жерлердегі педагогтердің біліктілігінің төмендігін көрсетеді.
2020 жылы педагогтер қатарын 9220 жас маман, 2021 жылы – 11846 адам
толықтырды.
Жас мамандар орта есеппен қала мен ауыл арасында біркелкі бӛлінген.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар 3 мыңға жуық (50 %) жас
маман еңбек жолын ауылдық жерлерде бастады. Бейінді білімі бар барлық жас
мамандардың ішінде мұндай мамандардың ең кӛп саны оңтүстік ӛңірлерде:
Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында.
Білім саласындағы мамандардың жыл сайын оқу бітіріп жатқанына
қарамастан, білікті педагогтер әлі де қажет. 2021 жылы мұғалімдерге деген
қажеттілік 3733 адамды құрады, оның ішінде қалалық жерде – 1863, ауылдық
жерде – 1870. Педагог кадрларға жоғары қажеттілікті Атырау облысы (651)
кӛрсетіп отыр. Сондай-ақ халқы тығыз орналасқан ӛңірлерде: Алматы (602)
және Түркістан (472) облыстарында педагогтерге деген қажеттілік жоғары.
Маңғыстау облысында да (229) кадр тапшылығы байқалады.
Ауылдық жерлерге жоғары білікті педагогтерді тартудың күрделілігі ӛзекті
мәселе болып қала береді. 2020 жылы жалпы білім беретін мектептерден 22525
адам (ауылдық жерден – 10038) немесе педагогтердің жалпы санының 7 %-ы
жұмыстан шықты. 2020 – 2021 оқу жылы кезеңінде мектептерден 598 жас
маман жұмыстан шықты, оның 43 %-ы ауылдық жерлерде.
ТжКБ жүйесінде тӛрт жыл ішінде шеберлер мен арнайы пәндер
оқытушыларына деген қажеттілік 2 есеге жуық ӛсті. 2015 жылдан бастап 50
жастан асқан және зейнеткерлік жастағы кадрлар саны 1,5 есеге ӛсті. Тӛмен
жалақы ӛндірісте тәжірибесі бар, техникалық ағылшын тілін, компьютерлік
бағдарламалауды, заманауи ӛндірістік технологияларды білетін жас
мамандарды қызықтырмайды.
Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу туралы
тапсырмасына байланысты педагог кадрларды даярлау мәселесі ӛткір қойылып
отыр. Педагогтерге деген қажеттілік демографиялық ӛсу, жаңа мектептер салу,
оның ішінде жеке мектептер үлесінің ұлғаюы есебінен қарқынды ӛсуде.
2015 – 2020 жылдар аралығында Қазақстан мектептерінде жаңартылған
білім беру мазмұнына кӛшу іске асырылды.
Жаңартылған мазмұнды қарқынды және ауқымды іске асыру кезеңінде
біліктілікті арттыру жүйесі қайта құрылып, мұғалімдердің тиісті дайындығын
қамтамасыз ете алды. Іске асыру процесінде тиісті курстарда оқыған
мұғалімдер тәсілдерді, әдістер мен технологияларды, оқу жетістіктерін бағалау
жүйесін, оқу қарым-қатынасының басымдықтарын түбегейлі ӛзгертіп,
мектептерде оқытуды жақсартуға айтарлықтай әсер етті. Мұғалімдердің
педагогикалық практикасымен біріктірілген біліктілікті арттыру осындай
нәтиже берді.
Сонымен қатар ЖОО-лар мектептегі білім берудің жаңартылған
мазмұнының талаптарына сәйкес кәсіби даярлық мазмұнын шұғыл түрде қайта
құрып, жаңарта алмады. Жоғары педагогикалық мектептің профессорлық-
оқытушылық құрамының (бұдан әрі – ПОҚ) кәсіби дамуы ұзақ уақыт бойы
білім беру жүйесінде реформалар жүргізудің бірінші кезектегі факторы ретінде
қарастырылмағандықтан жағдай күрделене түсті.
Біліктілікті арттыру жүйесін жаңғырту қарқыны, мұғалімдердің
ӛзгерістерге дайындығы және дәстүрлі білім беруді ұстанатын жоғары оқу
орындарындағы кәсіби-педагогикалық даярлық арасындағы теңгерімсіздік
ӛткір сезіле бастады.
"Педагог" кәсіби стандарты 2017 жылы бекітілді, алайда оның
педагогикалық білім беруді дамыту, жұмыс істейтін педагогтердің біліктілігін
арттыру және аттестаттау басымдықтарына сәйкес келмегендіктен педагог
кадрларды даярлау жүйесінде орталық орынға ие болған жоқ.
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу кезеңінде педагог
кадрларды даярлау жүйесінің міндеттері елеулі түзетулерден ӛтті. Осы кезеңде
орта білім беру мазмұны, мектеп пәндерін оқыту әдістемесі, жоғары оқу
орындары пәндерінің пәндік мазмұны, АКТ-құзыреттілігі мәселелерінде
педагогтерді даярлаудағы елеулі олқылықтар айқын болды. Педагогтерді
қолдаудың мемлекеттік шараларына қарамастан, педагогикалық білім беру
ерекше назар аударуды және біліктілікті арттыру жүйесімен тығыз ӛзара іс-
қимылды талап етеді.
Алдыңғы онжылдықтардағы мамандық мәртебесі мен педагогикалық
мамандықтарға түсуге қойылатын талаптардың тӛмендігі әуел бастан салада
мамандыққа қызығушылығы тӛмен және кәсіби ӛсуге ынтасы аз педагогтердің
салада едәуір үлесінің болуының себебі. Мәселен, мектеп және ТжКБ
ұйымдары директорларының пікірінше, қазақстандық педагогтер сабақты
ұйымдастыру және ӛткізу сапасы, ӛзгерістерге дайын болу және білім
алушылардың жеке қажеттіліктерін есепке алу сияқты параметрлер бойынша
ЭЫДҰ-ның 37 еліндегі әріптестерінен айтарлықтай тӛмен.
Қазақстандық ТжКБ ұйымдарында оқытуды 40,9 мың инженерлік-
педагогикалық қызметкер (бұдан әрі – ИПҚ) қамтамасыз етеді. Бұл ретте соңғы
3 жылда біліктілікті арттыру курстарынан ИПҚ-нің тек 49 %-ы ғана ӛтті. Білім
беру мазмұнын жаңарту аясында ТжКБ-нің 10075 педагогі, оның ішінде педагог
кадрларды даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ
ұйымдарында 117 педагог жұмыс істейді.
PISA-2018 нәтижелері бойынша ТжКБ ұйымдарының білім алушылары
базалық дағдылар бойынша орта білім беру ұйымдарындағы ӛз құрдастарынан
едәуір артта қалады. Сондықтан жалпы білім беру пәндерінен сабақ беретін
ТжКБ педагогтерінің кәсіби және пәндік құзыреттеріне ерекше назар
аударылуға тиіс.
Жоғары педагогикалық мектепте ПОҚ-тың кәсіби дамуы ұзақ уақыт бойы
білім беру жүйесінде реформалар жүргізуде бірінші кезектегі фактор ретінде
қарастырылмады. Осылайша, Қазақстанның жаңа тарихындағы ӛзгерістердің
ауқымы мен тереңдігі бойынша теңдесі жоқ орта білім беру мазмұнын жаңарту
реформасы 2014 – 2020 жылдар аралығында тек біліктілікті арттыру жүйесінің
күшімен әзірленіп, жүргізілді.
Жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу жұмысы Қазақстанның жалпы,
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде болып жатқан нақты үрдістерді
толық кӛрсетіп отырған жоқ. ЖОО-лардың ғылыми және (немесе) ғылыми-
техникалық қызметті гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар желісі
бойынша зерттеулері мектепке дейінгі, мектептегі, техникалық және кәсіптік
білім беру педагогтерінің үздіксіз кәсіби дамуының теориялық және
практикалық модельдеріне нақты сұранысты кӛрсетпейді. ЖОО-лар мәлімдеген
зерттеу тақырыптары білім беру ұйымдарының қажеттіліктерінен әлдеқайда
алшақ болуымен ерекшеленеді. Жалпы ЖОО тарапынан эмпирикалық
зерттеулердің жеткіліксіздігі педагогтің кәсіби даму проблемалары бойынша
Қазақстандағы ғылыми ойдың қалыптасу процестерін тежейді.
Білім беру ұйымдарының басшылары біліктілікті арттыру курстарының
маңызды нысаналы тобы болып табылады. Қазақстанда білім беру саласындағы
кӛшбасшыларды тағайындамас бұрын оларды даярлау тәжірибесі жоқ.
Қазақстан директорларының тек 13 %-ы мектепті басқаруды лауазымға
тағайындалғанға дейін оқығандығын атап ӛтті, ал ЭЫДҰ кӛрсеткіші 31 %-ға
жеткен. Басқарушы персоналды кӛшбасшылық және менеджмент дағдыларына
даярлау "іс жүзінде", яғни басшылық лауазымға тағайындағаннан кейін
жүргізіледі.
Пандемия білім беру жүйесіне ерекше сын болды. Пандемия кезеңінде
қазақстандық қоғам педагогтің орны толмас және жоғары рӛлін түсінді.
Сонымен қатар пандемия педагогтің ІТ-дағдыларын оның кәсібилігінің
негізгі факторы ретінде белгілеп берді. TALIS-2018 қазақстандық педагогтердің
IT-дағдыларын қалыптастыру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан ӛту
қажеттілігінің жоғары (30 % деңгейінде) екенін кӛрсетті. 2020 жылы 347 мың
педагог қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру
курстарынан ӛткеніне қарамастан, қашықтан оқыту процесіне шұғыл кӛшу
жағдайында қашықтан оқытуды ұйымдастыру және басқару педагогтер
арасында белгілі бір қиындықтар туғызды.
Қазіргі уақытта Қазақстан педагогтері "Педагог мәртебесі туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті
түрде бес жылда бір рет біліктілікті арттыру курстарынан ӛтеді. Мұндай
жүйелілік педагогикалық білімнің, икемділіктің және құзыреттіліктің жаңару
жылдамдығына, педагогтердің ӛзекті және ұтқыр кәсіби дамуының
халықаралық стандарттарына сәйкес келмейді, педагогтердің қарқынды ӛзгеріп
отыратын қиындықтары мен қажеттіліктеріне жедел ден қоюды қиындатады.
Курстарды мемлекеттік және жеке ұйымдар ӛткізеді, олардың қатарында
"Ӛрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы (бұдан әрі – "Ӛрлеу" ҰБАО),
"НЗМ" ДБҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, "Talap" коммерциялық емес
акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Talap" КЕАҚ), "Бӛбек" ұлттық ғылыми-
практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы және басқалары бар.
Қосымша білім беру педагогтерінің біліктілікті арттыру курстарымен
жеткіліксіз қамтылуы байқалады. Қосымша білім беру педагогтерінің
біліктілігін арттыруға жыл сайынғы қажеттілік – 3,8 мың адам.
Қазақстанның білім беру жүйесін реформалау процестері педагогтердің
ӛздерінің қиындықтары мен қажеттіліктері бойынша курстық даярлыққа
кіріктірілуі тиіс педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының бағытын басым етеді.
Сонымен қатар талап етілетін кәсіби дамудың нәтижелілігі үнемі
мониторингтік зерттеуді талап етеді. Мұндай интеграция педагогтердің үздіксіз
кәсіби дамуы мақсатында ғылыми-әдістемелік жұмысты білім беру сапасын
арттырудың күтілетін нәтижесімен орындауға мүмкіндік береді.
Үздіксіз кәсіби даму үшін біліктілікті арттырудың құрамдас бӛлігі ретінде
оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс функцияларын жүктей
отырып, облыстық әдістемелік кабинеттердің қызметін қайта қарау туралы
мәселені пысықтау қажеттілігі бар.
Ӛңірлік әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) ұйымдық-құқықтық
нысаны әртүрлі, жарғылар мен ережелерге, қызметкерлердің штат саны мен
біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар жоқ. Әдістемелік кабинеттердің
қызметінде әдістемелік сүйемелдеудің жүйелі тәсілі жоқ, ол жекелеген іс-
шараларды ӛткізумен алмастырылады, сондай-ақ ғылым мен тиімді
педагогикалық
практика
біріктірілмеген.
Әдістемелік
кабинеттер
мамандарының кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі мәселесі шұғыл шешуді
талап етеді. Әдетте әдістемелік кабинеттер біліктілікті арттыру курстарын
педагогтердің қажеттіліктері мен қиындықтарын зерделемей ӛткізеді, білім
беру ұйымдарына күнделікті әдістемелік кӛмек беруді назардан тыс қалдырады.
Сонымен қатар педагогтердің мәртебесін көтеруде мынадай
Достарыңызбен бөлісу: |