Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


Сонымен қатар орта білім беруде мынадай проблемалар бар



Pdf көрінісі
бет15/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

Сонымен қатар орта білім беруде мынадай проблемалар бар:
 
мектептердің инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы, МТБ-ның ескіруі 
жаңа мектептер салу мен білім беру ұйымдарын жарақтандыруға қарағанда 
тезірек жүріп жатыр;
авариялық, үш ауысымды мектептердің болуы және оқушы орындарының 
тапшылығы;
жеке 
инвесторлардың 
МЖӘ 
шеңберінде 
мектептер 
салуға 
қызығушылығының тӛмендігі;
ШЖМ үшін тірек мектептер жанындағы мектеп жанындағы интернаттар 
желісінің жеткіліксіздігі;
орта білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін қолайлы жағдайлардың 
жеткіліксіз жасалуы, оның ішінде ауыз сумен, санитариямен және гигиенамен 
қамтамасыз етілуі;
орта білім беру ұйымдарын жаңа модификациядағы оқу кабинеттерімен 
қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;
орта білім мазмұнының білім берудің басқа деңгейлерімен сабақтастығын 
қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;
білім беру мазмұнының кәсіп алдындағы дағдылар мен құзыреттерді 
тұжырымдауға нашар бағдарлануы;
ӛлшемшарттық бағалауды әдістемелік қолдап отырудың жеткіліксіздігі;
арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарының оқулықтармен және ОӘК-мен 
қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі; 
сыртқы тасығыштарда, сол сияқты қашық режимінде қолжетімді заманауи 
электрондық оқулықтар мен ОӘК жетіспеуі;
қазақ тіліндегі, оның ішінде "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша оқулықтардың 
мазмұны қайта қарауды талап етеді;
үлгілік оқу жоспарларын таңдау кезінде мектептерде бейіндеудің 
нашарлығы;
ӛңірлер, қала және ауыл арасындағы орта білім сапасындағы алшақтықтың 
сақталуы;
ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларын, сондай-ақ ЕБҚ бар балаларды 
олимпиадалық қозғалыстармен аз қамтылуы;


ПМПК, ППТК, ОО желісі мүмкіндіктерінің халық қажеттіліктеріне сәйкес 
келмеуі;
арнаулы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы;
мүмкіндігі шектеулі балалар бойынша әртүрлі мемлекеттік органдар 
статистикасының бытыраңқылығы;
арнайы педагогтерге, мектептерде арнайы МТБ-ны нығайтуға және ЕБҚ бар 
балаларды оқыту үшін оқу-әдістемелік қолдауға қажеттілік;
жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау 
қызметі жұмысының нормативтік қамтамасыз етілген тетігінің болмауы;
ЕБҚ бар білім беру ұйымдары түлектерінің еңбек нарығына әлеуметтік-
экономикалық бейімделуінің қазіргі деңгейі осы қажеттіліктерге тиісті 
дәрежеде жауап бермейді;
білім басқармалары мамандарының жүктемесінің ұлғаюы, білім беру 
ұйымдарының бюджет қаражатын жоспарлау мен игеруді жүргізудің 
қиындауы;
мемлекеттік орта білім беру ұйымдары менеджерлерінің кӛшбасшылық 
дағдылары деңгейінің жеткіліксіздігі;
білім беру ұйымдарының тиімділігін тәуелсіз кешенді бағалаудың болмауы;
табысты даму стратегиялары, персоналды басқару және жан басына 
шаққандағы қаржыландыруды ұтымды қолдану бойынша тиімді менеджмент 
тәжірибесін тарату тетігінің болмауы;
білім беру ұйымдары бюджеттерінің жабық болуы (балалардың ата-аналары 
және балалардың ӛздері білім беру кӛрсетілетін қызметін негізгі бағалаушылар 
болып табылмайды);
мектептердің цифрлық білім беру ресурстарына (бұдан әрі – ЦБР) 
қолжеткізу мүмкіндіктерінің тең болмауы;
орта білім беру ұйымдарының кең жолақты Интернетке қол жеткізуінің 
әркелкі болуы;
цифрлық білім беру контентінің және халықаралық білім беру жүйесіне 
интеграциялаудың жеткіліксіздігі;
білім беру ұйымдарының МТБ, оның ішінде цифрландырылу жай-күйіне 
мониторингтің болмауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет