Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-тарау. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау



Pdf көрінісі
бет7/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 2-тарау. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау 
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы 
Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Қазақстан халқына Жолдауы аясында балалардың 
қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет 
екенін атап ӛтті.
Қазақстанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23063 бала 
бар. Отбасыларда 18805 немесе 82 %-ы бар. 3 жылда (2019 – 2021 жылдар) 
балалар үйлерінің саны 11 бірлікке азайды (107-ден 96 бірлікке дейін). Балалар 
үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балалар саны 3 жылда 348 балаға қысқарды 
(2019 жылы – 4606, 2021 жылы – 4258 тәрбиеленуші). Ӛңірлерде жетім 
балаларға арналған ұйымдарды деинституциялау және оңтайландыру бойынша 
жоспарлар қабылданды.
Республиканың тәуелсіздік жылдарында балалардың ӛмір сүру сапасын 
жақсартуға байланысты халықаралық стандарттарға қол жеткізу жұмысы 
жүргізілді және 15 халықаралық құжат ратификацияланды. 
Балалардың құқықтарын қорғаудың институционалдық құрылымдары мен 
тетіктері құрылды, баланы құқықтық қорғаудың ұлттық заңнамалық базасы 
қалыптастырылды. Балалардың құқықтарын қорғау саласында 14 заң, 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200-ден астам қаулысы, 700-ден астам 
бұйрық қабылданды.
Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың 
құқықтары мен мүдделерін қорғау оларды отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, 


қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын 
отбасына) беру арқылы, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде жетім балаларға, 
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі 
ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырылады. 
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу 
жӛніндегі комитетінің деректері бойынша 2021 жылдың 12 айында кәмелетке 
толмағандар 1529 қылмыс жасаған (2020 жылы – 1873). Балаларға қатысты 
2088 қылмыс жасалды (2020 жылы – 1814). Балалар арасында жасалған 
суицидтер 175 жағдайды құрады (2020 жылы – 143).
Жыл сайын ішкі істер органдарының есебінде тәуекел тобындағы 
кәмелетке толмаған 4 мыңнан астам бала және 9 мыңнан астам нашар отбасы 
тұр. 
Білім беру ұйымдары мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің 
үлгі штаттарына сәйкес педагог-психологтың штат бірліктерімен қамтамасыз 
етіледі. Республика бойынша 1 педагог-психологқа жүктеме 455 оқушыны 
құрайды, бірқатар мектептерде жүктеме 1000-нан астам оқушыны құрайды. 
Республика мектептерінің тек 1/3-інде ғана психолог кабинеті бар (ауылдық 
мектептерде – 1681, қалалық мектептерде – 858). 
Мәселен, педагог-психологтардың жалақысын арттыру үшін 2019 жылдың 1 
қыркүйегінен бастап педагогикалық шеберлік санаты негізінде және Ұлттық 
біліктілік тестілеудің нәтижесі негізінде берілетін қосымша ақы жүйесі 
енгізілді.
Мектептерде зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы әрекет ету, 
сондай-ақ білім алушылар арасында зорлық-зомбылық туралы хабардар болуды 
арттыру мақсатында ӛмірлік дағдыларды қалыптастыру және суицидтің алдын 
алу бойынша бағдарламалар іске асырылуда. Қашықтан оқыту кезінде 
психологиялық қызметтер 2 миллионнан астам бала мен ата-аналарға кеңес 
беріп, 152421 дағдарысты жағдайда кӛмек кӛрсетті. Денсаулық сақтау 
министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық 
орталығымен бірлесіп психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыруда мектеп 
педагог-психологтарына қолдау кӛрсету жӛніндегі жоспар қабылданды.
Тӛтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдары меншік 
нысанына қарамастан 100 % бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Бұл 
ретте 823 (11 %) мектеп (9 мың камера) полиция органдарының жедел басқару 
орталығына қосылған, 624 қалалық мектеп (54 %) күзет фирмаларымен шарттар 
жасасты, 1017 мектепте дабыл түймелеріне қосылған орталықтандырылған 
бақылау пульттері, 333 мектепте турникеттер орнатылды. Сондай-ақ кәмелетке 
толмағандардың істері жӛніндегі 2789 учаскелік инспектор білім алушылардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін жылы дәретханасы 
жоқ мектептер саны тӛрт есеге азайды (167-ден 40-қа дейін).
Бүгінгі таңда 1324 елді мекенде мектебі жоқ елді мекенде тұратын 25825 
бала тасымалдауға мұқтаж. Мектептердің автопаркі 1066 автобустан тұрады, 
оның 59 %-ы ескірген және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді.


Мемлекет балаларға қажетті жағдай жасай отырып, оларға қамқорлық 
кӛрсетеді. Жалпыға бірдей білім беру қоры әрбір мектепте кӛзделген және 
мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-
ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең тӛменгі күнкӛріс деңгейінен 
тӛмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек алмайтын отбасылардан, тӛтенше 
жағдайлар нәтижесінде шұғыл кӛмекті талап ететін отбасылардан шыққан 
балаларды қолдауға арналған. 2021 – 2022 оқу жылында осы қордан 455 
мыңнан астам бала материалдық кӛмек алды. Аз қамтылған отбасылардан 
шыққан балаларға арналған әлеуметтік пакет әзірленді.
Мектепте әлеуметтік педагогтер ерекше рӛл атқарады, олар кӛмекке 
мұқтаждарды тез анықтайды, проблемаларды шешу кезінде оларға демеу 
болады және баланың білім алу құқығын іске асырады.
Ыстық тамақ 3340858 немесе 97,9 % оқушылар үшін ұйымдастырылған 
(2020 жылы – 96,3 %). Сондай-ақ 795868 білім алушы, оның ішінде әлеуметтік 
осал санатқа жататын 427454 баланың 100 %-ы ыстық тамақпен тегін 
қамтылған. 
1–4 сыныптарда 1480,5 мың оқушы оқиды, олардың ішінде 552,3 мың бала 
(37,3 %) отбасының әлеуметтік жағдайына қарамастан тегін ыстық тамақпен 
қамтылған. Атап айтқанда, барлық бастауыш сынып оқушылары үшін тегін 
ыстық тамақ 5 ӛңірде (Астана қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды 
және Павлодар облыстары) ұйымдастырылған. 
2021 жылы алғаш рет тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібін сақтау, 
заңнаманы бұзатын жеткізушілерді жосықсыз деп жариялау (жосықсыз ӛнім 
берушілер тізбесіне енгізу) және олардың конкурстарға қатысуына тыйым салу 
бойынша талаптар заңнамалық түрде қабылданды. 
Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері мемлекеттік білім беру 
органдарының ғана емес, жалпы білім беретін 6543 мектепте құрылған 
Қамқоршылық кеңестердің де бақылауында. 
Қабылданған бірлескен шаралардың арқасында 2020 жылы 454 мың 
баланың әлеуметтік тӛлемдер алу құқығы қалпына келтірілді, халықтың 
әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға кӛмек кӛрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет