қатысуымен балалар мен олардың ата-аналары үшін отбасын нығайту бойынша
түрлі бірлескен мектеп жобалары ӛткізіледі.
Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері оқу
бағдарламаларына және орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының
мазмұнына енгізілген.
Ата-аналардың республикалық қоғамдық кеңесінің қызметін әдіснамалық
сүйемелдеу мақсатында: "Отбасы-мектеп", "Мектеп ӛмірінің бір күні" ұзақ
мерзімді жобалары іске асырылуда.
Еліміздің білім беру ұйымдары "Ата-аналар мектебі", "Әжелер мектебі",
"Әкелер мектебі", "Аналар мектебі" бастамаларын іске асыруда.
Тәрбие процесінің аса маңызды құрамдас бӛлігі патриоттық сезімдерді
қалыптастыру және дамыту болып табылады. Мемлекетке білім алуға, оның
игілігі үшін жұмыс істеуге және қажет болған
жағдайда оны қорғауға дайын
дені сау, ержүрек, батыл, бастамашыл, тәртіпті, сауатты адамдар қажет.
Осы міндеттер аясында жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы
артып келеді. Әскери-патриоттық тәрбие патриотизмге тәрбиелеумен тығыз
байланысты.
Белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, патриоттық тәрбиені
күшейту мақсатында мектепте қоғамдық маңызы бар қозғалыстарға ("Жасыл
экономика", "Қоршаған ортаны қорғау", "Менің Отаным, менің қалам/ауылым"
және т.б.) білім алушыларды қамту кеңеюде.
Сондай-ақ білім алушылар дебаттық қозғалыстарға, мектептегі және
студенттік ӛзін-ӛзі басқаруға, әскери-патриоттық клубтарға, балалар-
жасӛспірімдер қозғалыстарына ("Жас қыран", "Жас ұлан", "Жас сарбаз"),
сонымен бірге "Рухани жаңғыру" бағдарламасы
шеңберінде іске асырылатын
жобаларға тартылады. Республикада 4988 дебат клубы жұмыс істейді. 2021
жылы 5 мыңға жуық мектепішілік, оның ішінде ЖОО ішіндегі және ЖОО-лар
арасында студенттік дебаттық турнирлер ӛткізілді.
"Жас ұлан" бірыңғай балалар-жасӛспірімдер ұйымы шеңберінде
волонтерлік қозғалыс белсенді дамуда, онда 10 мыңға жуық қатысушы бар.
Бұдан басқа, білім беру ұйымдарында жас ұрпаққа идеологиялық тәрбие
беру жұмысын күшейту қажет. Ӛскелең ұрпаққа идеологиялық тәрбие беру –
бұл адам тұлғасын жасау, адамның болып жатқан оқиғаларға, мәдени және
ғылыми мұраға, тарихи жетістіктерге қатысуын анықтайтын бағытты
қалыптастыру, адамның ӛзін, қоғамдағы ӛзінің орнын түсіну мүмкіндігі.
"Білім-инновация" лицей-интернаттары мен "Назарбаев Зияткерлік
мектептері" дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі –"НЗМ" ДБҰ) білім
алушыларды тәрбиелеу және оқыту жүйесін енгізу жалғасады.
Халықаралық зерттеулердің деректері оқу мәдениеті мен қоғам
сауаттылығының дағдарысын кӛрсетеді.
Осыған байланысты Мемлекет
басшысының тапсырмасы бойынша "Оқуға құштар мектеп" жобасы іске
қосылды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру білім алушылардың оқу
сауаттылығының тӛмен деңгейіне жауап болмақ. PISA-2018 нәтижелері
кӛрсеткендей, Қазақстан оқу сауаттылығы бойынша Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдерінің орташа
кӛрсеткішінен 100 балға артта қалып отыр.
Білім және ғылым саласында барлығы 7096 кітапхана жұмыс істейді, оның
ішінде 6461-і мектептерде, 579-ы техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан
әрі – ТжКБ) ұйымдарында және 56-сы ЖОО-ларда. Сондай-ақ республикалық
ғылыми-педагогикалық кітапхана жұмыс істейді. Күндізгі мемлекеттік жалпы
білім беретін мектептерді кітапханалармен және кітапхана қорымен
жарақтандыру мәселесі ӛзекті күйінде қалып отыр. Мектептердегі
кітапханаларға жалпы сұраныс 670 бірлікті құрайды. Ең кӛп
сұраныс Ақмола,
Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан
облыстарының мектептерінде орын алып отыр. 2018 – 2020 жылдары бұл
облыстар қажеттілік бойынша кӛшбасшы болып саналады. Еліміздің
мегаполистері Астана, Алматы және Шымкент қалалары мектептер мен
кітапханалардың арақатынасы ең кӛп ӛңірлер болып қала береді.
Жалпы кітапхана қоры 267 млн астам дананы құрайды. Алайда кітапханалар
негізінен идеологиялық сипаттағы кеңестік кезеңдегі басылымдарды құрайды.
Қазіргі заманғы кӛркем әдебиет, әсіресе, мемлекеттік тілдегісі жоқтың қасы.
Осыған байланысты кітапханалардың мазмұны мен инфрақұрылымын
дамытуға, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және оқу
сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жоба іске қосылды. Жоба
іске асырылған бір жылда мектеп кітапханаларында кӛркем, оның ішінде
мемлекеттік тілдегі әдебиеттің кӛлемі айтарлықтай ӛсті. Тек қазақстандық
авторлардың ғана емес, сондай-ақ әлемдік әдебиет туындылары бар (2021 –
2022 оқу жылында бүкіл республика бойынша кӛркем әдебиеттің жаңа
түсімдері шамамен 2,5 млн дананы құрады. Жаңадан келіп түскен
қазақ және
орыс тілдеріндегі кӛркем әдебиеттің арақатынасы 51 %/49 %-ды құрайды).
Мектеп кітапханаларының базасында "BookCrossing" жобасы енгізілуде,
жобаны іске асыру үшін әртүрлі кездесулер, пікірталастар және басқа да іс-
шаралар ӛткізілуде. Мектеп кітапханалары жұмысының форматын ӛзгерту,
ӛңірлік, ұлттық және халықаралық ресурстар мен кітап қорларын толыққанды
қамтамасыз ету және оларға жедел қол жеткізуде "Оқуға құштар мектеп"
жобасын сапалы іске асыруға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 100 мың
тұрғынға шаққанда әлемдегі суицид кӛрсеткіші 8,3 жағдай болса, 15-19 жастағы
қазақстандық жасӛспірімдер арасында 11,3 жағдайды құрады. Суицидтің
туындауы қауіпті мінез-құлыққа бейімдік, зорлық-зомбылық, бала кездегі
психологиялық травма, стигматизация және
жастардың қажеттіліктеріне
бағдарланған психикалық саулық қызметтері мен білікті мамандардың
жоқтығы себебінен болып отыр.
ЮНИСЕФ деректері бойынша қазақстандық оқушылар ЭЫДҰ елдеріндегі
(орташа кӛрсеткіш – 23 %) замандастарымен салыстырғанда буллингке жиі
ұшырайды (32 %). Балалардың жартысынан кӛбі виртуалды зорлық-зомбылық,
дін мен суицидті насихаттау жағдайларына ұшыраған және әлеуметтік
желілерде танысуды қолдайды. Осыған байланысты әлеуметтік дағдыларды
дамыту, білім алушылардың бос уақытын және қоғамдық қызметін
ұйымдастыру және олардың психикалық денсаулық
проблемалары туралы
хабардарлығын арттыру ӛзекті міндет болып қала береді.
Әлеуметтік желілердің жастар санасына теріс әсерінің, буллинг пен
кибербуллингтің профилактикасы бойынша балалар арасында білім
алушылармен ақпараттық-түсіндіру
әңгімелері, құқық қорғау ұйымдарының
ӛкілдерімен, жастар ұйымдарының кӛшбасшыларымен заңнаманы, мемлекеттік
бағдарламаларды және Telegram, WhatsApp, Facebook, VK, Instagram және т. б.
сияқты әлеуметтік желілерден алынған ақпарат ағынының теріс әсерін азайту
жӛніндегі
ұлттық
жобаларды
түсіндіру
бойынша
кездесулер
ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: