнер  шеберлерінің 
туындылары  қойылған  көрме  залдары,  сондай-ақ  респу-
бликада  аналогы  жоқ  1125  адамдық  амфитеатр  халыққа 
қызмет  көрсетуде.  Айтыскер  ақындар  бас  қосатын 
орын,  балалардың  шығармашылығына  арналған  үйірме 
бөлмелері, мәдени шаралар өткізілетін залдар бар. Мұнда 
түрлі әдеби, мәдени шараларды жоғары дәрежеде өткізуге 
толық мүмкіндік жасалған.  
Шағаласы жаныңның ұшты ма, аға,
Шарықтап көңіл халқыңды құшты ма, аға.
Теңіздей толқып ел-жұртың жиылды саған,
Жылап жүрдім, көзіңіз түсті ме, аға?
Ақындық деген таусылмас орта мұң елі,
Жұбата алар жан болса, ол – халық еді.
Ақыры келіп түгелдеп кеттің-ау, аға,
Арман да болған рухқа орталық еді.
Жаһаннан күиіп жаңалық тосып кеттіңіз,
Жаманның бетін жырменен осып кеттіңіз.
Бытырап жүрген Жайықтың үкілілерін
Бір  шаңырақтың  астына  қосып  кеттіңіз,  -  деп  ақын 
Дариға  Мұштанова  жырлағандай,  қаламының  қуатымен, 
дара  дарынымен,  ұшқыр  ойымен  сан  қабат  тіршіліктің 
кейбір  келеңсіз  көріністерін  өткір  сынай  отырып, 
халқының  бар  қадыр-қасиетін,  мінез-келбетін  көрсете 
білген Қадырдай талант иесіне елінің де, туған халқының 
да құрметі мәңгілік. 
Гүлшат АНЕСОВА,
Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер 
орталығының ғылыми қызметкері

42
М
әдениет – ұлттың 
төлқұжаты. Мәдениет 
– елдің өткені, 
мәдениет – елдің 
бүгінгісі, мәдениет – елдің ертеңі. 
Мәдениет – халықтың мыңдаған 
жылдар бойы жинақтаған 
шығармашылық мұрасы.  
Ал мәдениеттің дамуын 
халқымыздың болашағы, еліміздің 
игілігі мен гүлденуінің алғышарты 
ретінде ұстанған  облыстық халық 
шығармашылығы орталығы 1952 
жылы «Халық шығармашылығы үйі» 
болып ашылды, қазіргі таңда Батыс 
Қазақстан облысының мәдениет, 
мұрағаттар және құжаттама 
басқармасының «Облыстық халық 
шығармашылығы орталығы» 
мемлекеттік коммуналдық 
қазыналық кәсіпорны.
Кәсіпорын Батыс Қазақстан 
облысы әкімінің 1999 жылғы 17 
ақпандағы №29 «Батыс Қазақстан 
облыстық мәдениет басқармасы 
бойынша мемлекеттік коммуналдық-
МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ
МӘДЕНИЕТ

43
Батыс Қазақстан облысы
қазыналық кәсіпорындарының тізбесі 
туралы» қаулысына сәйкес құрылды. 
Облыстық халық шығармашылығы 
орталығының негізгі қызметі - 
облыстық мәдениет мекемелеріне 
ұйымдастыру-әдістемелік және 
практикалық қызметті толық 
жетілдіру, халық шығармашылығын 
дамытуда шығармашылық,  
ұйымдастырушылық көмек көрсету 
(байқау ережелері, сценарийлер, 
әдістемелік нұсқаулар), мемлекеттік 
және қоғамдық ұйымдардың, 
ұлттық мәдени орталықтардың, 
жеке мамандардың бос уақыттарын 
ұйымдастыру, мәдениет саласында 
өндірістік-шаруашылық қызметті 
іске асыру, халық сұраныстарын 
белсенді ұйымдасқан түрде 
білікті қанағаттандыру, өнер 
жанашырларының бастарын қосып, 
жас таланттарға қолдау қөрсету, 
өнердің болашақ әлеміне жолдама 
беру. 
ОХШО-да үш бөлім бар: 
халық шығармашылығы, мәдени-
демалыстарды ұйымдастыру, ақпарат, 
басылым және жарнама.  
Қиындығы мен қызықты сәттері 
алмаса өрілген мәдениет саласында 
да іскерлігі басым, талабы зор, 
талғамы биік, елдің атын шығарған 
ардагерлеріміз бар. Ұлағатты істерімен 
ел құрметіне бөленген Кадешева Гүлсім 
Камилқызы, Айман Қуатова, Әміржан 
Тасболатов және халық жадында 
мәңгі сақталар халықтық «Ақжайық» 
би ансамблін алғаш құрған  Құрамыс 
Ғаббасов т.б. есімдерін мақтанышпен 
атай аламыз.   
СОНДАЙ-АҚ МӘДЕНИЕТТІҢ 
САН ҚЫРЛЫ САЛАСЫН МЕҢГЕРІП, 
ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІМЕН ТАНЫЛҒАН 
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ, 
«МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ» 
ТӨСБЕЛГІЛЕРІНІҢ ИЕГЕРЛЕРІ 
-  НҰРГҮЛ БЕРДАШЕВА, НӘБИРА 
САИНОВА, РАЙХАН КӨЖЕКЕШОВА, 
ЕСЕНГЕЛДІ МОЛДАҒАЛИЕВТАР 
- ТӘЖІРИБЕЛІК ІСКЕРЛІГІ МОЛ 
ЖАНДАР. 
Орталықтың базасында қазіргі 
таңда «Халықтық» (үлгілі) атақтары 
бар екі ұжым қызмет жасайды. Оның 
бірі Норвегия, Румыния, Болгария және 
Түркия сынды алыс-жақын шетелдерге 
танымал халықтық «Ақжайық» би 
ансамблі болса, екіншісі - құрамында 
үш тобы бар үлгілі «Қызғалдақтар» 
балалар би ансамблі. Батыс өңірінің 
өнер тарихында халықтық «Ақжайық» 
би ансамблінің алатын орны ерекше. 
Ансамбль 1974-1977 жылдары көрнекті 
қоғам қайраткері Мұстахым Ықсановтың 
қолдауымен Құрамыс Ғаббасовтың 
жетекшілік етуімен құрылған. Кейінгі 
жылдары ансамбль жаңа құраммен 
толықтырылды. Олар кәсіби бишілер 
болмаса да, би жанрымен әуестенушілер: 
әртүрлі жоғарғы оқу орнының студенттері 
мен мектеп оқушылары. Бірақ бір 
қуантарлығы: олардың шеберлігі кәсіби 
бишілерден қалыс қалмайды. Ансамбль 
жетекшісі М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-
дың хореография бөлімінің түлегі - Әсел 
Давлетова. 

44
Ансамбль репертуары әрқашан жаңа би 
қойылымдарымен толықтырылып отырса да, ұлттық 
қазақ билері олардың орындау  шеберлігінің биігі болып 
саналады. Осы жылдар ішінде би ансамблі қаншама елді 
аралап, талай рет облысымыздың намысын қорғап, би 
өнері арқылы көрермен көңілінен шығып, алғысқа бөленді. 
Атап айтсақ: ансамбль - Шара Жиенқұлова атындағы 
сыйлық, Стамбул қаласында өткен «Фомгед» жастардың 
фольклорлық ән-би фестивалінің алтын медалі, Қазақстан 
Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының мәдениет 
және өнер саласындағы сыйлық иегері. Бүгінде өте бай 
репертуар жинақтаған халықтық «Ақжайық» би ансамблі  
- өлке мәдениеті мен өткізілетін мәдени шаралардың 
белсенді өнерпаздары. 
Ал үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблі 1994 жылы 
облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан 
Мәдениет қайраткері Райхан Көжекешеваның 
жетекшілігімен құрылды. Құрамында /үлкен топ, орта 
топ, кіші топ/ 60 бүлдіршін мен мектеп жасындағы 
өнерпаз балалар би өнеріне тәрбиеленуде. Ансамбль 
көптеген облыстық, республикалық, халықаралық 
байқаулардың жүлдегері, Анталия, Дагестан, Махачкала 
қалаларында өткен фестивальдарға қатысты. Бүгінде 
ансамбль жетекшісі - Қарлығаш Саматова.  БҚМУ-дың 
«хореография» бөлімінің түлегі.
Орал қаласының мақтанышына айналған үлгілі 
«Қызғалдақтар» би әлеміне өзінің түлектерін ұшыра 
беретіні сөзсіз.
Ұлттық мәдениетіміздің қанат жаюына өзіндік 
үлес қосып жүрген облыстық халық шығармашылығы 
орталығы түрлі жанрдағы және бағыттағы байқаулар 
мен фестивальдердің, оның ішінде:  «Балдәурен»  
облыстық  балалар фестивалі, «Дала дарындары» жастар 
шығармашылығының облыстық  байқауы,  Қазақстан 
Республикасының Халық артисі, әнші-композитор 
Ескендір Хасанғалиевтың Халықаралық «Атамекен» ән 
фестивалінің ұйымдастырылуын дәстүрлі түрде жолға 
қойып, биікке көтерді.
НЕГІЗІНЕН, А ДАМЗАТ ҚАУЫМЫ ДАМУДЫҢ 
Ж АҢА САТЫСЫНА АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМҒА 
А ЯҚ БАСТЫ. МӘДЕНИ ӨМІРІМІЗ ДЕ ЗАМАНАУИ 
ҮРДІСТЕН, ӨРКЕНИЕТТІҢ КӨШІНЕН ҚА ЛЫС 
ҚА ЛМАСЫ АНЫҚ. ОСЫ РЕТТЕ МӘДЕНИЕТ 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ Ж АҢА ИДЕЯЛАРМЕН ТОҒЫСҚАН 

45
Батыс Қазақстан облысы
АУДАНДЫҚ МӘДЕНИ-ДЕМА ЛЫС МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ 
ЖҰМЫСЫН Ж АН-Ж АҚТЫ Ж АҚСАРТ УМЕН 
ЖҰМЫСТАНУ МАҚСАТЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ХА ЛЫҚ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТА ЛЫҒЫ Ж АНЫНАН 
«ӘДІСКЕР» КЛУБЫ, АЙТЫС АҚЫНДАРЫ МЕН 
ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ, КҮЙШІЛЕРДІҢ А ЛҚА КЕҢЕСІ 
ҚҰРЫЛДЫ. ОЛАР ОБЛЫСТАҒЫ БАРЛЫҚ МӘДЕНИ-
АҒАРТ УШЫ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ МАШЫҚТЫҚ-
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТ УДЕ.  
Сонымен қатар мәдениеттің өсуі елдің, ұлттың 
өсуін көрсетсе, сол жолда толымды атқарылған мәдени 
шаралар - ертеңге ұлағат.  
Облыстық халық шығармашылығы орталығы 
облысымыздағы 12 аудандық мәдениет және 
тілдерді дамыту бөлімдерінің жұмысы мен 282 
клубтық мекемелердің, соның ішінде (83 «халықтық» 
(үлгілі) ұжым) қызметіне бағыт-бағдар беріп, 
халық шығармашылығы жетістіктерін насихаттап 
отырады.  Өнері өркендеген ауыл мәдениетінің бүгінгі 
міндеттерімен қатар, жетістіктері, ел мәдениетін 
дамытудағы игі істері де  назардан тыс қалмайды.
«Өркениет – мәдениеттің жетілуі, қоғамның 
парасаттылық деңгейі» деген бар. Олай болса, 65 жыл 
тарихы бар қара шаңырақ  ғасырлар сүзгісінен 
өтіп жеткен өнеріміздің әрқайсысының өз дәмін, 
тартымдылығын көрсетуді міндеттейді. Өйткені мәдениет 
- адамзат баласының рухани азығы, сарқылмас байлығы, 
ұлылық пен ұлағаттылыққа жетелейтін дүниенің  құнды 
қазынасы. 

46
«Бұл отбасы елімізге беделі биік, береке-бірлігі жарасқан отбасылардың бірі ретінде жақсы та-
ныс. Сыйластық, татулық, өзара келісім, үлкенге-ізет, кішіге құрмет көрсету сынды асыл қасиеттердің 
барлығы осы жанұяда жарасым тапқан. Елін, ұлтын, өз ана тілін сүю, жырын, күйін түсіну және оған 
атсалысуда алдыңғы қатарда. Бұл бір ғана отбасының қуанышы емес - елдің қуанышы. Сол себепті 
мұндай отбасыларымыз үлгі алуы керек деп ойлаймын. Әсіресе, Биғалиевтар отбасының ауылды да-
мытып, өркендетуге қосып жатқандығын ерекше атап өткен жөн. Қазір ауыл-аймақты дамытуда ба-
рынша жағдайлар жасалуда»
Ақұштап Бақтыгереева ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ»
Аты аңызға айналған 
Биғалиевтар ансамблі
Қазақта «Отан отбасынан басталады» деген тәмсіл бар. Иа, бүгінгі ұрпақ - ертеңгі 
мемлекеттің болашағы. Келешекте ел тізгінін ұстар ұрпаққа берілер тағылымды 
тәрбие алтын ұясы – отбасынан бастау алатыны белгілі. Жанұядағы өнегелі 
құндылықтарды, оның мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын елімізде 
«Мерейлі отбасы» байқауы оздырылып келеді.

47
Батыс Қазақстан облысы
Биыл өтіп отырған бұл шарадан Батыс Қазақстан об-
лысыда  қалыс  қалмады.  5  шілде  күні  облыстық  қазақ 
драма театрында өткізілген байқауға қала мен әр аудан-
нан озық шыққан 113 отбасы қатысып, бақтарын сына-
ды. Байқау қорытындысында Қаратөбе ауданынан кел-
ген Қауеновтер отбасы үшінші орынды, Орал қаласынан 
Жұбаниязовтар  отбасы  екінші  орынды  иеленді.  Ал 
бірінші  орын  қазталовтық  Биғалиевтарға  бұйырды. 
Жеңімпаз атанған жанұя таяуда Астана қаласында өткен 
«Мерейлі  отбасы»  байқауына  қатысып,  «Дипломант» 
атанып  келді.  Өңір  атынан  бақ  сынаған  жанұя  жөнінде 
кеңінен өрбітсек. 
Марат  Қалиұлы  орта  мектепті  бітіріп,  Ақтөбе 
қаласындағы техникумда электрбайланысшы мамандығын 
оқыды. Өнерге бейім жас жігіт алатын степендиясын баян 
үйренуге жұмсайды. Ол кезде бұл аспапты студентке кім 
үйрете қойсын. Марат баянды жалға алып, «Дос-Мұқасан» 
әуендерін алдымен күйтабақта тыңдап, кейін аспапта ой-
науды  өз  бетінше  үйренеді.  Жоғары  білімді  ойдағыдай 
аяқтап, әскери борышын өтеген Мәкеңнің ендігі мақсаты 
ары  қарай  тағы  да  оқу  болатын.  Ол  осы  арманмен  1976 
жылы  ақ  басты  Алатау  баурайындағы  шаһар  «Алма-
ты  қайдасың?»  деп  тартып  отырады.  Мәкең  осы  қалада 
жүріп  екінші  бір  білімнің  басын  қайырмағанымен,  өнер 
саласында  еңбек  етуді  қолға  алады.  Бас  қалада  жүріп 
Нұржамалдай  арумен  танысып,  кейін  шаңырақ  көтереді. 
Ол кезде Нұржамал медицина колледжінің студенті бола-
тын. 
- Біз отбасын құрғаннан кейін осы Алматы қаласында 
тұрақтап  қалуды  да  жоспарладық.  Шыны  керек,  үй 
кезегіне де тіркеліп қойғанбыз. Өзім сахнаға шығып, түрлі 
ансамбльдермен бірге өнер көрсетіп жүрдім. Алайда ме-
нен  кейінгі  інім  Мұрат  әскер  қатарына  шақырылып,  ал 
қарындасым  мектеп  бітіріп,  жоғары  білім  алатын  болды. 
Сол кезде ауылда қалған жалғыз әкем «ауылға келіңдер» 
деді.  Анам  болса,  ол  кезде  дүниеден  өтіп  кеткен  еді. 
Әке  сөзін  жерге  тастамай,  біз  де  барымызды  буып-түйіп 
туған  жеріміз  Қазталов  ауданы,  Қошанкөл  ауылына  кеп, 
тұрақтапқалдық, - дейді отағасы Марат Биғалиев.
«Жақсы  жар  –  жарым  бақыт»  дейді  халық  даналығы. 
Алматыдай қалада бой жеткен қала қызы Нұржамал Ма-
рат Қалиұлының қияндағы Қошанкөлге барып-тұру тура-
лы  ұсынысынан  бәлсініп,  бас  тартпады.  Әрине,  бас  тар-
тып, «қаладан кетпеймін» десе де болар еді, бірақ ата-ана 
берген  тәлім-тәрбие  оған  жібермеді.  Керісінше,  қазақ 
қызына  тән  иба-инабаттылықпен  бұл  ұсынысты  қабыл 
Батыс Қазақстан облысы

48
алды. Бүгінде олар елге үлгілі де береке-бірлігі жарасы-
мын тапқан жанұялардың бірі де бірегейіне айналды.
- «Қыз – өріс» деген қазақта сөз бар. Сонымен қатар 
қыз  бала  барған  жерін  бақытты  етемін  деп  барады. 
Бала  өскен  соң  оның  қызығын  көргенді  барлық  ата-ана 
қалайды. «Әке айтса, орынды айтты» деп, мен туған жерге 
қайту жөніндегі ағаңыздың ұсынысын бірден қолдадым, - 
дейді отанасы Нұржамал Сұраншиева.
Елге  келген  соң  Марат  ағамыз  алдымен  ауыл 
балаларының  бастарын  қосып,  мәдениет  үйіндетүрлі 
кештер  ұйымдастыруды  қолға  алады.  Елгезек,  қағілез, 
ұйымдастырушылық  қабілеті  жоғары  жас  жігіт  осы  кез-
ден ел көзіне түседі. Ол тек жастарды ғана емес, жұбайы 
Нұржамалды да сахнаға алып шықты. Олардың бірібаянда 
ойнап,  тамылжыта  ән  салғанда,көпшілік  сілтідей  тынып, 
тамсана, таңданыса тыңдайтын. Әлі де сол қалыптарынан 
танбай келеді. Қазір ерлі-зайыпты екеуінің қатарына ба-
лалары да қосылды. Қайда жүрсе де, ел алдында беделі 
биік  Марат  Қалиұлы  алдыменавтоклуб  меңгерушісі  со-
нан  соңмәдениет  үйінің  меңгерушісі  сынды  қызметтер 
атқарады. 
-  1986  жылы  біз  Биғалиевтар  отбасылық  ансамблін 
құрдық.  Ол  кезде  ансамбльдің  мүшесі  тұңғышымыз  Ар-
ман сегіз жаста болатын. Осы жылдар ішінде елімізде ғана 
емес,  Ресейдің  Самара  және  Саратов  облыстарынының 
аудан-ауылдарында  болып  концерттер  бердік.  Бұдан 
бөлек,ауыл-аудан  мен  қаладан  той  және  туған  күн 
кештеріне  шақыртулар  да  түсіп  жатады.  Қайда  барсақ 
та,  бізге  жылы  шырай  білдіріп,  құрмет  көрсетіледі.  Бұл 
халықтың өнерімізге деген ерекше құрметі деп білемін, - 
дейді Марат Қалиұлы.
Марат ағамыздың әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, 
ұзақ жыл аудандық ішкі істер саласында жемісті еңбек ет-
кен Қалиақсақалдың дақоңыр дауысты, ептеп ән айтатын 
өнері болған. Ал анасы Кәкима түрлі аспаптарда еркін ой-
най білді.  Өнерлі жанұяда өмірге келген Марат ағамыз бен 
оның  ұрпақтарына  бұл  қасиет  Жаратқанның  қалауымен 
ата-анадан дарыса керек-ті.
Ағымдағы  жылы  тек  Қазақстанның  батыс  аймағында 
өтетін 14 наурыз «Көрісу айт» мерекесі күні Биғалиевтар 
отбасылық  ансамблінің  құрылғанына  отыз  жыл  толуына 
орай өздерінің есептік концертін берді. Өнерлі жанұяның 
кешін тамашалауға халық көп жиналды.
Тағы бір айта кетерлігі, биыл қаңтар айында аталмыш 
ансамбль  халықтық  Биғалиевтар  жанұялық  ансамблі  де-
ген атқа ие болды.
Биғалиевтар  талай  байқауларға  қатысып,  бақ  сынап, 
жүлделі орындардан көрініп жүр. Мәселен, 2002 жылы ау-
данда  өткен  отбасылық  ансамбльдер  арасында  жүлделі 
1-орынды  иеленді.  Өткен  жылы  Қошанкөлде  «Бірлігі 
жарасқан  отбасы»  атанды.  Қыздары  Айнұрдыңсазгерлік 
өнері  де  бар.  Осыдан  үш-төрт  жыл  бұрын  ол  «Менің 
арманымдағы қала» облыстық жас сазгерлер байқауында 
топ жарып, жүлделі 1-орынды жеңіп алды.

49
Батыс Қазақстан облысы
Марат  ағамыз  бен  батыр  ана  Нұржамал  апамыз  үш 
ұл  және  үш  қыз  тәрбиелеп  өсірді.  Бүгінде  олар  жоғары 
білім алып, ел дамуына өз үлестерін қосуда. Бір қызығы, 
олардың  ішіндегі  үлкен  ұлдары  Арманнан  басқасының 
мамандықтары  заңгер  және  бухгалтерлік  салада  білім 
алған.  Арман  Маратұлының  музыка  және  заңгерлік 
мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Қазір Орал 
газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде еңбек 
етеді. Сондай-ақ, «Батыс Трэйд Сервис» ЖШС-на басшылық 
жасайды.  Руслан  мамандығы  бойынша  заңгер,  қазіргі 
таңда  жеке  кәсіпкерлікпен  айналысуда.  Қыздары  Айгүл 
«SKY» сұлулық салонына басшысы, сонымен қатар Батыс 
Қазақстан  инженерлік-технологиялық  университетінде 
ұстаз.  Айнұр  мен  Марина  да  -  өз  кәсіптерін  дөңгелентіп 
отырған жандар. Олардың «SKY» атауын еншілеген тойха-
на, кафелері бар.
- Заңгер болу менің бір кездегі арманым болатын. Ар-
маным орындалмаса да, балаларым сол салада білім алды. 
Ал өнер олардың қанында бар. Олар өнерден еш алыс кет-
кен емес, - дейді Марат ағамыз.
Бүгінде  отағасы  шаруа  қожалығына  жетекшілік  етеді. 
Кенже  ұлдарының  есімімен  «Рустам»  деп  аталатын 
шаруашылық  жылқы  және  ірі  қара  малдарын  өсірумен 
айналысады.  Қазіргі  таңда  малды  асылдандыруды  қолға 
алуда. Бие байлап, жылқы саууды да жолға қойған Мәкең 
қайырымдылық  жасауды  жадынан  шығарған  емес.  Ол 
қаламыздағы  қарттар  үйіне  тегін  қымыз  беріп,  қамкөңіл 
қариялардың  алғысына  бөленіп  келеді.  Сонымен  қатар 
түрлі іс-шараларда демеушілік танытатыны тағы бар. Ру-
стам  қазір  ауылда,  осы  шаруашылықтың  басы-қасында, 
әкесінің  қолға  алған  ісін  ары  қарай  жалғастырмақ  ни-
етте.  Үйленген,  мамыр  айында  тұңғышы  дүниеге  келді. 
Бизнестерін  дөңгелентіп  отырған  өзге  ұл-қыздары  да 
қайырымдылық іс жасаудан көпке үлгі. 
Марат ағамыз бен Нұржамал апамыздың немересі Ри-
нат та өнерден құр алақан емес. Ол өткен жылы «Таң» те-
леарнасы  түсірген  «Үшінші  тоқсан»  балалар  телехикая-
сында басты ролдердің бірін сомдаған.
-  Ұлым  Ринат  самбо  күресімен  және  мәнерлеп 
сырғанаумен  айналысады.  Румия  есімді  қызымыз  бар. 
Ол  әлі  кішкентай.  Сондай-ақ  осы  күні  кеше  Құрбан  айт 
мерекесімен  тұспа-тұс  Альмира  есімді  кенже  қызымыз 
өмірге келді, - деді Арман.
Жоғарыда  бұл  отбасының  Астана  қаласында  өткен 
«Мерейлі  отбасы»  байқауына  қатысып,  дипломант 
атанғаны  жөнінде  атап  өттік.  Маңызы  зор  шарадан  соң 
«Хабар» агенттігінің «Біздің үй» бағдарламасына шақырту 
алады.  Бұл  да  «Мерейлі  отбасының»  мерейін  өсірді.  Сол 
көтеріңкі көңіл күйді Оралдан жеткен «Сүйінші» ақжолтай 
хабар  одан  әрмен  тасытты.  Ол  Арманның  жары  Баянның 
қыз баланы өмірге әкелуі еді. Дүние есігін ашқан сәбиге 
атасы  Марат  Альмира  деп  есім  беріпті.  Атасының  бұл 
есімді  беруі  бекер  болмаса  керек-ті.  Өйткені  Альмира  – 
«қайырымды»,  «танымал»  және  «адал»  деген  мағынаға 
ие екен.Ендеше ансамбль құрамы тағы бір өнерлі жанмен 
толықты деген сөз.
Көпшілік көзайымына айналған халықтық Биғалиевтар 
жанұялық  ансамблінің  репертуарында  қазақ  халқының 
және өзге ұлт пен ұлыс әуендері, жергілікті сазгерлердің 
шығармалары, сондай-ақ қыздары Айнұр Маратқызының 
да жазған әндері де бар.
Данышпан  Абайдың  «Болмасаң  да  ұқсап  бақ»  деген 
қанатты  сөзі  бар.  Биғалиевтар  жанұясына  еліктеп,  олар-
дан үлгі алуға тырысатындар жоқ емес екен. Таяуда Аста-
нада өткен шарада бір жас жігіт Маратты көптен көрмеген 
ескі  танысын  көрген  жандай  қауқылдаса  көріседі.  Әрі-
сәрі  болған  Мәкең  «бұл  жігіт  кім  болды  екен?»  деген 
ойға  қалады.  Жаңағы  жас  жігіт  Моңғолиядан  Солтүстік 
өңірлердің біріне көшіп келген қандасымыз болып шықты. 
Ол  Марат  ағамызды  алғаш  телеарнадан  көріпті.  Жігіт 
ағасына  Мәкеңнің  сөз  саптауы,  ән  салуы  және  өзін-өзі 
ұстауы  ұнаса  керек.  Сөз  арасында  оған  еліктейтінін  жа-
сырмапты.
Міне,  биік  белестерді  бағындырып,  ел  алдында  зор 
беделге  ие  болып  жүрген  Биғалиевтар  бүгінде  өнер, 
бизнес  және  шаруашылықты  қатар  өркендетіп  келеді. 
Бұл  отбасының  осы  алған  асулармен  тоқмейілсіп, 
тоқталып қалу ойларында жоқ, керісінше, алда әлі талай 
жетістіктерге жетіп, ел абыройын  одан әрі асқақтату ой-
ларында.
Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,
Батыс Қазақстан облысы

50
И
нтересное геологическое прошлое, 
разнообразные природные 
ландшафты, уникальные биогеоценозы 
сформировавшиеся в трех климатических зонах, 
пересекающих Западно-Казахстанская область, и 
историко-культурные   объекты  позволяют  развивать 
многие виды туризма.
Намеченное развитие города Уральска  в качестве 
крупного регионального финансового, делового, 
культурного и научного центра будет гармонично 
сочетаться с интенсивным развитием туризма и отдыха, 
основных составляющих полноценного жизненного 
цикла крупнейших мировых центров.
Существующая инфраструктура сферы отдыха 
г. Уральска, и природные ресурсы окрестностей 
позволяют развивать многие виды туризма и 
рекреации. На сегодня в городе принимают гостей 
25 гостиниц, 7 музеев, 4 театров, 7  кинотеатров, 39 
досуговых объектов, 4 концертных организации,  парк  
отдыха и другие объекты.
 Наибольшую популярность у туристов имеют зоны 
отдыха у озеро Шалкар, прибрежье рек Урал, Чаган, 
Деркул, кемпинг «Мечта», Туристский оздоровительный 
комплекс «Евразия» и другие.  На территории области 
находятся многие историко-археологические, 
этнографические и паломнические объекты. Поэтому 
в области разработаны туристические маршруты: 
«Путешествие в Букеевское ханство», водные 
маршруты «На Яике –городок, на Урале -город»,   
«Озеро Шалкар – степное море» и многие другие.
 Западно-Казахстанская область, занимая 
уникальное географическое положение и имея 
Уральск - 
старейший город Казахстана
ШЕЖІРЕ

51
Батыс Қазақстан облысы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет