Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата19.01.2017
өлшемі17,75 Mb.
#2200
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

АТПЕН Ж АҚЫНДАСУ АРҚЫЛЫ МІНЕЗ-
ҚЫЛЫҒЫ АШЫЛЫП, Ж АН-ДҮНИЕСІ БАЙИ 
ТҮСЕДІ. 
Ең қуанарлығы, соңғы жылдары 
балаларды иппотерапиямен емдеу 
тәжірибесі халыққа кеңінен 
насихатталып, Қазақстан Республикасы 
әлемде бірінші мемлекет болып 
иппотерапияны қаржыландырып, 
оған үлкен қолдау көрсетуде. 
Иппотерапияны 
пайдаланылатын аттарды 
арнайы жаттығудан өткізіп, 
ем жүргізетін адамдарды да 
оқытып, әзірлейді. Қазіргі 
таңда жылқы алаңында 
5 адам жұмыс жасайды. 
Жылқы санын 
арттыру, соған орай 
жұмыс орындарын 
көбейту - алдағы 
уақыттың еншісінде.  
Ең бастысы, 
облыс көлемінде 
иппотерапия 
ісінің осы Ақсай 
қаласында орын 
алғанына аудан 
халқы дән риза. 

106
 – БЮРЕХ ХАНЫМ,  ЕЛІМІЗДЕ ДАМУЫ КЕНЖЕЛЕП 
ҚА ЛҒАН КҮРКЕТАУЫҚ ӨСІРУ ІСІНЕ БЕТ БҰРУ 
СЕБЕБІҢІЗДІ ЖӘНЕ ОСЫ ӨНІМНІҢ МӘНІ МЕН 
СИПАТЫН АШЫП АЙТЫП БЕРСЕҢІЗ? 
– Күркетауық, яғни, үндік өсіру – өте тиімді, табысты 
кәсіп. Үндік еті жоғары рентабелді құс түріне жатады, 
тірі салмақтың өсімі бойынша үйрек пен қаз еттерін 
артта қалдырады. Күркетауықтың еті дәмді, жұмсақ, 
әрі құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Майы 
аз. Есесіне, ағзаға қажетті белокқа өте бай. Ақуыз 
бұлшық еттің дамуына зор әсер етеді. Күркетауық етін 
американдықтар, израильдіктер әскери мәзірге қосқан, 
жауынгерлерге аптасына екі реттен тұрақты беріліп 
отырады екен. Спортпен шұғылданатындардың да 
дастархан мәзірінен түспейді. Сан етінде темірдің құрамы 
көп. Ол әсіресе жүкті әйелдерге өте қажет тағам. Ең 
бастысы, адам баласы үшін аллергия бермейтін жалғыз ет 
осы күркетауық еті есептеледі. Бұл әлемдік медицинада 
ЫҚЫЛЫМ ЗАМАННАН ТӨРТ Т ҮЛІК ӨСІРУДІ Д АМЫТҚ АН ЕЛІМІЗДЕ БҮГІНДЕ ЗАМАН ТА ЛАБЫНА С АЙ  ҚҰС 
ШАРУАШЫЛЫҒЫ Д А БІРТІНДЕП ЖОЛҒА ҚОЙЫЛУД А. КЕЗІНДЕ Қ АЗАҚСТАННЫҢ БІРАЗ ОБЛЫСТАРЫНД А  
ІРІ ҚҰС ФЕРМА ЛАРЫ Ж ҰМЫС ІСТЕП, Х А ЛЫҚТЫ ҚҰС ЕТІМЕН, Ж ҰМЫРТҚ АМЕН Қ АМТАМАСЫЗ ЕТКЕНІ 
ЕСІМІЗДЕ. Қ АЗІРГІ ТАҢ Д А ТАУЫҚ ФЕРМА ЛАРЫ ӘР ЖЕРДЕН АШЫЛЫП, Т Ұ ТЫНУШЫЛАРҒА ОТАНДЫҚ  
ҚҰС ЕТІ ҰСЫНЫЛУД А. А Л КҮРКЕТАУЫҚ ӨСІРУ ІСІ – ӘЛІ ДЕ БОЛС А АҚС АП Т ҰРҒАНЫ Ж АСЫРЫН 
ЕМЕС. ОСЫ РЕТ ТЕ КҮРЕКТАУЫҚ ӨСІРУ ІСІНЕ БЕТ БҰРЫП, А Д А Л ЕҢБЕГІМЕН ТАБЫС ТАУЫП ОТЫРҒАН 
БАТЫС Қ АЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ,  БӨРЛІ АУД АНЫ, АҚС АЙ Қ А ЛАСЫНЫҢ Т ҰРҒЫНЫ ЗАК АРЯН БЮРЕХ 
АРТАШЕСОВНАМЕН СҰХБАТ ТАСУДЫҢ  СӘТІ Т ҮСТІ. ЖЕКЕ КӘСІПКЕР КҮРКЕТАУЫҚ ӨСІРУ БАҒЫТЫНД АҒЫ 
Ж ҰМЫСЫН 2014 ЖЫЛЫ 19 МАУСЫМЫНД А БАСТАҒАН ЕКЕН.
денсаулыққа пайдалы
Күркетауық еті – 
ШАРУА

107
Батыс Қазақстан облысы
дәлелденген. Сондықтан шетелдіктер мұны балалар мен 
егде жастағылардың тамағына жиі пайдаланады. Дамыған 
Еуропа елдерінде күркетауық еті профилактикалық 
ас ретінде қолданады. Өйткені күркетауық етінің 
адам денсаулығына пайдасы зор. Күркетауық еті түрлі 
онкологиялық аурулардың алдын алып, туберкулез және 
радиация аймағында тұратын халық үшін таптырмайтын 
азық болып саналады. 
ЕҢ А ЛДЫМЕН  - БҰЛ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
Қ АУІПСІЗ ЕТ. ЕКІНШІДЕН, ЗАМАНАУИ 
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 
ЖОҒАРЫ САПА ЛЫ ӨНІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ 
ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАРДЫ КЕМІТ УГЕ БОЛА ДЫ. 
ҮШІНШІДЕН, ЖОБА ӨНІМДІ ИМПОРТ 
А ЛМАСТЫРУҒА ЖӘНЕ ЭКСПОРТҚ А 
БЕЙІМДЕЙДІ. 
– БҰЛ КӘСІП ҚАНШАЛЫҚТЫ ТАБЫСТЫ БОЛЫП 
ОТЫР? 
         Үндік еті – ауыл шаруашылық құстарының ішіндегі 
ірісі болып табылады. Үндіктерді жоғары тағамдық және 
дәмдік сапасына байланысты ет алу үшін өсіреді.    Еркек 
үндіктер салмағы 20-30 кг дейін, ал ұрғашылары- 7-10 кг 
жетеді. Еркек үндіктің тірі салмағы 4 айға дейін 6 кг асады, 
5-6 айға дейін - 12-14 кг. Салыстырмалы түрде айтатын 
болсақ,   күркетауық өсіру шошқа шаруашылығына 
қарағанда 3 есе табысты болып есептеледі. Үндік еттерінің 
шығымы бройлер балапандарға қарағанда 10 %  жоғары, 
ал жем шығыны 15-20% төмен.
Біздің ферманың қуаттылығы 3200 бас күркетауыққа 
арналған. Құс етін өндірудің жылдық жоспары  – 17 312,4 
кг болып отыр. Бұл, әрине, өте жақсы көрсеткіш. Алдағы 
уақытта құс басы санын арттыру жоспарланып отыр. 
Қазіргі таңда құс еті мен жұмыртқа өнімдеріне деген 
сұраныс едәуір артып отырғаны белгілі.  Ел нарығында 
шетелдік құс өнімдерінің басымдығы бірте-бірте бәсеңдеп 
барады. Уақыт өткен сайын сатып алушылар көбінесе 
отандық өнімдерді сатып алғанды жөн деп санайды. 
Сондықтан, нарыққа өз өнімдерімізді шығару арқылы 
әрі тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру 
бағытында жұмыс жасасақ, әрі бұл кәсіп табыс көзі деп 
сеніммен айта аламын. 
– АЛ КҮРКЕТАУЫҚ ЕТІНІҢ НАРЫҚТАҒЫ БАҒАСЫ 
ҚАНША?
– Бүгінде құс етінің бір келісін 1000 теңгеден өткізіп 
отырмыз.
– ЖҰМЫС БЕРУШІ КӘСІПКЕР РЕТІНДЕ ОСЫ 
ФЕРМА АРҚЫЛЫ ҚАНША А ДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН 
ҚАМТЫП ОТЫРСЫЗ?

Бұл ферманың еңбек нарығында жұмыс 
жасағанына бір жылдан сәл
ғана асты. Қазіргі таңда жұмыс көлеміне байланысты 
фермада 6 адам жұмыс жасайды. Алдағы уақытта құс 
басы санын және өндірілетін ет көлемін ұлғайтып жатсақ, 
әрине, қосымша жұмыс күші де қажет болары сөзсіз. 
– ЖАЛПЫ, КҮРКЕТАУЫҚТЫ ҚАЛАЙ БАБЫН 
ТАУЫП, БАҒ УҒА БОЛА ДЫ. СОЛ Ж АЙЫНДА АЗ-КЕМ 
АЙТА КЕТСЕҢІЗ?
–  Күркетауықты өзге үй құстарынан бөлек ұстаған 
жөн. Орналастыру тығыздығын да дұрыс есептеу қажет. 
1 шаршы метрге екі үлкен күркетауықтан артық ұстауға 
болмайды. Жас балапандарын үлкендерінен бөлек 
ұстаған жөн. Үндіктер суыққа аса төзбейді. Сондықтан 
сыртқы температура 10 градустан төмен болса, оларды 
сыртқа шығаруға болмайды. Қыс мезгілінде күніне 3 рет, 
көктем айларында 4-5 рет жемдеген дұрыс. Сондай-ақ, 
күркетауықтар да кәдуілгі тауықтар сықылды мамық пен 
қауырсын бере алады. Бұл құстар ақылды, адамдарға 
тез үйреніп кетеді. Жем талғамайды және жаз мезгілінде 
жайылымда ұстауға болады. 

108
Қ
оғамдағы мүгедектердің жағдайы, 
олар бастан өткеруге мәжбүр 
қиындықтар туралы пікірталастар 
жиі орын алып келеді. Ересек 
мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына 
байланысты мүгедектік проблемалары жиі 
еске алынып жатады, ал кемтар балалардың 
жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар 
балаларды психологиялық бейімдеу және 
қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, 
олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі 
саладағы проблемалар санының көптігіне 
қарамастан орын алуда. Осы орайда облыстағы 
денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға 
қол ұшын беріп, көңілдеріне медеу болу 
мақсатында Ақсай қаласында 2011 жылдың 
наурыз айында «Жас дарын» қоғамдық қоры 
құрылған. Заңды тұлға ретінде тіркелген 
аталмыш қор коммерциялық ұйым емес және 
өз қызметін  пайда әкелетін табыс көзі ретінде 
қарастырмайды. «
Ж АС ДАРЫН» ҚОҒАМДЫҚ 
ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – 6 Ж АСТАН 
16 Ж АС АРА ЛЫҒЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ 
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖӘНЕ ӨМІРДІҢ 
ҚИЫН Ж АҒДАЙЫНА ТАП БОЛҒАН КІРІПТАР 
БА ЛА ЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА 
ДАМЫТЫП, ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ 
ЖАНЫҢДА
ЖҮР ЖАҚСЫ
 
АДАМ!!!

109

110
ҚА ЛЫПТАСТЫРУ. Қоғамдық қор жұмысын бастаған 
сәтте тіркелген балалар саны 25 болса, бүгінде олардың 
саны 120-ға жеткен. Қордың құрылтайшылары Өтебаева 
Ақсәнім Айтжановна және Ищенко Татьяна Германовна 
осы қордың өз мақсатына сай жемісті жұмыс жасауы үшін 
жандарымен беріліп, тер төге еңбек етуде.  «Жас дарын» 
қоғамдық қоры мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда 
әлеуметтенуі көрсеткішін жоғарылату мақсатында 
көптеген іс-шаралар атқарып келеді. Облыстың әр 
аумағында қайырымдылық шаралары, спорттық 
және мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Қор 
қызметкерлері өз жұмыстарына шетелдік волонтерларды 
да тартып, балалармен өткізілетін әр минутта олардың 
көңіліне қуаныш пен үміт отын жағуға барынша тырысып 
бағады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың халықаралық 
түрлі байқаулар мен фестивальдерге қатысуына мүмкіндік 
жасап, материалық көмек беру ісі жолға қойылған. 
Қоғамдық қордың нарық жағдайында талапқа сай жұмыс 
жасауы үшін Бөрлі аудандық әкімшілігі, «Карачаганак 
Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы, кіші және орта 
бизнес нысандары демеушілік көрсетеді.
ЖҰМЫС ТЕК БА ЛА ЛАРМЕН ҒАНА ЕМЕС, АТА-
АНА ЛАРЫМЕН ДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ. ОЛАРМЕН ӘР 
АЙ САЙЫН ТҮРЛІ ТАҚЫРЫПТА ТРЕНИНГТЕР, 
САУА ЛНАМА ЛАР, ДӨҢГЕЛЕК СТОЛДАР, КЕЗДЕСУЛЕР 
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП ТҰРА ДЫ. БҰЛ МҮМКІНДІГІ 
ШЕКТЕУЛІ БА ЛА ЛАРДЫҢ АТА-АНА ЛАРЫ ҮШІН 
КӨҢІЛДЕРІНЕ ҮЛКЕН МЕДЕТ. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту  және 
тәрбиелеу  білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі 
болып табылады. Бұл орайда ҚР Үкіметінің  2011-2020 
жылдарға арналған бағдарламасы  іске асырылуда. 
Мұнда  білім саласы мамандарына арналған міндеттер 
барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен 
қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да білім алуына 
барлық жағдайды жасау керектігі жүктелген. «Қазақстан 
республикасының 2011-2020 жылдары білім беру 
жүйесін дамыту бағдарламасында» көрсетілгендей ҚР 
білім беру саясатының құзырлы міндеті – білім беру 
сапасын көтеру болып табылады. Басты міндеттердің бірі 
халықтың барлық сатыдағылары үшін сапалы білім алудың 
қолжетімдігін қамтамасыз етуді қарастырады.  Осы 
тұжырымдардың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға 
да қатысты және 2002 жылы жарық көрген «Кемтар 
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық 
түзету арқылы қолдау туралы» заңында бекітілген. 
Осы заңды жүзеге асыру бағытында республикада 

111
оқытудың психологиялық және педагогикалық теориясы 
мен практикасын дамытудың жағымды нышандары 
жасалуда. «Жас дарын» қоғамдық қоры осы жақсы істің 
бір ұшығы іспеттес.  Баланың меңгеру деңгейін, оның 
жас ерекшелігін назарға ала отырып, қор қызметкерлері 
олармен психологиялық жұмыстар жүргізіп, сурет салу, 
қолөнерге баулу, биге машықтандыру ісін жүзеге асырып 
отыр.  Білім беру мен тәрбиелеу ісін кеңейту мақсатында 
«Жас дарын» қоғамдық қоры басқа білім ошақтарына 
саяхат жасап, бірнеше мектептермен тығыз байланыста 
жұмыс жасайды. Приуральный, Қанай және  Жарсуат 
поселкелеріндегі орта білім беру мектептерінің, Ақсай 
қаласындағы №№2, 3, 4 орта мектептердің әлеуметтік 
педагогтарымен шығармашылық байланыс орнатылып, 
аталған мектептерде оқушылардың шығармашылық 
шеберханалары ашылған. 
«Жас дарын» қоғамдық қоры «Денсаулық мүмкіндігі 
шектеулі және өмірдің қиын жағдайына тап болған 
балаларды әлеуметтендіру және шығармашылық тұрғыда 
дамыту» жобасы аясында 2014 жылдың 06 тамызында 
Ақсай қаласындағы №3 орта мектеп базасында изостудия 
ашу ісін ұйымдастырды. Бұл шараға Бөрлі аудандық 
әкімшілігі мен мәслихат жетекшілері, аудандық білім беру 
бөлімі өкілдері және «Карачаганак Петролеум Оперейтинг 
Б.В.» компаниясының өкілдері қатысып, өз қолдауларын 
көрсеткен. 
«Жас дарын» қоғамдық қорында әр педагогтің өз 
қызметінің нысанына әлеуметтік психологиялық және 
педагогикалық мінездеме беріп, танып-білу, зерттеу-
зерделеу әдістерін меңгерулері талап етіледі.  Келешекте 
әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы жасалса, 
олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын 
табуға көп көмек болар еді, - дейді қор құрылтайшылары. 
«Жас дарын» қоғамдық қорының жұмысына куә бола 
отырып, денсаулығында ақаулығы бар, адамдардың 
мейіріміне зәру жандардың тағдырына бей-жай қарай 
алмайтын қамқор жандар қоғамда аз емес екендігіне көз 
жеткіздік. Мұндайда «Жаныңда жүр жақсы адам!!!» деп 
жар салғың келеді екен. 
Мүмкіндіктері шектеулі және түрлі себептермен өмір 
қиындығына тап болған балалармен жұмыс істейтін 
осындай орталықтар әр аймаққа қажет екені сөзсіз. 
Көмекке зәру жандарға қол ұшын беретін, атына заты 
сай қоғамдық ұйымдар елімізде көптеп ашса, кемтар 
балаларды зор қуанышқа бөлер еді.

112
СҰЛУЛЫҚ 
СИМВОЛЫ
Т
әуелсіз мемлекетіміз көптеген 
жетістіктерге жетіп, даму үстінде. 
Өзінің егемендік жолында 
әлеуметтік, мәдени, экономикалық 
бағытта толағай табыстарға қол жеткізіп, халық ахуалы едәуір 
жақсарды. Елбасы барлық жағдайды жасап қана қоймай, ерік берді. 
Нақты айтар болсақ, жаңа демократиялық дәуірге қадам басқан 
қазақстандықтар қолдан келген кәсібінің игілігін көруде. Жыл санап өз 
шаруасын ашып жатқандар саны артуда.
Елбасымыздың көреген саясатының арқасында елімізде 2011 жылы 
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленіп, бүгінде ойдағыдай 
жүзеге асырылуда. Халықты жұмыспен қамтудың 2011-2020 жылдарға 
арналған бағдарламаның негізгі мақсаты – жұмыссыздар санын 
азайту, олардың тұрақты және нәтижелі жұмыс орнына ие болуына 
жәрдемдесу арқылы ел тұрғындарының табысын арттыру болып 
табылады. Көпшілік көңілінен шыққан бұл бағдарлама еліміздің әр 
облысында, әр ауданында жылдан жылға өз жалғасын табуда. Аталмыш 
бағдарлама арқылы пайдалы кәсіп көзін тауып, оны әрі дамытамын 
деуші іскер жандар қатары көбеюде. 
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы «Надежда» 
тұрмыстық қызметтер кешені» ЖШС осы бағдарлама аясында өз 

113
жұмысын 2013 жылдың қазан айында бастаған болатын. 
Аталмыш кешенді Молчанова Надежда Михайловна 
басқарып, өз қарамағында 19 жанға табыс көзін тауып 
беріп отыр. «Надежда» тұрмыстық қызметтер кешені» 
ЖШС қала жұртшылығына бірнеше бағыттар бойынша 
қызмет көрсетеді: 

Киім тігу ательесі. Ателье тұрғындар тапсырысы 
бойынша киім тігумен және жөндеуді қажет ететін 
киімдерді қабылдаумен айналысады. Тігін шеберханасы 
тиісті заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған.

Жұмсақ жиһаздар мен автокөлік салондарын 
қаптау ісімен айналысатын цех. Бұл цехтың атқарып 
отырған жұмысы аз уақыт ішінде қала тұрғындарының 
көңілінен шығып, келушілер саны арта түскен. Мұнда 
нағыз шеберлер жұмыс жасайды екен. 

«N» имидж студиясы» атты сұлулық салоны. Бұл 
сән салоны шаш қиюдан бастап, адамды көріктендірудің 
небір әдістеріне машықтанған.   
Сұлулық салоны – бизнестің әдемі түрі ғана емес, 
табысты да түрі. Бизнестің бұл түрі қазір адам айтқысыз 
жылдамдықпен дамып бара жатыр. Өйткені, адамдар сана 
тұрғысынан талғам деңгейіне көтеріліп, әсемдіктің жан 
рахатын сыйлайтынына көзін жеткізген. Ер адамдардың 
сәнқойлығына мыңжылдықтар өтсе де аса бір қатты 
өзгеріс ене қойған жоқ, есесіне әйелдер қауымының сән 
үлгісіне күн сайын бір жаңалық келіп қосылуда.  
Сұлулық салоны – ешнәрсе өндірмейді, ғылыми жаңалық 
әкелмейді, саясатты өзгертпейді, десе де адамдарды 
өз ғасырына сәйкес етіп әрлейді, әсемдікке баулиды. 
Сұлулықтың қилы түрін ұсынып, адамдардың қоғамда 
жарқырап жүруіне үлесін қосады, өмір сүруге деген 
құштарлығын оятады. Бүгінде сұлулық салонына ежелгі 
дәуірдегі сияқты тек ақсүйек байлар ғана емес, барлығы 
да келе алады. Салон жасты да, кәріні де талғамайды, 
бәріне қуаныш сыйлайтын сұлулықтың ұясы. «N» имидж 
студиясы» әр келген адамды қуанышпен қарсы алып, 
олардың осы салонның тұрақты тұтынушысы болуы үшін 
сапалы қызмет көрсетеді. Өз ісінің нағыз шеберлері 
жиналған бұл сұлулық салонынан күні ұзаққа кісі 
үзілмейді екен. Бұл қала жұртшылығының «N» имидж 
студиясына» деген сенімінің көрінісі. Сұлулық салонының 
табысты болуы үшін мұндағы мамандардың әртүрлі 
семинарларға,  халықаралық оқыту орталықтары мен 
көрмелерге қатысып, сән индустриясындағы соңғы 
жетістіктер бойынша өз шеберліктерін шыңдауы мен 
біліктіліктерін көтеруі де жолға қойылған.

114
ЖАҢАҚАЛА

115

116
Жаңақала жері ақын сырлы сөз сардары Махамбеттің, 
күйшілер  Құрманғазы,  Дина,  Мәмен,  Оқап,  Қали  мен 
Тұяқбердінің  дарабоз  дарындардың  құдіреті  дарыған, 
өсер ұрпағына қасиеті қонған ұлы өлке. Өлкенің өнерпаз 
ұлдары  мен  қыздары  ұлы  өнерден  кәсіби  бағыт  алып, 
биіктерден  көрінуіне,  дамуына  зор  үлесін  қосып  келеді. 
Сол қасиетті өнерді өмір өзегіне айналдырған әншілердің 
бірі-дарынды  өнерпаз  Жұмағаным 
Құспанғалиева. 
Иә,  опера  дегенде  бәрімізге 
қазақ  халқының  мақтанышы  Бибігүл 
Төлегенова,  Роза  Бағланова,  Ер-
мек  Серкебаев  немесе  эстрада-
да  ән  айтса  жанын  салып  айтатын 
Мақпал  мен  Розаны  айтарымыз  хақ. 
Ал  қарапайым  халық  арасында  да 
ұлттық  өнерімізді  бұлбұл  үнімен 
өмірде  өрелі  өнеге,  үйренерлік 
үздік  үлгі  етіп  көрсетіп  келе  жатқан 
асыл  жандарымыз  бар  екенін  естен 
шығармайық.  Бүгінгі  мақаламызға 
арқау 
болған 
жаңақалалық 
күміс  көмей  әнші  Жұмағаным 
Құспанғалиева  сол  дала  бұлбұлы 
ретінде  киелі  топырағы  Жаңақала 
жеріне  ғана  емес,  республикаға  та-
нымал.  Ол  туған  жерін  әсем  әнімен  де,  сұлу  сәнімен  де 
қашанда  қуантумен  келеді.  Қырық  жылға  жуық  уақыт 
аралығында табиғи талантын саф таза күйде ұстап, әйел 
деп  аталатын  нәзік  те  сұлу  әлеміне  кіршік  жұқтырмай, 
ОНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН 
«АЙЗЕРЕ» ӘЖЕЛЕР 
АНСАМБЛІ АШЫЛЫП, 
ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРДІ. 
БҰЛ ӨНЕР ҰЖЫМЫ ОСЫ 
УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЖҰМЫСЫН 
ТОҚТАТПАЙ, ҮЗДІК 
ӨНЕРПАЗДАР ҚАТАРЫНАН 
КӨРІНІП, АУДАН, 
ОБЛЫС  КӨЛЕМІНДЕГІ 
ІС-ШАРАЛАРДА ӨЗІНДІК 
ҮЛЕСТЕРІН ҚОСЫП ЖҮР 
ӨМІРІН
ӨНЕРМЕН 
ӨРНЕКТЕГЕН ЖАН
ӨНЕР
өнерімен  жерлестерінің  қошаметіне  бөлене  білген  жан.   
Бесікте  ән  мен  әуезбен  тербелген  ол  тұлымшағы 
желбіреген балғын шағынан әнге әуес болып жетілді. Жа-
сынан  санасына  халық  әндерінен  бастап  Абай  әндерін, 
қазақтың ақиық ақындарының ақ ұлпа, ғазыл жырларын, 
күміс  көмей  сазгер,  сал-серілердің  әндерін  сіңірді.  Асыл 
әкесі Молдаш ән десе алдындағы асын суытатын, ел ішінде 
белгілі әнші, ойын-сауықтың шырайы 
болған.Бойына  құдай  сыйға  тартқан 
осы  өнерін  мектеп  қабырғасында 
жүргенде  одан  әрі  ұштады.  Балғын 
Жұмағаным  жезтаңдай  әнші  Роза 
Бағланованың 
репертуарындағы 
әндерді    шырқауға  машықтанды. 
«Біржан  -  Сара»  операсындағы 
Сараның  ариясын  үйренді.  Сөйтіп, 
1976  жылы  орта  мектепті  аяқтаған 
бойда  ауылдағы мәдениет үйіне ав-
токлуб  меңгерушісі  болып  жұмысқа 
тұрды.    1979  жылы  жоғары  білім 
алу  мақсатында  Орал  мемлекеттік 
музыкалық  училищесіне    «Ән  салу»  
мамандығына оқуға  түседі. Оны 1983  
жылы аяқтап, туған жерге оралып, ав-
токлуб  меңгерушісі  болып  жұмысын 
жалғастырды.  Осы  жылдар  ішінде 
жас  маман  кәсіби  біліктілігімен,  ұйымдастырушылық 
қабілетімен  танылып,  әріптестері  арасында    құрметке 
бөленді.  Жемісті  қызметі  еленіп,  сала  басшыларының 
Алғысхаттары мен Құрмет  грамоталарына ие болды.

117
Батыс Қазақстан облысы
 - Япырм-ай десеңші! Уақытқа тоқтам бар ма? 
Диірменнің тасындай зыр айналған мезет-ай, бұған 
да  жарты  ғасырға  жуық  мезгіл  өтіпті.  Ешқашан 
жетістіктеріме  масаттанған  жан  емен.  Жүректен 
шыққан ән жүректерге жетсе жетіп жатыр. Менің ең 
басты жетістігім де осы. Әлдекімдердей жұмыстан 
қалжырап шаршаған күнім де болған емес. Сонау 
жылдары  далада  қыстың  суығына,  жаздың  аптап 
ыстығына қарамай ән салған күндеріміз өтті,-деп 
еске алады өткен шақты ойлап, қабағын кере түсіп, 
әңгімесін одан әрі сабақтап.
Талантты  жан  өзінің  40  жылдық  еңбек  жо-
лында 
тыңғылықты, 
тындырымды, 
жігерлі, 
ұйымшыл  екендігін,  мәдениеттің  шын  қадірін 
білетін,  әрбір  іске  жауапкершілікпен  қарайтын, 
өз  ісін  жетік  меңгерген  маман  екендігін  көрсетті. 
Оның  ұйымдастыруымен  «Айзере»  әжелер 
ансамблі  ашылып,  өз  нәтижесін  берді.  Бұл  өнер 
ұжымы  осы  уақытқа  дейін  жұмысын  тоқтатпай, 
үздік  өнерпаздар  қатарынан  көрініп,  ау-
дан,  облыс    көлеміндегі  іс-шараларда  өзіндік 
үлестерін  қосып  жүр.  Мәдениет  үйі  жанындағы 
Тұяқберді  Шәмелов  атындағы  ансамблі  мен 
«Наз»  қыз-келіншектер  оркестрінің  өнері  жетіле 
түсуіне  бар  күшін  салып,  олардың  құрамын, 
шығармашылық деңгейін жыл сайын шыңдап келді.  
Оның  атқарған  еңбегі  лайықты  бағаланып,  2013 
жылы облыстық Мәдениет басқармасының Құрмет 
грамотасымен, 2011-2014 жылдары аудан әкімінің 
Алғысхатымен марапатталды. 
Бүгінде 
аудандық 
мәдени 
демалыс 
орталығының  режиссері  қызметін  абыроймен 
атқарып  жүрген  талантты  жан  екі  ұл,  бір  қыз 
тәрбиелеп  өсірген  ана.  Ол  өзінің  ұжымына  ғана 
емес, бүкіл ауыл, аудан жұртшылығына да сыйлы, 
өмір тәжірибесіне де, іс-тәжірибесіне де жетік ма-
ман.
Танылуды  өз  алдына  міндет  етпей,  көрермен 
жүрегіне  дән  болып  егіліп,  сағынышы  болып 
тамсандырып,  әнге  сусаған  жүректердің  шөлін 
қандырып  жүріп  жатқан  халықтың  ерке  қызы. 
Еркіндікті сүйген өнерлі жан әніне көк аспандағы 
қалықтаған ақ бұлттай еркіндік берген көркем жан. 
Тәңірім лайым осылай ақ жүректі әнші Жұмағаным 
апайға талантын ұшқыр қылып, шабытын шыңдап 
туған  жері  Жаңақаласын  әнмен  тербетіп  жүре 
беруіне нәсіп етсін демекпіз.

118
ЖӘНІБЕК

119

120
«Ауданның 2020 жылға дейінгі даму жоспарында 3000 
бас  ірі  қараға  арналған  бордақылау  алаңын,  шағын  сүт 
зауытын,  етті  вакуумды  консервілеу  цехын  салу,  көкөніс 
шаруашылығын  құру  арқылы  жылыжайларды  іске  қосу, 
асыл  тұқымды  мал  шаруашылығымен  айналысатын 
шаруашылықтардың санын арттыру көзделген», – деді ау-
дан әкімі Наурызбай  Қарағойшин. 
Оның  баяндауынша,  Жәнібек  ауданының  биылғы 
бюджеті  2  млрд.  431  млн.  63  мың  теңге  болып  бекітілсе, 
соның  ішінде  трансферттер  көлемі  2  млрд.  189  млн.  998 
мың теңгені құраған. Ауданда мал шаруашылығы қолайлы 
жағдайда өрістеуде. Бүгінге дейін ірі қара 35567, қой мен 
ешкі 75 199, жылқы 10941, түйе 99, құс 18605 басқа жетті. 
Сәйкесінше,  2346,9  тонна  ет, 
7932,7  тонна  сүт,  1121  мың 
дана  жұмыртқа  өндірілді.  Ре-
сей Федерациясына 730 бас ірі 
қара және 780 бас қой  еттері 
экспортқа шығарылды. 
Жыл 
басынан 
аудан 
шаруашылықтары  271  бас 
асыл  тұқымды  бұқа,  52  бас 
асыл  тұқымды  қошқар  және 
төрт  бас  асыл  тұқымды 
көшім  жылқысын  сатып  алды. 
«Сыбаға»  бағдарламасы  бой-
ынша жеті шаруа қожалығы 90 
млн.  теңге  несие  қаражатына 
18  бұқа  және  402  бас  сиыр 
иеленді.  Тағы    бір  шаруа 
қожалық 
жетекшісі 
осы 
мақсатта 
10 
млн. 
теңге 
ЕЛУГЕ ТАРТА 
БАСПАНА БОЙ КӨТЕРМЕК
Жәнібек ауданы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ресей Федерациясының Волгоград 
және Саратов облыстарымен, сондай-ақ Бөкей ордасы және Қазталов аудандарымен шекаралас жатыр. Ауданда 9 ауылдық 
округ бар. Аудан тұрғындарының саны – 17357. Қыркүйектің 1-іне дейін ауданға 78 адам көшіп келген болса, 77 адам қоныс 
аударды. 148 бала дүниеге келіп, 77 адам қайтыс болды. Табиғи өсім 71 адамды құрады.
көлемінде  несие  алуға  құжаттарын  рәсімдеуде.  «Алтын 
асық»  бағдарламасы  ауқымында  екі  шаруа  қожалығы  13 
млн. теңге несиеге қол жеткізіп, асыл тұқымды Ақжайық 
етті-жүнді тұқымды 30 бас қошқар мен 465 бас қой сатып 
алды. «Құлан» бағдарламасы бойынша мал алу мақсатында 
екі  шаруа  қожалығы  қажетті  құжаттар  рәсімдеуде. 
Жәнібек ауданында «Агробизнес-2020» бағдарламасының 
шеңберінде  биыл  8  айдың  ішінде  тұқымдық  түрлендіру 
бағыты  бойынша  166  шаруа  қожалығы  және  1  ауылдық 
тұтыну  кооперативін  қосқанда  11523  бас  аналық  мал 
427  бас  асыл  тұқымды  бұқамен  қамтылса,  15  ШҚ-ның 
5844 аналық қойына 196 асыл тұқымды қошқар қосылды. 
Сондай-ақ,  ауыл  орталықтарындағы  жеке  табындардағы 
4174  бас  аналық  мал  151  бас  асыл  тұқымды  бұқамен 
қамтылды.  Жалпы  алғанда  аудан  бойынша  15600  бас 
аналық мал тұқымдық түрлендірумен қамтылып, 90 пайыз 
құрады.
Аудандағы шаруашылық құрылымдары 24 бірлік жаңа 
ауыл  шаруашылығы  техникасын    иемденсе,  соның  12-сі 
лизинг арқылы берілді. Қысқы маусымға шаруашылықтар 
күні  бүгінге  146,4  мың  тонна  мал  азығын  дайындап 
үлгерді.  Сондай-ақ  ветеринарлық  алдын  алу  шаралары 
жүргізілуде.  Диагностикалық  зерттеу  нәтижесінде  28902 
бас мүйізді ірі қараның 639-ы, ал 68844 бас ұсақ малдың 
48-і сарып ауруына оң нәтиже берді. Бұл малдарды ет ком-
бинаттарына тапсыру жұмыстары жүзеге асырылды. Биыл 
515 бас бұралқы ит пен мысықтың көзі жойылды. Мұндай 
шараға бюджеттен 788 мың теңге қаражат бөлінген. 
Аудандағы  кәсіпкерлік  нысандарында  109  жаңа 
жұмыс  орны  ашылды.  Бұл  нысандар  бюджетке  31  млн. 
982 мың теңге көлемінде салық түсірді. Жыл басынан үш 
азық-түлік және шаруашылық дүкендері, бір мейрамхана 
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫС

121
Батыс Қазақстан облысы
мен  кафе  іске  қосылды.  «Бизнестің  жол  картасы  -  2020» 
бағдарламасының  бірінші  бағыты  бойынша    екі  жеке 
кәсіпкердің жобалары мемлекеттік грант есебінде 2 млн. 
800 мың теңгеге қаржыландырылса, тағы екі кәсіпкер 14 
млн.  теңге  пайыздық  несие  алды.  Аудан  орталығындағы 
«Әлем»  базарында  ағымдағы  жылдың  мамыр  айы-
нан  бастап  15  мәрте  ауыл  шаруашылығы  жәрмеңесі 
ұйымдастырылған.  «Ұлан» шаруа қожалығы аумағы 1000 
шаршы метр құрайтын жылыжайдан 14 тонна қияр жина-
са,  ауданның  шаруашылықтары  түрлі  көкөніс,  бау-бақша 
дақылдарын егіп, аудан тұрғындарын сапалы өнімдермен 
қамтамасыз етуде.
Жәнібек  ауданында  жалпы  білім  беретін  10  орта,  2 
негізгі, 4 бастауыш мектеп, 9 мектепке дейінгі, 3 қосымша 
білім  беретін  ұйым,  1  психологиялық-педагогикалық 
түзеу  кабинеті  жұмыс  жасайды.  Барлық  мектептер  жаңа 
модификациялық  кабинеттермен  жабдықталған.  Биылғы 
оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 17 млн. 
550 мың теңгеге роботтар сатып алу көзделген.
Жаңа  оқу  жылына  дайындық  барысында  аудан 
мектептерінің  ағымдағы  жөндеу  жұмыстарына  6  млн. 
теңге  қаражат  бөлініп,  қажетті  құрал-жабдықтар  алын-
ды.  Сондай-ақ  19  млн.  356  мың  теңге  қаржыға  білім 
мекемелеріне  қажетті  оқулықтар  толықтай  жеткізілді. 
«Балапан»  бағдарламасына  сай  аудан  бойынша  мектеп-
ке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  905  баланы  (99,8  пайыз) 
қамтыған. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 
жергілікті  бюджеттен  барлығы  4  млн.  346  мың  қаражат 
бөлініп,  1-10  сынып  аралығындағы  2406  оқушы  (100 
пайыз)  жазғы  демалыспен  қамтылды.  Былтырғы  оқу  жы-

122
лында 163 түлек мектепті аяқтаса, соның 144-і (88,9 пай-
ыз)  ұлттық  бірыңғай  тестілеуге  қатынасты.  Тестілеудің 
нәтижесі бойынша орташа көрсеткіш  80,8 балды құрады. 
Сондай-ақ  сегіз  түлек  «Алтын  белгі»  иегері  атанса,  13 
түлек «Ерекше аттестатқа» ие болды. Мектеп түлектерінің 
35-і  мемлекеттік  грант  есебінен  еліміздің  жоғары  оқу 
орындарына  түсті,  екеуі  әскери  оқу  орындарына  барды, 
екі  түлек ТМД елдерінде оқуда. 
Аудандағы  медициналық  ұйымдарда  24  дәрігер 
және  124  орта  буынды  медициналық  қызметкер  еңбек 
етуде.  Жоспарлы  түрде  скринингтік  зерттеулер  мен 
флюорографиялық  тексерулер  өткізіліп,  науқастарға 
қажетті емдік шаралар тағайындалуда. Тұрғындарды дәрі-
дәрмек қамтамасыз ету бағытында 4 дәріхана жұмыс жа-
сайды.
Жәнібек ауданында жыл басынан ана мен бала өлімінің 
дерегі тіркелген жоқ. Биыл денсаулық сақтау ұйымдарына 
алты дәрігер және үш медициналық қызметкер жұмысқа 
орналасты. Жас мамандардың екеуіне тұрғын үй берілсе, 
бесеуіне бір жолғы көтермеақы берілді. 
Ауданда 24 (103 адам) кедей отбасына 2 млн. 87 мың 
900 теңге көлемінде мемлекеттік атаулы көмек берілген. 
Сонымен қатар 182 отбасыға тұрғын үй көмегі көрсетіліп, 
788 отбасындағы 18 жасқа дейінгі 1747 балаға  мемлекеттік 
жәрдемақы төленген. Аудандағы жұмыспен қамту орган-
дарына 770 адам жолығып, 80 адам жұмыссыздар есебіне 
алынды.  Бірінші  жартыжылдықта  257  адам  жұмысқа  ор-
наласып,  452  жұмыссыз  ақылы  қоғамдық  жұмыстарға 
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫС

123
Батыс Қазақстан облысы
тартылды.  «Жастар  тәжірибесі»  арқылы  35  жас  маман 
жұмысқа  жолданды.  «Жұмыспен  қамту  2020  жол  кар-
тасы»  бағдарламасы  ауқымында  20  адам  60  млн.  теңге 
көлеміндегі  несиелік  қаражатқа  ие  болған.  Тау  ауылдық 
мәдениет үйіне «Символ» ЖШС күрделі жөндеу жүргізуде. 
Ауданда  жыл  басынан  16  мүгедек  Ақмола  облысындағы 
Щучье қаласындағы «Алмаз» шипажайынан ем алған.  
«Аудандағы діни ахуал тұрақты. Бес ауылда мешіт, үш 
ауылда  намазхана  бар.  Ауданда  терроризмге  қарсы  ко-
миссия жоспарға сәйкес жұмыс жасауда», –  деді Наурыз-
бай Қарағойшин. 
Қазан  айында  көрнекті  қоғам  қайраткері  Мұстахим 
Ықсановтың 90 жылдық мерейтойы атап өтілді. Мәдени-
көпшілік  шаралар  аясында    Жәнібек  колледжі  алдында 
оған арналған кеудемүсін орнатылып, тынымбақ ашылды. 
  «РСУ-1»  ЖШС  жыл  аяғына  дейін  Жәнібек-Қазталов 
республикалық  маңызы  бар  жолдың  11,3  шақырымын 
жөндеуді  аяқтамақ.    Биыл  сол  мақсатта    асфальт  зауы-
ты  іске  қосылған.  Ал  «Өңірлерді  дамыту»  бағдарламасы 
шеңберінде Талов және Қамысты ауылдарында спорттық 
ойын  алаңдарын  орнатуға  17  млн.  303  мың  теңге  қаржы 
қарастырылған,  облыстық  бюджет  қаражаты  есебінен 
барлығы 25 млн. 475 мың теңгеге Құрсай және Көлтабан 
медициналық  пункттерін  күрделі  жөндеуден  өткізу  жо-
спарлануда. 
2020  жылға  дейінгі  даму  жоспарына  сәйкес,  ау-
дан  орталығында  40  екі  пәтерлі  және  сегіз    үш  пәтерлі 
тұрғын үйлер салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар 
жасақталмақ.  Жұмаев,  Өнеге  және  Майтүбек  елді 
мекендерін газдандыру, Ақоба ауылына су құбырын тар-
ту,  Жәнібек,  Талов,  Қамысты  ауылдарындағы  ауыз  су 
құбырын қайта жөндеуден өткізу, бірқатар мәдениет және 
білім ошақтарын күрделі жөндеу де өзекті мәселелердің 
қатарында.  Аудан  Наурызбай  Қарағойшин  бірқатар  ау-
ылдарда  тұрғындар  санының  аздығына  байланысты 
ұялы  байланыс  тартылмай  отырғанын  айтты.  Сонымен 
қатар  тозығы  жеткен  электр  желілерін  жаңалау,  аудан 
орталығына  электрқуатын  беретін  газ-поршенді  стан-
са  орнату  да  алдағы  кезеңдерде  қолға  алынатынын 
мәлімдеді.  «Соңғы  жылдардағы  қуаңшылыққа  байланы-
сты  аудандағы  бірден-бір  егістік  салатын  Тау  ауылдық 
округінде биыл дәнді дақылдар егілмеді. Негізінен, аудан-
да мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінетін болады», 
– деді біздің сауалымызға аудан басшысы. 
Нұртай  АЛТАЙҰЛЫ,
Батыс Қазақстан облысы

124

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет