Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата19.01.2017
өлшемі17,75 Mb.
#2200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН 
МЕРЕКЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ: 
Қазақстан халқының бірлігін нығайту, ел 
тарихына, қаһармандық өткеніне, дәстүріне, 
мәдениетіне және мұрасына құрметпен қарау, 
өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуге 
ықпал ету және қазақстандықтар арасында 
мемлекеттілік, тәуелсіздік және жаңа биіктерге 
ұмтылу құндылықтарын насихаттау.
«Ерліктің арқауы, 
елдіктің бастауы –
қазақ хандығы»
МІНДЕТТЕРІ:
- Қазақ хандығының 550 жылдығын 
жалпыұлттық деңгейде мерекелеу;
- Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамды 
тәуелсіздік, тұрақтылық,   
  бейбітшілік пен келісімге негізделген басты 
құндылықтар төңірегіне   
  топтастыру;
- Ел тарихына, қаһармандық өткеніне, 
дәстүріне, мәдениетіне және мұрасына 
құрметпен қарауға тәрбиелеу;
 
БАҒЫТЫ: 
 Батыс өңірінде Қазақ хандығының 550 
жылдығы Бөкейордасы ауданы Хан ордасы 
ауылында тойланды. Еліміздегі тарихшы, 
шығыстанушы, лингвисттердің және шетелдік 
ғалымдардың қатысуымен Қазақ хандығының 
тарихына арналған ғылыми-тәжірибелік 
ШЕЖІРЕ

25
Батыс Қазақстан облысы
2015 ЖЫЛ – ҰЛТТЫҚ 
ТАРИХЫМЫЗДЫ 
ҰЛЫҚТАУ ЖӘНЕ БҮГІНГІ 
БИІКТЕРІМІЗДІ БАҒА ЛАУ 
ТҰРҒЫСЫНАН МЕРЕЙЛІ 
БЕЛЕСТЕР ЖЫЛЫ. ҚАЗАҚ 
ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 
ЖЫЛДЫҒЫН, ҚАЗАҚСТАН 
ХА ЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ МЕН 
КОНСТИТУЦИЯМЫЗДЫҢ 
20 ЖЫЛДЫҒЫН, ҰЛЫ 
ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫН 
АТАП ӨТЕМІЗ. ОСЫНАУ 
ТАРИХИ БЕЛЕСТЕР 
Ж АҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  
ПАТРИОТИЗМДІ ҰРПАҚ 
Ж А ДЫНА СІҢІРУДЕ 
АЙРЫҚША РӨЛГЕ ИЕ.
                                   Н. НА ЗАРБАЕВ 
конференция, республикалық ақындар айтысы 
өткізіліп, музей көрмесі, ұлттық спорттық 
сайыстар, мерекелік концерт, дала қызықтары  
және т.б.  ұйымдастырылды.
Мемлекеттігіміздің қалыптасу тарихынан сыр 
шертетін театрландырылған көріністі қою үшін  
қоюшы режиссер  Қазақстанның еңбек сіңірген 
артисі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов 
арнайы шақырылды. 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА 
АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК  ШАРАЛАР:
Айтыс – суырыпсалма ақындық өнердің 
жемісі. Айтыста халықтың әдет-ғұрпы, тұрмыс-
салты, дүниетанымы, әлеуметтік көзқарасы, туған 
жерге, Отанға деген сүйіспеншілігі көрініс табады. 
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын  
атап өту – азаттық сыйлаған бабаларға деген 
құрмет. Қазақ мемлекеттілігінің негізі сол кезде 
қаланғандығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу және 
еліміздің бүгіні мен ертеңін жырлап, ұлттық рухты 
ұлықтау мақсатында Батыс Қазақстан облысы 
әкімдігі мен облыстық мәдениет, мұрағаттар 
және құжаттама басқармасының қолдауымен, 
облыстық халық шығармашылығы орталығы 
үстіміздегі  жылдың 25-26 тамыз күндері Батыс 
Қазақстан облысы Бөкейордасы ауданы Хан 
ордасы ауылында «Тарихы терең Қазақ елі» атты  
республикалық ақындар айтысын өткізді. 
АЙТЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

дарынды ақындардың қабілеттерін 
арттырып, оларға қамқорлық көрсету;

қазақ елі, жері туралы мағлұматтарын 
кеңейту, елжандылық, туған жерге, Отанға деген 
сүйіспеншілік рухын көтеру;

мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру;
айтыс өнерін насихаттау, жас ұрпақты 
елжандылық рухында тәрбиелеу
Мерекелік концерт
Бөкейордасы ауданы мен облыстық 
Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның 
шығармашылық ұжымдары «Бабалар аманаты» 

26
КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК 
1465 ЖЫЛЫ А ЛҒАШҚЫ 
ХАНДЫҚТЫ ҚҰРДЫ,  
ҚАЗАҚТЫҢ 
МЕМЛЕКЕТТІГІНІҢ  
ТАРИХЫ СОЛ КЕЗДЕН 
БАСТАУ А ЛА ДЫ.
Н. НА ЗАРБАЕВ 
АТАҚТЫ ТАРИХШЫ 
МҰХАМЕД-ХАЙДАР 
ДУЛАТИДІҢ 
ҚА ЛДЫРҒАН НАҚТЫ 
ДЕРЕКТЕРІНЕ СҮЙЕНЕ 
ОТЫРЫП, ТАРИХШЫ 
ҒА ЛЫМДАРЫМЫЗ ҚАЗАҚ 
ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН 
КЕЗІ 1465 ЖЫЛЫ 
БОЛҒАНЫН БЕЛГІЛЕДІ.
Ж. Ж АҒЫПАРҰЛЫ 
және «Тәуелсіз Мәңгілік ел» 
блоктарынан құрылған мерекелік 
концерт өткізді. Дәулеткерей 
атындағы қазақ халық аспаптары 
оркестрінің орындауында күйлер, 
дәстүрлі ән шеруі, күй-тартыс, 
халықтық «Назерке» және «Ақжайық» 
би ансамбльдері хореографиялық 
композициялары көрермен назарына 
ұсынылды.
 
ДАЛА ҚЫЗЫҚТАРЫ:
Ÿ
бәйге, 
Ÿ
қазақшакүрес, 
Ÿ
кіртасынкөтеру
Ÿ
арқантартыс, т.б
 
 
ХАН ОРДАСЫ АУЫЛЫНЫҢ СОЛТҮСТІК 
АУМАҒЫ: «АЛТЫН ДАЛА ШЕЖІРЕСІ»
 Көрініс мемлекеттігіміздің қалыптасу 
тарихынан сыр шертеді, сонау тарих 
қойнауындағы хандар көші көрсетілді. 
Жәнібек-Керейдің тұсында құрылған 
тұңғыш қазақ хандығынан басталып, 
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім 
ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті 
Жарғысы» жалғаса келіп, Тәуелсіз 
Қазақстанда салтанат құрғанына 
жиырма жыл толған Ата Заңымызға 
дейінгі жолды суреттеді.  Қазақ 
мемлекеттілігінің тарихы – қазақ 
хандарының тарихы. Ал өз кезегінде 
Қазақ хандарының тарихы – қазақ 
заңдарының тарихы.  Конституциялық 
Кеңес Төрағасы И.Рогов: «2015 
жылы аталып өтетін Қазақ хандығы 
құ рылуының 550 жылдығы, Қазақ-
стан халқы Ассамблеясы мен 
Конституциямыздың 20 жылдығы 
өзара тарихи тығыз байланыста 
жатыр. Жоғарыда аталған маңызды 
оқиғалардың тығыз байланысы 
Конституциямыздың кіріспесінен 
де айқын білініп тұрғандай, яғни 
Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық 
идеясымен ұштаса түсуде» деп 
атап көрсетті. Театрландырылған 
көрініс Қазақ хандығының 550 
жылдық тарихында қабылданған 
алғашқы құқықтық актілер мен 
Конституциямыздың арасындағы 
сабақтастықты көрсетіп, атаулы 
күндердің тарихи байланысын 
сахналады.
 
