Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ЖАҢА Қазақстанды қалыптастырудағЫ Қр тұҢҒыш президенті н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері»



Pdf көрінісі
бет19/47
Дата30.01.2017
өлшемі5,76 Mb.
#3043
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47

Касимова С.С. т.ғ.к., доцент (ҚарМТУ) 

Ушакова К.В. аға оқытушы (ҚарМТУ) 

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАН ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ 



ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ РОЛІ 

 

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 



тәуелсіздігі туралы» Заңның қабылдануы жаңа мемлекеттің құрылғанының 

заңдық  негізін  қалады.  Тәуелсіздіктің  заңды  түрде  жариялануы  одан 

кейінгі уақыттарда елдің жаңа мемлекеттік рәміздерін әзірлеп, қабылдауға 

жағдай  жасады.  Елдіктің,  мемлекеттіктің  нышаны  –  Қазақстанның  Туы, 

Елтаңбасы  мен  Мемлекеттік  Әнұраны  1992  жылдың  4  маусымында 

қабылданды.  

Егемендіктің  алғашқы  жылында  дүние  жүзін  елең  еткізген  ұлы оқиға, 

ұлы  бастама  –  1991  жылғы  29  тамызда  Семей  ядролық  полигонын  жабу 

туралы  Жарлыққа  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 

Назарбаевтың  қол  қоюы  болды.  Бұл  әлемнің  бейбіт  сүйгіш  халықтары 

үшін  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  қорғау,  жалпыадамзаттық 

мақсаттардың жүзеге асуы десек қателеспейміз. Семей, Шығыс Қазақстан 

және  Павлодар,  Қарағанды  облыстарының  аймағында  тұратын  жергілікті 

халық  елу  жылдан  бері  тартып  келе  жатқан  азулы  аждаһаның  осылайша 

ауыздықталуы  Қазақстанның  әлем  жұртшылығы  алдындағы  баянды 

беделінің  даңғыл  жолын  салып  берді.  Осы  кезден  бастап  Қазақстан  – 

Назарбаев деген ажырамас ұғымдар бейбітшіліктің синониміне айналды.  

Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарынан  бастап-ақ  Қазақстан  өзінің 

сыртқы саясатында  көп  векторлы  бағыт  қалыптастырды. Алдымен  Қытай 

Халық  Республикасымен  екі  жақты  бағыт  орнатылды,  Қорғас  шекаралық 

өткелі  арқылы  екі  ел  арасындағы  сауда-экономикалық  байланыстары 

кеңейтіле  бастады.  Энергетикалық  дипломатияның  жандануының  айғағы 

2003  жылғы  маусымда  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  мен  СNPC  Қытайға  «Атасу  – 

Алашанькоу»  мұнай  құбырының  тартылуы  болды.  Сонымен  бір  мезгілде 

Сингапур,  Үндістан,  Иран  Ислам  Республикасымен  дипломатиялық 

қарым-қатынастар орнатылды [2].  

1991  жыл  –  Қазақстанды  әлем  елдерінің  мойындау  жылы  болды.  Осы 

жылы  елімізді  әлемнің  108  мемлекеті  танып,  70  таяу  мемлекеттермен 

дипломатиялық  келісім  жасалды.  Қазақстан  астанасы  Алматыда  шет 

мемлекеттердің елшіліктері ашылды.  

1991  жылғы  25  желтоқсанда  АҚШ  Президенті  Дж.  Буш  Қазақстан 

Республикасының  тәуелсіздігін  тану  және  Қазақстан  Республикасы  мен 

АҚШ  арасында  дипломатиялық  қатынастар  орнатылатынын  қуаттау 

туралы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевқа жолдау жіберді.  



186 

 

Жер  шарындағы  алпауыт  ел  –  АҚШ-пен  ынтымақтастықтың 



орнығуына 1992 жылғы 25-27 қазан аралығында Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-

қа  ресми  сапармен  баруы  жол  ашты.  Мемлекетаралық  «Жәрдемдесуді 

жеңілдету  бойынша  ынтымақтастық  жөніндегі  келісім»,  «Күрделі 

жұмсалымды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім» құжаттарына 

қол  қойылуы  екі  ел  арасында  келісім,  саяси-экономикалық  байланыстар 

орнатуға жол ашты.  

Қазақстанның  сыртқы  қарым-қатынастардың  заңдық  негізі  Елбасы 

Н.Ә.  Назарбаев  баяндаған  қағидалар  мен  міндеттерге  сүйенген 

тұжырымдамаға негізделеді.  

1992 жылы 25 қаңтарда ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атына БҰҰ-

ның  Бас  Хатшысы  Бутрос  Галиден  келген  жеделхатта  Қазақстанды  БҰҰ-

ны  мүше  етіп  қабылдау  туралы  айтылды.  Хатта  Қазақстанның  БҰҰ 

Жарғысында көрсетілген міндеттерді орындауға қабілетті екендігіне сенім 

білдірілді.  Осы  жылдың  2  наурызында  Қазақстан  БҰҰ-на  тең  құқылы 

мүше болып қабылданды. Дүние жүзі елдерінің Қазақстанның мемлекеттік 

егемендігі  мен  тәуелсіздігін,  халықаралық  қоғамдастықтың  субъектісі 

екендігін  мойындауы  еліміздің  алға  қарыштап  дамуына  серпін  берді. 

Содан бері өткен ширек ғасыр уақыт ішінде Қазақстан өзінің бейбіт сүйгіш 

миссиясынан  бастап,  экономикалық,  мәдени,  ғылыми  бағыттағы 

байланыстарды  дамытуға  ат  салысып  келеді.  Мұның  нәтижесін  еліміздің 

осы салалардағы қол жеткен табыстарынан көруге болады.  

Тәуелсіздік  алған  алғашқы  күндерден  бастап  Қазақстан  әлемдегі 

ядролық  қаруларды  сынауға  қарсы  саясат  ұстанған  бірден-бір  мемлекет 

болды.  Соның  айғағы  алдымен  өзінің  аумағындағы  ядролық  сынақ 

полигонын  жапты.  1991  жылғы  29  желтоқсанда  Алматыда  өткен  жиында 

Беларусь,  Қазақстан,  Ресей,  Украина  басшылары  бұрынғы  КСРО-ның 

ядролық қаруының жұмыс істеуін бірлесіп бақылау жолдарын белгіледі. 

1992 жылы 23 мамырда Лиссабонда жоғарыда аталған төрт мемлекеттің 

өкілдері  осы  елдерде  орналасқан  ядролық  күштерді  қысқартудағы 

өздерінің  жауапкершілігін  белгілеген  Лиссабон  хаттамасына  қол  қойды. 

Бұл  жиындағы  маңызды  мәселе  –  Қазақстанның  ядролық  мұрадан 

түпкілікті  бас  тартатыны  жайындағы  тарихи  шешім  қабылдауы  болды. 

Жалпыадамзаттық өркениетке, оның сақталуына, қорғауға осылайша үлес 

қосқан  Қазақстанның  бұдан  былайғы  жерде  қарусыз  мемлекет  ретіндегі 

заңдық  мәртебесі  1994  жылғы  ЕҚЫҰ-ның  Будапешт  қаласында  өткен 

саммитінде  арнайы  орнықты.  Қазақстанның  бұдан  былай  қарусыз 

мемлекет  екендігіне  Ресей,  АҚШ,  Ұлыбритания,  кейіннен  Қытай  мен 

Франция мемлекеттері сенім білдірді [2]. 

Араға  22  жыл  салып  2016  жылғы  наурыз  айының  аяғында  АҚШ 

астанасы  Вашингтонда  өткен  ядролық  қауіпсіздік  жөніндегі  төртінші 

саммитте  Қазақстан  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Әлем.  ХХІ  ғасыр» 

Манифесі  әлемге  жария  етілді.  Манифест  мазмұнының  өзектілігі  адамзат 



187 

 

баласына «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» атты кең көлемдегі бағдарламаның 



ұсынылуында.  Қазақстан  басшысы  жаһандану  жағдайында  әлем 

мемлекеттері  арасында  туындаған  барлық  талас-тартыстарды  бейбіт 

жолмен реттеу, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін тең жауапкершілік, өзара 

құрмет  пен  ішкі  іске  араласпау  принциптеріне  негізделген  салиқалы 

келіссөздер  болуы  керек  екендігін  баса  айта  келе  осы  бағытта  мынадай 

жұмыстар іске асырылуы керектігін жіктеп көрсетті:  

Бірінші,  ядролық  және  басқа  да  жаппай  қырып-жоятын  қарудан 

толықтай азат әлемге қарай дәйектілікпен ілгерілеу; 

Екінші,  ХХІ  ғасырда  өмірлік  іс-әрекеттің  тәсілі  ретінде  соғыстың  түп-

тамырын біртіндеп жойып, орнықты әлемнің географиясын қалыптастыру; 

Үшінші,  ХХІ  ғасырда  милитаризмнің  жаһандық  қауіпсіздікке  қатер 

төндіріп,  кең  ауқымды  халықаралық  ынтымақтастыққа  кедергі  келтіретін 

әскери  блоктарға  БҰҰ  туы  астында  мемлекеттердің  бейбітшілік, 

тұрақтылық,  сенім  мен  қауіпсіздік  жолындағы  жаһандық  коалициясын 

қарсы  қою  қажет.  Таяу  арадағы  он  жыл  ішінде  жалпыға  ортақ  міндет 

Ауғанстандағы, 

Ирактағы, 

Йемендегі, 

Ливия 

мен 


Сириядағы, 

Украинадағы,  Палестина  мен  Израильдегі  соғыстар  мен  жанжалдарды 

тоқтату; 

Төртінші, қазіргі таңдағы жаңа қатер – терроршылардың қолындағы аса 

қауіпті қаруға айналуы мүмкін киберқылмысты жоюмен айналысу

Бесінші, соғыстар мен жанжалдардың түбегейлі себептерін жою. Барлық 

ұлттардың  инфрақұрылымға,  ресурстар  мен  нарықтарға  теңдей  және 

әділетті қолжетімділігі негізінде дамудың жаңа үрдісін қалыптастыру.  

Тәуелсіздіктің  жиырма  бес  жылында  Қазақстанның  сыртқы  саясаты 

мемлекеттік саясаттың ажырағысыз бір бөлігі болып орнықты. Бұған дәлел 

Қазақстанның  әлемдік  мәселелерді  шешуге  белсенді  қатысуымен  қатар, 

ұйымдастыруға  да  мұрындық  болуында.  2010  жылы  ЕҚЫҰ  саммитінің, 

2003  жылдан  бастап  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының 

съезінің Қазақстанда өтуі, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше болып, 

төрағалық  етуі,  Азиядағы  өзара  ықпалдастық  және  сенім  шаралары 

жөніндегі  кеңес  (АӨСШК)  бастамасын  жүзеге  асыруға  бастамашылық 

етуі.  

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  бастама  көтеруімен  алдағы  2017  жылда 



ауқымды 

шара 


– 

Елорда-Астанада 

ЕХРО-2017 

халықаралық 

мамандандырылған  көрмесі  өтпекші.  Қазіргі  таңда  Қазақстанның 

шетелдерде 34 елшілігі, 7 тұрақты өкілдігі, 11 дипломатиялық миссиясы, 7 

бас консулдығы бар [2]. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



 

1. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы.  2003. 

2. Қазақстан тарихы. 5 Том. Алматы, «Атамұра», 2010. 

 


188 

 

УДК 342.51 (574)  



 

Куралов А.Д. (КарГТУ, МД-16-1) 

Жекешев Т.О. (КарГТУ, МД-16-1) 

Научн. рук. – к.и.н., доцент Сулейменова М.Ж. 

 

РОЛЬ ПРЕЗИДЕНТА КАЗАХСТАНА Н.А. НАЗАРБАЕВА 

В СТАНОВЛЕНИИ КАЗАХСТАНСКОЙ ГОСУДАРСТВЕННОСТИ 

 

Одной  из  важнейших  составляющих  казахстанской  модели 



государственного  управления  является  роль  лидера.  Несомненно,  что  на 

возрождение 

казахстанской 

государственности, 

общественно-

политическую  и  социально-экономическую  жизнь  страны  в  целом 

оказывает  влияние  Первый  Президент  Республики  Казахстан  Н.А 

Назарбаев.  В  связи  с  этим  особую  актуальность  приобретает  проблема 

теоретического осмысления исторической роли Президента как основателя 

независимого  государства.  Биография  Президента  Республики  Казахстан 

неотделима  от  современной  истории  страны  и  народа.  Проводимая  им 

политика  стала  эффективным  инструментом  избавления  Казахстана  от 

рецидивов советского прошлого, основой созидания казахстанской модели 

государственности.  Став  Президентом  республики  в  апреле  1990  года, 

Нурсултан  Назарбаев  взял  на  себя  огромную  ответственность  за 

республику  и  ее  граждан.  Он  стал  генератором  идей,  модератором 

сложных  и  важных  для  общества  и  государства  процессов.  Поворотным 

моментом  в  современной  истории  Казахстана  явилось  обретение 

независимости в результате распада СССР. На политической карте мира в 

1991  году  появилось  новое  государство  –  Республика  Казахстан.  После 

распада  Советского  Союза  и  обретения  независимости  Казахстан,  как 

другие республики, поставил перед собой цель строительства собственной 

государственности,  перехода  к  рыночной  экономике,  создания 

демократического общества и укрепления национального самосознания. 

Перед  руководством  нашей  страны  стоял  трудный  вопрос  выбора 

последовательности реформ, выбора приоритетов развития. Как мы знаем, 

Президент  Н.А.  Назарбаев  выбрал  путь  постепенного  реформирования 

экономики,  поставив  задачу  экономического  развития  впереди 

политических  изменений.  Жизнь  показала,  что  выбор  Главы  государства 

был  верным.  Формула  Н.А.  Назарбаева  «сначала  –  экономика,  затем  – 

политика»  стала  классическим  выражением  методологии  успешных 

реформ на постсоветском пространстве.  

Благодаря  успеху  нашей  страны,  получило  широкое  распространение 

такое  понятие,  как  «казахстанская  модель  развития»  [1]  которое 

заключается в поступательном движении вперед по четко заданному курсу 

– на основе взвешенной и глубоко продуманной стратегии. За короткий, по 

историческим  меркам,  отрезок  времени  Казахстан  превратился  в 

самостоятельное,  политически  и  экономически  независимое  государство, 

что  подтверждается  успешным  преодолением  последствий  недавнего 


189 

 

финансово-экономического кризиса, который сильно ухудшил социально-



экономическую  ситуацию  во  многих,  даже  более  развитых  странах.  16 

декабря  1991  года  произошло  крупнейшее  событие  в  истории 

казахстанского народа. В этот день Верховный Совет принял, а Президент 

страны  Н.А.  Назарбаев  подписал  Конституционный  закон  «О 

государственной независимости Республики Казахстан», который положил 

начало строительству новой, суверенной государственности, являющейся, 

общественной,  политической  и  культурной  ориентацией,  направляющей 

страну  на  развитие  государства,  его  защиту,  совершенствование 

политической  организации  общества.  Как  отмечают  политологи, 

государственность  становится  острой  политической  проблемой  и  сферой 

борьбы  в  переходные  периоды  истории  многих  стран  и  регионов  мира,  в 

частности,  в  современную  эпоху  всемирной  деколонизации,  распада 

империй  и  государственных  союзов.  Конституционный  Закон  «О 

государственной  независимости  Республики  Казахстан»  стал  новым 

этапом в политико-конституционном развитии республики и отразил такие 

основополагающие  демократические  принципы,  как  право  нации  на 

самоопределение,  приоритет  прав  и  свобод  личности,  политическая 

стабильность, разделение властей, межнациональное согласие.  

За  годы  становления  и  развития  суверенного  государства  Президент 

Казахстана  проявил  себя  как  целеустремленный  и  решительный  лидер. 

Очевидцы  свидетельствуют,  как  остро  переживал  Н.А.  Назарбаев  за 

исполнение  своих  инициатив,  как  хорошо  понимал  проблемы  и  чувства 

простых  казахстанцев.  В  эти  годы  была  принята  Конституция  страны, 

введена национальная валюта и другие атрибуты суверенного государства, 

в  том  числе  такие  как  Флаг,  Герб  и  Гимн.  Создан  мощный  оплот 

независимости  –  Вооруженные  силы.  по  всем  периметрам  страны 

законодательно  оформлена  государственная  граница  с  соседними 

дружественными государствами.  

Отметим еще один важный момент – все главные стратегические решения 

в  Республике  Казахстан  за  годы  независимости  инициировались  и 

происходили  при  прямом  участии  Главы  государства  –  Н.А.  Назарбаева.  На 

первом,  самом  трудном  этапе  становления  государственности  естественным 

шагом было сосредоточение полноты власти в одном ключевом институте. Им 

закономерно  стал институт президентства,  учрежденный  в апреле 1990 года. 

Сегодня  можно  констатировать,  что  президентская  власть  в  Республике 

Казахстан  блестяще  справилась  со  своей  исторической  задачей.  На 

протяжении  двух  десятилетий  институт  президентства  являлся  стержневым 

элементом  казахстанской  государственности,  а  также  был  надежной  опорой 

комплексных  реформ  в  Казахстане.  Именно  Первый  Президент  РК  Н.А. 

Назарбаев  лично обеспечивал  системную логику, разумную постепенность и 

гуманистическую  направленность  преобразований,  от  успеха  которых 

критически  зависело  историческое  будущее  Казахстана.  Институт  сильной 



190 

 

президентской власти обеспечивает политическую стабильность и устойчивое 



экономическое  развитие  нашей  страны.  В  Казахстане  создана  весьма 

эффективная  и  оптимальная  модель  административно-государственного 

управления.  Выстроена  четкая  вертикаль  государственной  власти.  Это 

ответственное  компактное  правительство,  профессиональный  парламент, 

независимый суд, исполнительные структуры самоуправления в регионах. Все 

это  в  комплексе  составляет  единый  системный  государственный  механизм 

власти. В стране сформировалась национальная деловая управленческая элита, 

которая  работает  в  условиях  развития  демократического,  гражданского, 

правового общества [2]. 

Особую  роль  лидер  государства  придавал  созданию  системы 

национальной безопасности с учетом геополитического и экономического 

положения Казахстана. Страна, занимающая девятое место в мире по своей 

территории,  должна  была  проводить  взвешенную  многовекторную 

политику,  суть  которой  заключалась  в  установлении  и  развитии 

взаимовыгодного  сотрудничества  со  странами  мирового  сообщества.. 

Казахстан  закрыл  Семипалатинский  испытательный  полигон  и  активно 

вступил на путь ядерного разоружения. Благодаря титаническим усилиям 

Президента  укрепился  международный  авторитет  нашей  страны. 

Казахстан  на  современном  этапе  имеет  статус  крупной  региональной 

державы  на  евразийском  пространстве,  играет  активную  роль  в  системе 

международных  отношений  и  занял  достойное  место  на  политической 

карте мира. Наше государство представлено в ООН, ОБСЕ, СВМДА, ОИС, 

ШОС, ЮНЕСКО, МВФ и во многих других авторитетных международных 

организациях. 

Президентом 

страны 


была 

принята 


уникальная 

долгосрочная  Стратегия  «Казахстан-2050»,  ставшая  своеобразным 

компасом,  который  указывает  нашей  стране  дальнейший  путь  успешного 

развития.  Символом  исторического  триумфа  деятельности  Главы 

государства  является  Астана  –  жемчужина  Казахстана,  уникальная  и 

красивейшая столица XXI века, главным архитектором и зодчим которого 

по  праву  является  Лидер  нации.  Выбор  Астаны  как  центра  проведения 

Всемирной  выставки  «ЭКСПО-2017»  в  очередной  раз  подтвердил,  что 

Казахстан  занимает  достойную  позицию  в  мировом  сообществе,  а  наш 

Лидер  нации  Н.А.  Назарбаев  является  общепризнанным  политиком 

глобального масштаба [3]. 

Список использованных источников 

1.  Назарбаев  Н.А.  Стратегия  «Казахстан-2050»:  Новый  политический 

курс  состоявшегося  государства».  Послание  Президента  РК  народу 

Казахстана // Индустриальная Караганда, 15 декабря 2012 г. 

2. Назарбаев Н.А. Нұрлы жол – путь в будущее. Послание Президента 

народу Казахстана. // Казахстанская правда, 13 ноября 2014 г. 

3. Утебаев М. Эпоха независимости Казахстана //Казахстанская правда, 

20

 

ноября 2015 г.  



 

191 

 

ӘОЖ  378.1  



 

 

Курымбаева С.К. (Қарағанды, ҚарМТУ) 



Ақбар С. (Қарағанды,ҚарМТУ) 

Бекетова Ж. (Қарағанды, ҚарМТУ) 

 

БІЛІМПАЗДЫҚПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚҚА 25 ЖЫЛ 

 

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ 



халқының  бостандыққа  ұмтылған  асқақ  арманы  мен  қайсар  рухының 

жемісі.  Сондықтан  да  біз  үшін  тәуелсіздік  күші  –  ең  қадірлі  күш.  Еліміз 

тәуелсіздігін  жариялап,  дербес  мемлекет  ретінде  әлемге  танылды.  Бүгін 

Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, 

халқы  бай  ел.  1991  жылы  1-желтоқсанда  республикада  бүкіл  халықтық 

Президент  сайлауы  болып  өтті.  Қазақ  КССР-нің  Президенті  болып 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.  

1997  жылы  Елорда  Ақмола  қаласына  көшірілді.  1998  жылы  «Астана» 

деген  ат  берілді.  Стамбулда  өткен  түркі  тілдес  халықтар  Саммитінде 

Астана 2012 жылғы Түркі әлемінің астанасы деп жарияланды. 

Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 

жылдығын  тойлайды.  Тәуелсіздікке  жету  –  оңай  жолмен  келген  жоқ,  ол 

бәрімізге  мәлім.  Бұл  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  көздеген  арман-

мұраттарының орындалуы. 

Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім 

табылды.  Неше  түрлі  ауыртпашылық  әкелген  Семей  полигоны  жабылды, 

Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта 

жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық. 

Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, 

индустриалдық  жаңғырту  жолында  жоғарғы  қарқынмен  дамып  келе 

жатқан мемлекетпіз. Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды 

түсірдік.  Экономика,  ішкі  және  сыртқы  саясатпен  қатар,  табиғи 

қорларымыз  да,  басқа  мемлекеттің  қарамағында  еді.  Сол  қиын-қыстау 

кезеңде,  қазақ  халқының  сана-сезімі,  намысы  оянды.  Жігерлі  қазақ 

жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді 

құқылы қолдануға талпынды. 

Бүгін  міне,  тәуелсіздіктің  25  жылдығы  қарсаңында,  біз  артқа  карап, 

Кеңес  Одағы  кезеңіндегі  тарихты,  сөзбен  жеткізе  алмайтын  қиын  өмірді 

еске  алып  жатамыз.  Сонау  Горбачёв  бастаған  қайта  құру  кезеңі  ұлттық 

сана-сезімді  оятты.  Жаппай  қазақ  мектептерінің  жабылуы,  қазақ  тілінде 

шығарылған  газет-журналдар,  мақалалар,  кітаптардың  сатылымнан 

жоғалуы,  жоғарғы  билеуші  таптың  басымдылығы,  біздің  ержүрек,  батыл, 

намысшыл  жандарымызды  ызаландырды.  Сөйтіп,  халықтың  ұлттық 

мүддесі үшін күреске жол ашылды. 

Осының  бәрі,  бізді  1986  жылғы  Алматыда  өткен  желтоқсан 

оқиғаларына  алып  келеді.  Себебі,  жаңа  алаңда  өткен  қазақ  жастарының 



192 

 

шерулері,  тәуелсіздікке  әкелген  бастама  десек,  қателеспейміз.  Бүгін  міне, 



желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін 

енді ғана ұға бастағандаймыз. 

1991  жылы  16  желтоқсанда  Тәуелсіздік  жариялаған  сәттен  бастап, 

Қазақстанды  күтіп  отырған  оқиғалардың  мән-жайын  түсіну,  ұғыну, 

мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, 

ең  тиiмдi  даму  стратегиясын  таңдауда  жан-жақты,  қайсар,  жігерлі,  саясат 

жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға ұқажет еді. 

Мұндай  тарихи  міндетті,  Жаратушы  осы  қасиеттерге  сай  Елбасымыз  - 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевқа  бұйырды.  Тәуелсіз  мемлекеттің  қазіргі 

келбеті,  бастан  өткен  сәтсіздіктері  және  жеңістері  тұңғыш  президентіміз, 

Елбасының  есімімен  тікелей  байланысты.  Тарихи  өтпелі  кезеңде 

Елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді. 

Елбасымыздың  сол  кезеңдегі  басты  таңдаған  стратегиялық  бағыты  – 

ашық  нарықтық  экономикаға  көшу  болды.  Түбегейлі  құрылымдық 

өзгерістерді  жүргізуде  шетелдік  инвестицияны  маңызды  фактор  деп 

есептеді.  Осындай  тарихи  шешімдердің  арқасында  біз  қазіргі  таңда 

әлемнiң  50  ең  бәсекеге  қабiлеттi  елдері  қатарына  кірдік.  Бұл,  меніңше, 

мақтаныш сезіміне бөлейтін ең маңызды жетістік. 

25  жылда  мемлекетіміз  күрт  өзгерді,  еліміз  неше  түрлі  жетістіктерге 

жетті, биік белес, асуларды алды. Маңыздыларын Елбасымыз “Қазақстан – 

2030”  Стратегиясының  толықтай  орындалуында  қорытындылап  кетті. 

Яғни, ұлттық кауіпсіз, ішкі саяси тұрақтылық пен бірлік, ашық нарықтық 

экономикаға  негізделген  экономикалық  өсу  сияқты  стратегияда 

белгіленген негізгі міндеттер орындалды [1]. 

Экономикалық, әлеуметтік, интеллектуалды тұрғыда өркендеп келеміз. 

Оны архитектуралық тұрғыда қарасақ, Елбасы айтқандай, мемлекетіміздің 

басты  күші  –  Астана  қаласы.  Астана  тәуелсіздіктің  белгісі,  үні,  келбеті 

деуге  де  болады.  Осы  жерді  басып  жүріп,  шын  мәнінде,  біздің 

болашағымыз  жарқын  екеніне  қатты  қуанам.  Алдымызда  “ЭКСПО-2017” 

атты халықаралық көрме Астанада өткізілмекші. Ол Орталық Азияда және 

“Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығына”  кіретін  мүше  елдерде  өтетін 

алғашқы  көрме  болмақ.  Мұндай  үлкен  шараны  біздің  елде  өткізу 

мемлекетіміздің  жоғарғы  деңгейін  көрсетеді.  Көрменің  тақырыбы 

“болашақ энергиясы” деп аталады, яғни жасыл технологияларға арналған. 

Халықаралық  көрмелер  бюросына  мүше  елдерді  таң  қалдырған  сұрақ, 

қазіргі  таңда  көкейкесті  мәселе.  Сарқылмайтын  энергия  көздері:  күн 

сәулесі,  жел,  жер  асты  сулары  арқылы  энергия  алу,  болашақта  адам 

баласына  ең  қажетті  ресурс  түрі.  Бүкіләлемдік  көрме  3  айға  дейін 

жалғасады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10-нан астам халықаралық 

ұйымы  қатысады.  Көрмеге  2  миллионнан  астам  адам  қатысады  деген 

болжам бар [2]. 


193 

 

«Осынау  тарихи  белестер  Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмді  ұрпақ 



жадына  сіңіруде  айрықша  рөлге  ие.  Біз  2015  жылды  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  жылы  деп  жарияладық.  Елдің  тұтастығы  мен  бірлігі, 

татулығы  мен  тыныштығы  ең  басты  назарда.  Ел  Бірлігі  —  біздің  барша 

табыстарымыздың  кілті.  Тұрақты  дамудың  Қазақстандық  моделі  бүгінде 

бүкіл  әлемге  үлгі.  Тәуелсіздігіміздің  25  жылдық  мерейтойын  және 

халықаралық  EXPO-2017  көрмесін  табысты  өткізіп,  еліміздің  әлеуетін 

әлемге  паш  етеміз. Ұлы  жолдағы  сапарымыз  сәтті,  болашағымыз  жарқын 

болсын!  Баршаңызға  «Нұрлы  жол»  Жолдауын  жүзеге  асыруда  табыс 

тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін. 

2016 жылғы 16 желтоқсан  — Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 

25 жылдық мерейтойы. Бұл — мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты 

әрі құнды мереке. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы 

дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына 

түсіп,  биік  белестерді  бағындырды,  толағай  жетістіктерге  қол  жеткізді, 

әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының 

елді  дамытудағы  стратегиялық  бағдарламалары  мерзімінен  бұрын  жүзеге 

асып келеді. 

Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында 

Қазақстан 

Президенті 

Нұрсұлтан 

Назарбаев 

тәуелсіз 

мемлекет 

атанғанымыздың  25  жылдығына  аяқ  басқалы  тұрғанымызды  айта  келіп: 

«Бұл  —  тәуелсіздікті  нығайту  жолындағы  өлшеусіз  еңбегіміздің  ширек 

ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету 

оған  қол  жеткізуден  де  қиын.  Мемлекеттігіміздің  тұғырын  мызғымастай 

нығайта түсу үшін бізге әлі талай  күрделі өткелі, көп бұралаң жолдардан 

өтуге  тура  келеді.»,-  деп  алдағы  кезеңде  кездесетін  сын-қатерлерден 

мүдірмей өтуге шақырды. 

Елбасы өз сөзінде: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының 

бастауы  болған  тағдыршешті  таңдар  болады.  Біз  үшін  жаңа  дәуірдің 

арайлы  таңы  1991  жылы  16  желтоқсанда  атты.  Сол  күні  әлем  көгінде 

«Қазақстан  Республикасы»  атты  жаңа  жұлдыз  жарқырай  туды»,  —  дей 

келіп,  халқымыз  Тәуелсіздіктің  мызғымас  тұғырын  бекітіп,  Мәңгілік  Ел 

болуға бет бұрғанын атап өтті [3]. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 



 

1.

 



https://strategy2050.kz 

2.

 



http://www.akorda.kz/kz/national_projects/page_expo-2017-

astanada_1356073251 

3.

 

http://inform.kz/kz/2016-zhyly-kazak-eli-tauelsizdiginin-25-zhyldygy-



alihan-bokeyhannyn-150-zhyldygy-zhazgy-olimpiada-oyyndary_a2855945 

 


194 

 

УДК 61(07)  



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет