Әдебиеттер тізімі
1.
Толерантность // Толковый словарь русского языка Ушакова, 1935 – 1940;
2.
Tolerance noun (ACCEPTANCE) – definition in British English
Dictionary & Thesaurus – Cambridge Dictionary Online;
3.
Бикс Г. Хирохито и создание современной Японии. — М.: АСТ,
2002. (Серия: Историческая библиотека).
4.
Еуразиялық кеңістіктегі мәдениет және жаһандану // old.abai.kz
сайты (сайтқа жүгіну уақыты 19.01.2015)
5.
Әбуов Ә.Е. Жаһанданудың мұсылмандық дүниетанымға әсері /
Ә.Е.Әбуов // Қазақстанның ғылыми әлемі. – 2010. - №3 (31) . – С.5-8.
6.
Иванов В. В. Языки мира // Лингвистический энциклопедический
словарь / Под ред. В. Н. Ярцевой. — М.: Советская энциклопедия, 1990. —
685 с. — ISBN 5-85270-031-2.
85
Кенжегулов Б.З.,
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің
физика, математика және ақпараттық
технологиялар факультетінің деканы,
техника ғылымдарының докторы, профессор
ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКАНЫ БЕЙБІТ ӨМІРГЕ ПАЙДАЛАНУ –
ЕЛБАСЫНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА
«Ядролық энергетиканы дамытудың келешегін ұмытпау керек.
Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген
қажеттілік өсе түсетін болады. Қазақстан – уран өндіруде әлемдік
көшбасшы. Біз енді АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом
станциясын салуға тиіспіз»- деген мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты
Қазақстан халқына Жолдауында.
Бүгінгі таңда елімізде үдемелі индустриялы – инновациялық даму
бағдарламасын жүзеге асыру – негізгі мәселелердің бірі. Осыған орай
көптеген өндіріс орны ашылу көзделіп отыр. Ал, оның барлығын іске
асыру үшін қажетті деңгейде энергия көздері қажет. Қазір біз энергияны
мұнай мен көмірден алғанымызбен болашақта басқа балама энергия
көздерін іздестіруге тиіспіз. Әрине, қазір энергияны күннен де, желден де
алуға болады деген түрлі пікірлер де бар. Бірақ, олардың үлесі жалпы бізге
қажетті энергияның 10-15 пайызын ғана бере алады екен. Ал, қалған 85-90
пайыз энергияны қайдан алуға болады деген орынды сұрақ туындайды.
Қазақстандағы электр энергиясының басым бөлiгi, яғни 87 пайызы – жылу
электр станцияларында, 12 пайызы су электр станцияларында өндiрiледi.
Бірақ, сарапшылардың пiкiрiнше, бұл электр станцияларының ресурсы күн
өткен сайын азайып бара жатыр. Ғалымдардың да сөзінен мұнай мен газ
сияқты табиғи байлықтың орнын ендігі жерде атом энергетикасының
басатынын аңғаруға болады. Сондықтан да, болашақтағы электр
энергиясының бірден-бір көзі – ол атом энергиясы болып табылады.
Өйткені, одан басқа тиімді жобаны әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. Елімізге
тұрақты, жеткілікті қуат көзін тек атом энергиясы ғана бере алады.
Мүмкін, алдағы уақытта ғылым дамып, атом энергиясынан да тиімді қуат
көзін алудың жолдары табылатын шығар. Алайда, әзірге бізге ең тиімді
болып отырғаны – атом энергиясын пайдалану. Әлбетте, атом энергиясын
пайдалануда түрлі техникалық мәселелер туындап жатыр. Кейбір елдердегі
АЭС-терде кездейсоқ апат болып, қайғылы жағдайға душар болуда. Бірақ
оның барлығы техникалық мәселелерден туындауда. Бұл жерде тек
қауіпсіздік шараларын барынша қолдануымыз керек. АЭС-тің тиімділігі
әлдеқашан дәлелденген. Кез - келген жобаны іске асырғанда оның ең
86
бірінші тиімділігі есептелінеді. Мұнай мен көмірдің шығаратын энергиясы
мен атом энергиясы бірдей, шамалас. Жылына қуаты 1 млн. кВт электр
энергиясын алу үшін 30-50 тонна төмен байытылған (3-5 пайызды) уран
отыны қажет және оларды атом электр станциясына үш-төрт вагонмен
жеткізуге болады. Осындай мөлшердегі электр энергиясын өндіру үшін 2
млн.тонна мұнай немесе 3 млн. тонна көмір қажет болар еді. Ал, күн мен
желдің қуат көзін пайдаланатын болсақ, оның бағасы екі-үш есе қымбатқа
түседі. Әрине, күн энергиясы бізге тегін келгенімен, күннен электр қуатын
алатын техникалар өте қымбатқа түседі. Мәселен, күн энергиясынан
электр қуатын алуға болатынын ойлап тапқан Жапония осы бағытта талай
жетістіктерге жетті. Алайда, олар осыны одан әрі қарай дамытпай отыр.
Себебі, күн энергиясынан электр қуатын алу өте қымбат және
экономикалық жағынан тиімсіз. Экономикалық жағынан тиімді
болғандықтан, олар АЭС-ті пайдалануда. Күннен энергия алу тиімді
болатын болса, бүкіл әлем соған көшер еді. Сондықтан ең тиімдісі – АЭС
салу болып табылатыны сөзсіз.
Қазақстанда энергия тапшылығы әр өңірде түрліше болып келеді.
«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты мемлекет басшысының
Қазақстан
халқына
Жолдауында:
«…магистральдық
желілердің
шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық
және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр.
Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз – Семей-Өскемен» және «Семей-
Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» бағыттарында жоғары кернеулі желілер
салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық
өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді».
Келешекте «Бейбіт атом энергетикасына» үміт артылатын болғандықтан,
алдағы онжылдықтарда пайдалануға берілетін төртінші буынды саналатын
радиоактивті қалдықтарды мейілінше аз, озық үлгідегі атом реакторларын
жасайтын Жапон Елі мен бұл салада табысқа жеткен Франция, АҚШ
компанияларымен келісімге келіп, осындай реакторлары бар АЭС – терді
Қазақстанда салу анағұрлым тиімді болатыны сөзсіз. Үкіметіміздің атом
энергетикасын осы бағытта дамытатын қадамдары халықтың көңілінен
шығатыны анық. Гетерогенді реакторлардан шыққан радиоактивті
қалдықтар, негізінен, қатты дене болып келеді. Біріншісі – жанып бітпеген,
яғни шала жанған ядролық отын. Басқаша айтқанда, уран таблеткалары.
Бұл таблеткаларды дайындап сатқан жерге, сол ыдысында, сырт қарағанда
еш өзгерісі жоқ қайтарылады. Оны арнайы зауыттар қайта өңдеп, қайта
байытып, кондициясына жеткізіп, дәл сондай ыдысқа салып қайта сатады.
Бұл қалдық еш уақытта көмбеге көмілмейді. Оның ескі радиоактивті
ыдысы ғана көміледі. Екіншісі – реактордың белсенді аймағынан шыққан
әртүрлі тетіктер, приборлар, нейтрон ағынын өлшейтін, температураны
өлшейтін, судың жылдамдығын, бірінші контурдың қысымын өлшейтін
тіркегіштер, бойында ақауы бар су жүретін түтіктер, басқарушы және
87
апаттық графит діңгектер, нейтрон шағылдырушы кадмий, бор,
бирилийден жасалған туырлықтар (пластинкалар), т.б. Бұл аталған
заттардың өзі екіге бөлінеді. Біріншісі – ол заттар реактордың белсенді
аймағында
тұрғанда
нейтронмен
соққылаудың
салдарынан
белсендендіріліп, соның нәтижесінде радиоактивтік белсенділігі ұзақ
уақытқа тым жоғары болып қалатын заттар. Екіншісі – белсенділігі
алғашында жоғары болғанымен бір айдың ішінде тез ыдырап,
белсенділігін жоғалтып алған заттар. Міне, осы қалдықтың соңғы екінші
түрі көмбеге жөнелтілуі керек.
Осыдан он шақты жыл бұрын Германия, Франция «Біздің реактор-
лардан шыққан радиоактивтік қалдықтарды қабылдап, өз жерлеріңізде
көміңіздер» деп Қазақстанға қолқа салғанын бұқаралық ақпараттық
құралдарынан хабардар болдық. Қазақстандық кәсіпкерлер Парламенттен
Еуропа елдерінің радиоактивтік қалдықтарын қабылдап алуды сұрап
өтініш білдіргенді. Парламент ол өтінішті қанағаттандырмай тастады.
Қанағаттандырмағаны да дұрыс болды. Өйткені ол кезде кәсіпкерлер
радиоактивтік қалдықты көму ережесінен еш хабарсыз еді. Олар
«Шетелден келген қалдықты еліміздегі терең жыраларға немесе кезінде
уран қазылып алынған шахталарға төге саламыз да, қыруар ақшаға
белшемізден батамыз» деп ойлады. Ал реактордан шыққан қалдықты кез
келген сайға немесе ескі шахтаға төге салуға болмайды. Реактордан
шыққан әрбір тетіктің аты-жөні, яғни төлқұжаты бар. Ол тетіктің бар-
жоғын МАГАТЭ (Международное агенство по атомной энергии) кез
келген уақытта тексереді. Жүз жыл өткеннен кейін «Сіз пәленінші
жылдың, пәлен күні, пәлен хаттама бойынша Германияның «Гамбург 2»
реакторынан шыққан нөмірі 001272345 инені сақтауға қабылдап алған
екенсіз. Сол иненің төлқұжатын және өзін көрсетіңіз» деп талап ете алады.
Инені және сонымен бірге басқа да бір эшелон қалдықты кезінде қабылдап
алып, содан соң оларды терең сайға төгіп тастаған Қазақстан жағы инені
де, басқа қалдықты да көрсете алмасы белгілі. Нәтижесінде Қазақстан
жағы дүниежүзі алдында кінәлі болуы айдан анық. Абырой болғанда,
Парламент депутаттары көрегендік жасап, құтылмас даудан басымызды
аман алып қалды. Ядролық реакторлары бар Франция, Англия, Германия
сияқты елдерді мазалап отырған мәселе – реактордан шыққан
радиоактивтік қалдықты көметін орын табу. Ондай орынның аталған
елдердің өзінен, тіпті Еуропадан табыла қоюы екіталай. Қазір дүниежүзі
аласұрып, қалдықты қабылдап алып, барлық ережеге сәйкес көме алатын
ел іздеп жатыр. Егер ондай жер табылмаса, істеп тұрған реакторлар бірінен
кейін бірі жұмысын тоқтатайын деп тұр. Олар жері кең, адам саны аз
Қазақстан сияқты елдерге, атап айтқанда, Африканың, Оңтүстік Америка-
ның кейбір елдеріне хат жазып, келіссөздер жүргізуге дайын екенін
хабарлап жатыр. Бүгінге дейін ешбір ел келісімін бермек түгіл, келіссөз
бастауға да құлқын білдіре қойған жоқ.
88
«Қазатомөнеркәсіп» әлем елдеріне бейбіт атом энергетикасын
дамытудың халықаралық бірлесу тұжырымдамасын пайдалануды ұсынып
отыр. Табиғи уран тапшылығы, конверсия қызметі мен байыту мәселелері,
отын құрамаларын шығару және қауіпсіз, әрі сенімді атом станцияларын
салу бір елдің күшімен шешіле салмайды. Әлемдік энергия тапшылығын
болдырмау үшін ядролық отын айналымының тізбектерін дамыту
мәселелерін, кеңейтілген халықаралық бірлестік құру арқылы шешу керек
екендігі белгілі.
Энергиямен қамтамасыз етудің осы бір тұжырымдамасына сүйене
отырып,
«Қазатомөнеркәсіп»
2005
жылдан
бастап,
тігінен
интеграцияланған трансұлттық компания құру стратегиясын іске асырып
келеді. Ол стратегияға сәулеленген отынды қайта өңдеу және радиоактивті
қалдықтарды орналастырудан өзге, ядролық отын айналымының барлық
тізбектері енгізілген, олар: табиғи уран өндірісі және отын таблеткаларын
шығару. Аталған бағдарламаны іске асыру барысында «Қазатомөнеркәсіп»
атом энергетикасының әлемдік нарығында жетекші орын алуға,
компанияға және ел бюджетіне қосымша табыс әкелетін мейлінше толық
үстеме құнды, дайын өнім түрінде уран экспортын қамтамсыз етуге ниетті.
Ядролық технологияны дамыту мәселесін былай қойғанның өзінде,
қазыналы жеріміздің қойнына бүккен уран кенін бүгінгі қалыптасқан
қолайлы сәтті пайдаланып, халықаралық рынокқа шығару – кезек
күттірмейтін міндет, халқымыздың игілігі үшін пайдаланатын қомақты
қаржы. Қазақстанда бейбіт атом саласын дамыту 2020 жылдарға дейінгі
еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының
шешуші салаларының бірі болуға тиіс.
89
Газизова Н.С.,
Педагогика ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор,
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕФОРМАСЫ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН
Адамзаттың көреген ұлы ойшылдары ертеден-ақ заңы дамыған елдің
өзі де дамып, гүлденетінін болжап білген. Орта ғасырдың өзінде
«Қасымханның қасқа жолымен», «Есімханның ескі жолымен», әз-Тәукенің
«Жеті Жарғысымен» өмір сүріп, тіршілік еткен ата-бабаларымыз бәрінен
де әділдік пен туралықты биік қойған. Бабаларымыздың осындай аманаты
мен мұратын адалдықпен жалғаған Елбасымыз өз қызметінің алғашқы
күнінен егеменді елімізде заңның сақталуына, қоғамның басты құндылығы
саналатын адамның құқықтары мен бостандығының қорғалуына ерекше
ден қойды. Бұл орайда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің
таңы атқан сонау 1992 жылдың өзінде-ақ: «...демократия бостандық
туралы идеялар мен принциптердің кешенін білдіреді, ол сондай-ақ,
демократиялық қоғам өмір сүруге тиісті практикалық нормалар мен берік
заңдардың кешенін қамтиды. Басқаша айтқанда, демократия –
бостандықты заңның мәртебесімен белгілеп беру», - деп айтқаны еске
түседі.
Еліміз әлемдік аренада жасампаз мемлекеттер қатарына қосылып отыр.
Елбасы әрқашан құқықтық мемлекеттің талаптарына жауап беріп,
халықаралық стандартқа сай келетін заманауи отандық сот жүйесін
қалыптастыру ісіне үлкен мән беріп келеді. Содан бері өткен ширек ғасырда
Президенттің жетекшілігімен Конституциядан бастап, ондаған заңнамалар
қабылданып, оларды жетілдіру, жалпы құқықтық реформаны жүзеге асыру
бағытында қыруар шаруалар тындырылды. Сондықтан да Мемлекет
басшысы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп
аталатын Жолдауында: «Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді
құқық тәртібі дегеніміз - дамыған елдің негізі» екенін еске салып, «Әлемнің
дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік,
әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы
қажет... Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс», -
дегенді айтты.
Ширек ғасыр ішінде Қазақстан әлемге тек демократиялық бағыттағы
құқықтық мемлекет қана емес, сонымен қатар, өзге елдермен терезесі тең,
жоғары беделге лайық мемлекет ретінде танылған. Аталған жылдар
аясында республикамызда әлемдік стандарттарға сәйкес, сот жүйесі
қалыптасты және үнемі дамып келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарында-ақ жаңа сот жүйесінің іргетасы қаланып, сот әділдігін жүзеге
асырудың барлық басты принциптері бекітілді. Сот тәуелсіздігі мен
90
судьялар мәртебесі нығайып, соның ішінде материалдық-техникалық
тұрғыдағы мәселелер реттелді. Осы салада Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәми
былай деді: «...Нақты айтқанда, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының
қабылдануы сот жүйесін әрі қарай реформалаудың жаңа маңызды кезеңі
болып табылады. Реформаны жүзеге асыру бүгінгі таңда оңды нәтижелерін
беруде. 2016 жылдың басынан бастап Жоғарғы cот жаңа құрамда жұмыс
істей бастады. Жаңа мамандандырылған сот алқасы нәтижелі жұмыс істеп,
сот өндірісінің жаңа ережесі іске асырылуда. Сот инстанцияларын
оңтайландыру нәтижесінде, дауларды қарау 1,5 жылдан 8 айға дейін
қысқарды. Жаңа процессуалдық ережелердің енгізілуі соттардың
ауыртпалықты жүктемелерді тиімді атқаруына мүмкіндік береді».
Қарапайым ғана бір мысал. Осыдан жиырма бес жыл бұрын бізде де бір
кездері дамыған елдердегідей сот жүйесінің тәуелсіздігі мен кәсіптік деңгейі
өсіп, экономикалық, әкімшілік, қылмыстық және жасөспірімдер істерін
қарайтын мамандандырылған соттар жұмыс істейтін болады деп ешкім
ойлаған жоқ. Бүгінде мұның бәрі қалыпты нәрсеге, үйреншікті көрініске
айналды.
Елбасымыз республика судьяларының 1996-2016 жж. аралығында
өткен съездерге тікелей өзі қатысып, бағдарламалық сөз сөйлеп, сот
төрелігін жүзеге асырудағы кемшіліктер мен жетістіктерге де тоқталып,
саланың алдындағы келелі міндеттер мен тапсырмаларды белгілеп берген.
Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлының судьялар қауымдастығының 2013 жылғы
қарашада өткен VI- съезінде айтқанындай: «Сот төрелігінің әділдігі мен
жедел, әрі толық орындалуы – кез келген елдің кемел болмысының
көрінісі. Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған
қоғам. Біздің мақсатымыз – дәл осындай қоғам құру».
Ағымдағы жылдың қараша айында өткен Қазақстан Республикасы
судьяларының VII съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы Ұлт жоспарын жүзеге
асырудың нәтижелері мен судьялардың соңғы құрылтайында алға қойған
міндеттердің орындалуына тоқтала келіп, сот жүйесін одан әрі дамытудың
өзекті мәселелерін саралап берді.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік
жылдарында Қазақстанда түбегейлі жаңа өзгерістерге сай келетін заманауи
сот жүйесі қалыптасқанына ерекше тоқталды. Біз Тәуелсіздік жылдары
мемлекет құра отырып, Қазақстанда жүргізілген іргелі реформаларға сай
қазіргі заманғы сот жүйесін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлдік.
Мұнсыз алға қарай шынайы жылжу болмайды. Атап өткенімдей, аз нәрсе
жасалған жоқ. Алайда, біз атқарған орасан жұмысты жұртшылықтың оң
бағалауы, тұтастай алғанда, сот қаншалық жылдам және ең бастысы, әділ
болатындығына байланысты, деп мемлекет басшысы айтып өткендей,
адамдар өз мәселелерін шешу үшін айлап-жылдап билік дәліздерінде
жүгіруге тиіс емес. Заң бұзылған жағдайда адам сотқа баруы тиіс және сол
жерде өз құқықтары мен бостандықтары қорғалатынына сенімді болуы
керек. Барлық өркениетті әлемде осылай. Демек, кез келген нағыз сот
91
реформасының түпкі мақсаты – судьялардың адалдығы мен кәсібилігі,
әділдік және әділ сотқа қолжетімділік болып саналатын тәуелсіз және
сатылмайтын сот билігі.
Құқық қорғау органдары мен соттардың проблемаларының бүкіл қырын
қамтитын Ұлт жоспары дәл осы міндеттердің ауқымын шешуге бағытталған.
Бүгінгі таңда мемлекетіміздің қылмыспен күрестегі мүмкіндіктерінің
күшейтілуі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу
деңгейінің өсуі Ұлт жоспарының сатті жүзеге асырылып жатқанын білдіреді.
Біз қазіргі кезде елімізде нормативтік-құқықтық база қалыптасты деп айта
аламыз.
Бұл орайда судьяларының VII съезінде сөйлеген сөзінде: «...соттардың
Ұлт жоспарының орындалуын қамтамасыз ететін ондаған заң қабылданды.
Бұл заңдар 2016 жылғы 1 қаңтардан іске қосылды. Құқық қорғау
органдарында кадр жөніндегі жұмыс жетілдіріліп жатыр. Құқық қорғау
құрылымдары қызметкерлерін іріктеу жүйесі біліктілік негізінде
жақсартылуда. Жергілікті полиция қызметі құрылып, жұмыс істеуде, ол
жергілікті билік органы мен жергілікті қоғамдастыққа есепті. Полиция
жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық кеңестер
құрылды, олар полицейлердің этикалық нормаларды бұзатын әрекеттеріне
қатысты шағымдарды қарайды. Жұртшылыққа полиция жұмысының
тиімділігін
бағалауға
мүмкіндік
беретін
«Қылмыстық
құқық
бұзушылықтар картасы» интернет-порталы іске қосылды. Қылмыстық
жазаны орындау жүйесі жаңғыртылуда. Бас бостандығынан айыру
орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік сауықтырудың жаңа
жүйесі түзілуде» - деді Мемлекет басшысы.
Заңды білу және оны құрметтеу-құқықтық мемлекетті құрып отырған
Қазақстан мемлекетінің әрбір тұрғынының қасиетті борышы. Құқықтық
ағарту немесе құқықтық білім қалыптастырудың мақсаты - заң ережелерін
насихаттап, азаматтардың күнделікті тұрмыста ұстана алатын дәрежеге
жеткізу. Құқықтық білімді қалыптастыру, оны жүйелі түрде жүзеге асыру,
жастардың алған білімнің күнделікті тұрмыс талаптарына сәйкестігі мен
адамгершілік нормаларына сабақтастығы оның негізділігінің белгісі
ретінде қарастырылады.
Құқықтық білім беру және қоғамды жетілдіру мәселелері өзара
байланысты. Қоғам дамуының өзі осы мәселелерді оның қажетіне
айналдырды, өйткені мемлекетіміздің дамуының түбегейлі жаңа сатысы
оның зияткерлік, мәдени және ізгілік әлеуетіне тікелей байланысты.
Мұның бәрі өзгерген қоғамдық өмір шындығына сай құқықтық білім
берудің ерекше маңызын айқындап отыр. Елімізде құқықтық білімді,
құқықтық сана мен тәрбиені одан әрі өмір талабына сай жетілдіру қажет.
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру қазіргі заман талабынан
туындап
отыр.
Өскелең
ұрпаққа
олардың
құқықтары
мен
жауапкершіліктерін түсіндіру маңызды. Болашақ Қазақстанның жастары
92
жан-жақты сауатты болу керек. Жастардың құқықтық мәдениетін
қалыптастырып, дамыту өзіндік мақсатқа, арнайы әдістер жетістігімен
және ұйымдастыру нысаны арқылы жетуді көздейді. Ол өзі көп мақсатты,
қызметті, болжамды стратегиялық, ұзақ мерзімді мақсаттар және
тактикалық мақсаттарды, таяудағы жалпы және жеке мақсаттарды
көздейді. Мақсаттар жастар ерекшеліктерін есепке ала отырып тәрбиелік
әсер етуді нақтылайды, ол белгілі бір форма және қызметке байланысты
адамдар, сонымен қатар құқықтық тәрбиені жүзеге асырушы органдар
арқылы жүргізіледі.
Қазіргі таңда құқықтық нигилизмді (құқықты жоққа шығаруды)
жеңуіміз қажет, оған көпшіліктің таң қалуын тоқтатып, заңға деген сый,
құрметтеуге тәрбиелеу және жауапкершілік сезімдерін ояту қажеттілігі,
яғни бұл жерде коррупция, заңды басынушылықтар, заңды немқұрайлы
қараудың құқықтық жүйеге кереғар екендігін түсіндіру және қоғамдық
моральді бейтараптық жаулап алуына жол бермеу керек. Бұл салада
Қазақстанда құқықтық нигилизм профилактикасын дамыту керек, себебі,
жастар арасындағы құқықтық нигилизмге бой алдырушылық өз кезеңінде
біршама қауіп тудырады. Сондықтан қолданылатын заңның қызметті
сапалығын, заңның және құқықтық тәртіптің тұрақтылығын қамтамасыз
ету қажет.
Бұл салада Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім беру мекемелерінде
«Қазақстан құқығы» пәнін арнайы пән ретінде енгізу қажет деп үкіметке
тапсырма да берген еді. Жалпы білім беретін орта мектептерде аталмыш
пәнді енгізу былай тұрсын, құқық пәнінің оқытылу сапасына көңілдің
дұрыс бөлінбеуі қынжылтады. Бәлкім бұл пәннің ұлттық бірыңғай тестілеу
пәндерінің қатарына енбеуі ме немесе оқу жүктемесінің аздығы ма ол
жағы бізге түсініксіз болып отыр. Әрине мектептердің ішінен құқықтық
білімге басты назар аударатындардың бар екенін көргенімізде қуанып
қалатынымызды жасырмаймыз. Сондықтан аталмыш салада құқықтық
белсенділікті арттыру мәселесі алдыңғы сапта болуы керек деп санаймыз.
Құқықтық ақпарат көзінің жүйесінде анықтаушы рөлге бұқаралық
ақпарат құралдары иеленеді, сондай – ақ жалпы құқықтық оқыту бұл
жерде мемлекет және құқық негіздерін тек заңгерлік мамандықта ғана
емес, оны бала – бақшадан бастап барлық оқу орындарында оқыту керек.
Құқықтық мәдениет – азаматты өзінің мемлекет және қоғам алдындағы
міндетін саналы түрде жүзеге асыруын талап етеді. Президенттің
«Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында да
құқық негіздері оқулығын даярлау, жоғары білімді оқу орындарын бітірген
жастардың құқықтық білімді меңгеру қажеттілігі нақты көрсетілген.
Осыған орай, осы аталған пән бойынша жаңа оқулық дайындау қажеттілігі
өзінен-өзі туындап отыр.
Әлемдік деңгейде мойындалып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтай іскер
және көреген қайраткердің құқық қорғау саласын дамытып, өркендетудегі
93
қажырлы еңбегі мен тынымсыз қызметін көрсетуді мақсат еткен өнегелі
идеяны жүзеге асыру баршамыздың ортақ ісіміз деп білемін.
Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Ел
Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. // Қазалы, 2014, 5 сәуір, Б.4-9.
2. Законотворческий процесс в Республике Казахстан: Состояние и
проблемы:
Материалы
международной
научно-практической
конференции-Алматы, 2000. – 624 с.
3. Назарбаев Н.А. Без подлинного конституционализма нет открытого
цивилизованного общества // Толковый словарь Конституции Республики
Казахстан. – Алматы: Жеты Жаргы, 2003 – 366 с.
4. Материалы Международного круглого стола «Проблемы
современного правопонимания» // Научные труды «Әділет». – 2000. – №1
(7). – С. 160.
|