Театрландырылған көрініс 
идеясының авторы және қоюшы 
режиссері:– Қазақстанның 
еңбек сіңірген артисі,  «Құрмет» 
орденінің иегері Мұрат Ахманов, 
көмекші режиссер - Батыс 
Қазақстан облыстық қазақ драма 
театрының бас режиссері Мұқан 
Томанов
ШЕЖІРЕ

27
Батыс Қазақстан облысы
 
«ТАРИХ ҚОЙНАУЫНАН  ҚАЗІРГІ 
ЗАМАНҒА ДЕЙІН» - АТТЫ 
ХА ЛЫҚАРА ЛЫҚ ҒЫЛЫМИ 
-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
Қазақ хандығының 550 жылдық  
мерейтойын тойлау мәселесі 
тарих ғылымында басты маңызға 
ие болумен қатар, ұлттық зерттеу 
аумағынан шыға отырып, отандық 
тарихи үрдістерді қарастырумен 
қатар, көптеген әлемдік тарихи 
үрдістерді де қамтуда. Бұларға   
қазақтардың көшпелі өркениеті, 
Жаңа кезеңде мемлекеттік 
құрылымды қалыптастыру 
тәжірибесін ұтымды пайдалану 
арқылы саяси тәуелсіздікті сақтау 
негізінде Бөкей хандығы пайда 
болды, бұл  Ресейдің Қазақстанды 
отарлау саясатының өзгеруіне жағдай 
жасады. Бұл тәжірибе XV-ші ғасырдан 
бастауын алатын қазақ қоғамындағы 
хандық өкімет билігінің жалғасы 
ретінде өзекті маңызға ие болды.
Сондықтан, Батыс Қазақстандағы 
орта ғасырлық тарихи үрдістерді 
зерттеу Қазақ хандығының 
қалыптасуына бірден-бір қатысы бар. 
Бұл мәселеге тарихшылар ұзақ және 
тұрақты түрде көңіл аударып отыру 
қажет, өйткені жаңа зерттеулер және 
оның нәтижелері тарихи мәліметтерді 
жаңартып отыруға мәжбүрлейді, 
яғни белгілі тарихи деректерді жаңа 
қырынан қарауға септігін тигізеді. 
Дегенмен, Қазақстан тарихын 
зерттеу мен түсіну көптеген елдерде, 
соның ішінде Ресейде кеңестік 
кезеңдегі методология деңгейінде 
қалып отыр. Сондықтан, шетелдік 
тарихшылардың осы тарихи датаға 
көңіл аударту негізінде Қазақстан 
тарихын зерттеуде жаңа көзқарас 
қалыптастырып, оны түсіндіруге 
мүмкіндік бермек.
 
 
«ЕРЛІКТІҢ АРҚАУЫ, ЕЛДІКТІҢ 
БАСТАУЫ –ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» 
АТТЫ А ЛТЫ БӨЛІМНЕН ТҰРАТЫН 
КӨРМЕНІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ 
– ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫ 
МЕН ӨРКЕНДЕУІНЕ ҮЛЕС 
ҚОСҚАН КӨРНЕКТІ ТАРИХИ 
ТҰЛҒА ЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІН 
НАСИХАТТАУ. 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 
ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ БАСТЫ ҮШ 
КОНЦЕПТУА ЛДЫ ПАТРИОТТЫҚ, 
АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ 
НЕГІЗДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 
550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНА ЛҒАН 
«ЕРЛІКТІҢ АРҚАУЫ, ЕЛДІКТІҢ 
БАСТАУЫ –ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» 
АТТЫ  КІТАП КӨРМЕСІ  
АҚПАРАТТЫҚ НЕГІЗДЕ ҮШ 
БӨЛІМНЕН ҚҰРЫЛДЫ. 
Бірінші бөлім - «Ұлы Дала 
мемлекеттері» деп аталып, сақ, 
сармат, ғұн, үйсін, қаңлы ежелгі 

28
ШЕЖІРЕ

29
Батыс Қазақстан облысы
тайпаларына арналды. 
Бұл бөлімде Жүсіп 
Баласағұнның «Құдатғу 
біліг», Махмуд 
Қашғаридің «Диуани 
лұғат ат-түрік» (түркі 
сөздерінің жинағы), 
«Кодекс куманикус», 
Әбілғазы Баһадурдың 
(1603-1663) «Түріктер 
шежіресі», «Зафарнама» 
және «Бабурнама» 
кітаптары қойылды. 
Екінші бөлім - «Тарихи 
зерттеулер»деп аталды. 
Бұл бөлімде Мұхамед 
Хайдар Дулатидің «Тарих-
и-Рашиди» еңбегін 
негізге ала отырып, 
жан-жақты зерттеулер 
нәтижесінде жазылған 
әдебиеттермен бірге, 
«Қасым ханның қасқа 
жолы», «Есім ханның ескі 
жолы», «Жеті жарғы» – 
қазақ қоғамы тарихының 
негізі туралы әдебиеттер 
қойылды.
Үшінші бөлім 
-  «Қазақ хандығы» 
деп аталып,  Қазақ 
хандығының тарихында  
орны ерекше   тұлғалар 
туралы әдебиеттер 
қойылды.   Олар – Қазақ 
хандығының негізін 
қалаушы тұңғыш  хандар 
– Керей мен Жәнібек, 
Қасым хан, Хақназар 
хан, Тәуекел хан, Еңсегей 
бойлы Ер Есім хан, 
Салқам Жәңгір хан, Әз-
Тәуке хан, Абылай хан, 
Кенесары хан, Әбілқайыр 
мен Жәңгір хан және т.б.   
Төртінші бөлім 
-   «Әдебиет және тарих» 
бөлімінде мемлекеттік 
бағдарламалар 
аясында шығарылған 
еңбектер, мысалы, 100 
томдық «Бабалар сөзі», 
«Батырлар жыры», 
сонымен қатар танымал 
жазушыларымыз 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 
ІРГЕСІН ҚА ЛАҒАН, 
МЫЗҒЫМАС МЕМЛЕКЕТ 
ҚҰРҒАН, ХА ЛҚЫМЫЗДЫҢ 
БІРТУАР ҰЛТ БОЛЫП 
БІРІГ УІНЕ МҰРЫНДЫҚ 
БОЛҒАН – КЕРЕЙ ХАН МЕН 
ЖӘНІБЕК ХАН.
Ж. Ж АҒЫПАРҰЛЫ 

30
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» 
және «Алтын Орда», Ә.Кекілбаевтың 
«Үркер», Қ.Жұмаділовтың «Дарабоз», 
С.Сматаевтың «Елім-ай» кітаптары 
көрермен назарына ұсынылды.
Кітап көрмесінің келесі 
бөлімдері  «Тәуелсіздік бастауы 
- Желтоқсан» және  «Жасай 
бер, Тәуелсіз Қазақстан» деп 
аталды.  Бұл бөлімдер 1986 жылғы 
оқиғаларды баяндайтын К.Табеевтың 
«Қазақтың Желтоқсаны», 
Б.Төлепбергеннің «Қасиеттім 
- Желтоқсан», М.Қозыбаевтың 
«1986 желтоқсан... дақпырт және 
шындық» атты еңбектері мен 
егемен мемлекеттің тәуелсіздіктің 
алғашқы жылдарындағы Елбасының 
жолдаулары, баяндамалары,түрлі  
энциклопедиялар, альбом, 
кітаптарға арналды.
Көрмеде ұсынылған хандар 
шежіресі, Мұхаммед Хайдар 
Дулатидің «Тарих-и- Рашиди» 
шежірелер жинағы, сондай-ақ, 
Қазақстан тарихынан сыр шертетін 
Шоқан Уәлиханов, Василий 
Радлов, Лев Гумилев, Мұхамеджан 
Тынышпаевтың еңбектері де 
көпшіліктің қызуғышылығын 
тудырды және  ХІІ-ХХ ғасыр 
аралығындағы парсы, орыс, моңғол, 
қытай, түрік және батыс дерек 
көздеріндегі материалдар төл 
тарихымызды тереңнен зерттеуге 
берер  мүмкіндігі мол. Осы тарихи 
жәдігерлердің әрқайсысында 
Қазақ хандығына байланысты тың 
деректер бар. 
«Құтты болсын хан Керей, құрған 
мына хандығың!
Даласында қазақтың атты 
арайлап таң бүгін
Бостан, бейбіт, бақуат күй кеше 
алу – бас байлық
Сол қазына біткенге толы болсын 
сандығың!
Жерің шұрай кең болсын, 
барлық жаның ер болсын!
Көре алмаған дұшпанның тұла 
бойы шер болсын!
Қой үстіне бозторғай 
жұмыртқалар заман боп
Ынтымағы жарасқан қарауыңда 
ел болсын!» -деп бата берген АСАН 
ҚАЙҒЫ БАБАМЫЗДЫҢ айтқаны 
болып, берекелі, мерекелі, бейбіт 
ЕЛ болайық АҒАЙЫН!!!
БІЗ ӨЗ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ 
ТАРИХЫН САНАУДА 550 
ЖЫЛДЫҚПЕН ШЕКТЕЛІП 
ҚА ЛМАЙ, ӨЗ ЖЕРІМІЗДЕ 
АРҒЫ-БЕРГІ ЗАМАНДАРДА 
ДӘУІРЛЕП ӨТКЕН 
МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН ТАРИХИ 
ТАМЫРЛАСТЫҚ ЖӘНЕ 
САБАҚТАСТЫҚТЫ САҚТАУҒА 
ТИІСПІЗ.
А. ОМАРОВ
ШЕЖІРЕ

31
Батыс Қазақстан облысы

32
Вкус к высокому 
искусству
КУЛЬТ УРА
Западно-Казахстанский областной камерный оркестр 
управления  культуры,  архивов  и  документации  акима-
та Западно Казахстанской области  создан с целью реа-
лизации  культурной  политики    государства  в  области 
концертно-исполнительского искусства.
Одним из важнейших приоритетов областного камерно-
го оркестра - воспитание молодого поколения посредством 
приобщения  эстетического вкуса к высокому искусству
Творческий  потенциал  молодого  оркестра  направ-
лен на высокое качество исполнения шедевров мировой, 
классической и национальной музыки.
Созданы  необходимые условия для реализации твор-
ческого  потенциала    молодого  оркестра,    направленные 
на высокое качество исполнения шедевров классической 
музыки.
С  целью  пропоганды  мировой  классической  и  на-
циональной  музыки    среди  любителей  и  почиталелей 
классической музыки, а также  среди учащихся общеоб-
разовательных,  музыкальных  школ,  колледжда  и  инсти-
тута  искусств  обустроен  небольшой  камерный  зал,  где 
оркестранты    дают    мастер-классы  и  мини-концерты  в 
собственном зале студии. 
Оркестр  оснащен  материально-техническими  ресур-
сами:  специально  обустроенным  репетиционным  залом, 
мастеровыми  инструментами  обеспечивающими  высоко-
качественное звучание.
Наличие  широкого  спектра  возможностей  звукозапи-
сывающей студии с передовым оборудованием, позволя-
ет производить запись отвечающую высоким  стандартам, 
где используются последние передовые  технологии.

33
Батыс Қазақстан облысы
В звукозаписывающей студии на музыкальном обо-
рудовании,  соответствующим  мировым  стандартам 
проходят  записи  музыкальных  коллективов,  инстру-
менталистов,  вокалистов.  Студия  предлагает  полный 
перечень услуг по сведению музыкальных фонограмм, 
изготовлению  фонограмм,  минусовок,  оцифровки  за-
писей  с  аналоговых  носи-
телей  с  переносом  на  СD  и 
многое другое.
Главным  дирижером  ка-
мерного  оркестра  с  2012  по 
2014  гг.  был  заслуженный  де-
ятель искусств Республики Та-
тарстан,  лауреат  Всесоюзного 
конкурса  дирижеров,  ученик 
знаменитого  маэстро,  Народ-
ного  артиста  СССР  Арнольда 
Каца - Рашид Скуратов.  
На сегоднящний день глав-
ным  дирижером  областного 
камерного  оркестра  является 
–  Хасанов  Асхат  Максутович, 
который  в  составе  молодого 
оркестра  Алматинской  Казах-
ской  национальной  консерва-
тории им. Курмангазы участво-
вал в фестивалях   в Лондоне 
(Англия),  2007  в  Риме  (Ита-
лия),  в  городах  Флоренции, 
Пиза,  в Берлине и  в Бонне и 
ОТЛИЧИТЕЛЬНОЙ ОСОБЕННОСТЬЮ ЗАПА ДНО-
КАЗАХСТАНСКОГО ОБЛАСТНОГО КАМЕРНОГО 
ОРКЕСТРА ОТ ДРУГИХ КОЛЛЕКТИВОВ ПОДОБНОГО 
ФОРМАТА В РЕСПУБЛИКЕ, ЯВЛЯЕТСЯ ЕГО 
САМОСТОЯТЕЛЬНОЕ СУЩЕСТВОВАНИЕ, КАК 
ОТДЕЛЬНОГО ПОДРАЗДЕЛЕНИЯ ОБЛАСТНОГО 
УПРАВЛЕНИЯ КУЛЬТУРЫ С  СОБСТВЕННЫМ 
ЗДАНИЕМ И  ХОРОШО ОСНАЩЕННОЙ 
МАТЕРИА ЛЬНО – ТЕХНИЧЕСКОЙ БАЗОЙ.
т.д. Принял участие в фестивале для молодых оркестров 
в  Вашингтоне  Лос-Анджелесе,  Бостоне,  Нью-Йорке,  Сан-
Франциско (Америка).
Также Асхат Хасанов  играл в составе Индийского сим-
фонического  оркестра  по  приглашению  М.  Бисенгалиева 
на открытии 3-го концертного сезона, который проходил в 
высоком професиональном уровне в Мумбаи (Индия). 
В  2015  году    был  награжден  в  номинации  «Молодой 
дирижер» за вклад и развитие культуры и искусства в За-
падно Казахстанской области. 
Помимо всего он занимается переложением произве-
дении для оркестра казахских кюев и других произведе-
нии казахских композиторов.  
В оркестре играют молодые талантливые музыканты-
профессионалы, уроженцы Западно Казахстанской обла-
сти, получившие образование в престижных музыкальных 
вузах Казахстана и России. 
Уральск всегда славился своей благодарной публикой. 
Общественное мнение о возможности реализации подоб-
ного проекта,  посредством сил уральских профессиональ-
ных музыкантов, нашло свое претворение на практике. 
Отличительной особенностью Западно-Казахстанского 
областного  камерного  оркестра  от  других  коллективов 
подобного формата в Республике, является его самостоя-
тельное  существование,  как  отдельного  подразделения 
областного управления культуры с  собственным зданием 
и  хорошо оснащенной материально – технической базой.

34
Қазір,  Құдайға  шүкір,  «балаларымды  қалай  асырай-
мын?» деген сұрақтың өзектілігі осыдан 10-20 жыл бұрын 
кезге  қарағанда  кәдімгідей  кеміп  келеді.  Бірақ  маңызы 
баланың ішіп-жемін табудан аз емес және тіпті, әлдеқайда 
қиын,  -  дейтіндей  өзге  бір  өзекті  мәселе  барған  сайын 
қаттырақ  бас  көтеруде.  Бұл  –  ата-ананың  жан-дүниесіне 
тыныштық  бермейтін  «балама  қалай  тәрбие  беремін?» 
деген  тынымсыз  бір  сұрақ.  «Баланың  рухани  сұранысын 
өтейтін  нәрсе»  деп  санамалап  кетсек,  көбіміздің 
аузымызға  әп  дегенде  кітап,  телевизор,  интернет,  газет-
журнал  ілігеді.  Тәрбие  құралы  ретінде  алғашқылардың 
бірі болып аталуға әбден лайықты театр бұл тізімге неге 
кірмей қалды?- деп өкпе айтудан аулақпын.  Ал театрдың 
бұл  тұрғыда  берері  жайлы  бір  ауыз  сөз  айта  кеткенді 
дұрыс деп таптым. Біріншіден, театрға барудың, барудың 
емес-ау, «барам» деп жиналудың өзі - кәдімгідей бір сал-
танат.  «Тойдың  болғанынан  боладысы  қызық»  дегендей 
боянып  таранудан  тұратын  дайындық  жұмыстарының 
өзі театрға бір құрмет калыптастырады, бұл бір жағынан 
сахнада  жүріп  жатқан  қимыл-көріністерге  телевизорға 
көз  салғандай  жүрдім-бардым  емес  зейінмен  қарауға 
бағыттайды. Әрине, бұның бәрі бірден емес баланы бап-
таушы  әке-шешенің  қас-қабағымен  түзіледі.  Екіншіден, 
экран  мен  газет  бетіндегі  ақпаратқа  қарағанда  тірі 
«ТЕАТР – 
тәрбие құралы»
ӨНЕР
адамдардың ойыны, қанша дегенмен кім-кіммен де соның 
ішінде балалармен де, өзгеше қабылданады. 
Театр  туралы  осындай  ой-пікір  білдіре  бастасаң 
айналаңнан «бәрі дұрыс қой, тек балалар баратын дүниелер 
қазір  бар  ма  өзі?»  дегенді  естіп  қаласың.  Бар,  мысал 
ретінде Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры осы 
бағытта  сахналаған  соңғы  екі  премьералық  қойылымды 
мысалға  келтірейін:  «Сөз  атасы  –  ертегі,  Құраннан  сыр 
шертеді»,  -  деп  әуелгі  әңгімені  Евгений  Шварцтың  "Зо-
лушка"  («Күлше  қыз»)  ертегісінен    бастайық.    Әрине, 
барлық ертегіден Құранның сюжетін таба алмаспыз, бірақ 
«ізгілікке баулитын кез келген ертегі Құдайдың Кітабымен 
үндес»  десек  аса  қателесе  қоймаспыз.  «Күлше  қыз»-дан 
кішкентай көрермендер не табады? Олар  қайырымдылық 
пен қатыгездіктің мәңгілік майданынан қаршадай болса да 
қайсар қыз Золушканың қалай жеңіп шығып, ханзадамен 
көңіл қосқанын тамашалай алады.  Өгей қыз Золушканың 
қиын  тағдырына  ортақтасып,  өгей  шешенің  қатыгездігі 
мен  оның  туған  қос  қызының  оспадарлығына  налиды.  
Бірақ туған әкенің махаббаты, кіндік шеше Фея періштенің 
қамқорлығы  және  жұдырықтай  жүректері  «жақсылық» 
деп соққан кіп-кішкентай көрермендердің ыстық ықыласы 
алмайтын қамал бар ма – бәрі жақсы аяқталады. Титімдей 
хрусталь  туфли  тек  қана  Золушканың  аяғына  ғана  шақ 
келеді. Ертегінің қоюшы режиссері Абуов Самал, суретшісі 
Мұрат  Мәмбетов,  музыкамен  көркемдеген  Е.Қажымов, 
Е.Бекчурин. Әннің сөзін аударған Н.Сәдір. Басты рольдер-
де  ҚР  мәдениет  қайраткері  Бақтыгүл  Жақыпова,  Нұргүл 
Жұбатова, Эльмира Мақашева, Салауат Түменов, Жұлдыз 
Мамедова, Ринат Сабырғалиев, Жанаргүл Құрманғалиева, 
Нұржігіт Сейітмаханбетов, Данияр  Қажымов ойнайды. 
Иә, «Күлше қыз» - қазақтың ертегісі емес, ол – аудар-
ма.  Тек  ересектер  ғана  емес,  балдырғандар  да  әлемнің 
інжу-маржаны  –  классикасымен  ауызданса  екен,  -  деген 
тілектен  туындаған,  үлкен  бір  ұжым  бірлескен  қажыр-
қайратымен дүниеге келген қойылым.  Театрдың балаларға 
арналған  қойылымы  тек  «Золушка»-мен  ғана  шектеледі 
екен деген ой қалыптаспасын. Бұл жағынан, ауыз толты-
рып  айта  алатын  дүниелер  жеткілікті:    қойылым  авторы 
мен қою режисерін атамай (олардан ғафу өтіне отырып) , 
бұл репертуарды санамалап шығудың өзі біраз уақыт ала-

35
Батыс Қазақстан облысы
ды: «Он екі жыл иесі», «Қасқыр қақпан», «Ең күшті қорқақ 
көжек»,  «Қардан  соккан  балалар»,  «Ақ  пен  қара»,  «Үй 
таңдаған лақ», «Үш қоян мен бөлтірік», «Достар», «Бурати-
но, «Маугли», «Қызыл телпекті қыз», «Балапан қаз», «Док-
тор Айболит», «Алтын балапан», «Ойыншықтар оқиғасы», 
«Қайырымды қасқыр», «Ертегілер әлемінде», «Шректің ба-
сынан кешкендері», «Қошқар мен Теке», «Капитан қасқыр, 
«Мүйізтұмсық  пен  керік,  «Бремен  хикаяты,  «Қожа  мен 
спорт, «Кім патша». 
Биыл  ақпан  айында  театрдың  балдырғандарға 
арналған  репертуары  тағы  бір  премьеарамен  толықты. 
Бұл турасында осы ертегінің режиссері Самал Абуов бы-
лай дейді: «Мен қырғыз драматургі Нурбубу Мусаеваның 
“Сенімді  дос”  ертегісін  таңдардан  бұрын  біраз  ықтимал 
туындыларды  ой  елегінен  өткіздім.  Дәлірек  айтсақ,  мен 
ең әуелі драматургты не оның шығармасын емес тақырып 
таңдадым.    Ойланып-толғана  келе  балдырғандар  үшін 
ең  өзекті,  жақын  да  түсінікті  құндылық  достық  деп  тап-
тым.  Осы  ешқашан  де  ескірмейтін  дос  тақырыбына 
жазылған ертегілер ішінен Нурбубу Мусаеваның “Сенімді 
дос”  ертегісі  сюжетінің  қызық  та  қарапайымдылығы, 
актерлердің  ойнау  шеберлігі  мен  еркіндігіне  мүмкіндік 
беретін  кеңтыныстылығымен  ойға  алған  бүкіл  сұраныс-
талаптарыма  жауап  бергенін  жасырмаймын.  Өздеріңізге 
мәлім,  бұл  ертегі  «жеті  қазынаның  бірі»  болып  санала-
тын  төбеттің  адамның  сенімді  серігіне  қалай  айналғаны 
жайлы  сыр  шертеді.  Сөйтіп,  ертегіде  шын  дос  үлкен 
ізденістің арқылы ғана табылатыны баяндалып, кішкентай 
көрермендерін    дос  табуға  және  оларды  құрметтеуге 
тәрбиелейді.  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері 
Бақытгүл  Жақыпова,  Салауат  Түменов,  Жұлдыз  Маме-
дова,  Асылжан  Жакин,  Ақмарал  Амандықова,  Думан 
Омаров  және  кішкентай  әртістер  Исмаил  Мамедов  пен 
Азамат  Русланұлы  бейнелеген  ертегі  кейіпкерлері  өз 
көрермендерінің қуаныш сыйлады деп ойлаймын. «Сенімді 
дос»  ертегісінің  авторы  -  Қырғыз  Республикасының 
еңбек  сіңірген  әртісі,  драматургы    Нурбубу  Мусаевамен 
Қырғызстанда  оқып  жүрген  кезімде  танысып,  осы  пье-
саны  сахналауға  сұрап,  келісімін  алып  қойып  едім.    Ал 
бұл  шығармаларды  қазақ  тіліне  аудару  жағынан  мүлде 
қиналған жоқпын. Менің әріптесім, әрі жұбайым Эльмира 
Макашева осы екі шығарманы да бастан-аяқ сахна тіліне 
ыңғайлы  қылып  тәржімалап  шықты».  Аса  маңызды  да 
күрделі сала – ертегілерді сахналау ісіне үлкен үлес қосып 
жүрген  Самал  Қадерұлы  мен  оған  осындай  мүмкіндік 
туғызған  театр  басшылығына  (директоры  Қуаныш 
Амандықов) алғысымызды білдіре отырып әңгімемізді әрі 
қарай өрбітейік.
«Қазір  жұрт  театрға  тап  бұрынғыдай  бармайды» 
деген  сөз  бар.  Бұның  қанша  жерден  жаны  бар,  -  де-
генмен  балаларымыздың  талғамын  қазірден  бастап 
қалыптастырмасақ,  театрал  ересек  көрермендер  қайдан 
пайда  болсын-ды  да  айтып  қоялық.  Репертуар  жағынан 
келсек,  театрдың  басты  сыншысы  –  көрермендер. 
Қаламызда театр тақырыбына қалам тартатын саусақпен 
санарлық  адамдарды  айтпасақ,  бұл  тұрғыда  белсенді 
позиция  ұстанып,  болған  қойылымдардың  жетістігі  мен 
кемшілігін  жіпке  тізіп,  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
бетінде бөлісіп отыратын замандастарымыз жоқтың қасы. 
Тек белсенді азаматтық қоғам ғана театр сынды тұтас бір 
әлемнің  тыныс-тіршілігін  тиісті  деңгейде  қалыптастыра 
алады. Театр да - қазіргі қоғамның бір айнасы. Балалардың 
бүкіл рухани қажетін тек қана театр өтей алады дей ал-
маспыз,  ондай  құрал  өмірде  жоқ.  Алайда  тәрбие  ісіне 
театрдың тым тәуір үлес қоса алатыны да – ақиқат. Теат-
рмен тәрбиеленейік, театрды тәрбиелейік.

36

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет