Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихы. Инклюзивті білім берудің құндылықтары, қағидалары


Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары



бет2/2
Дата27.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#129301
1   2
Байланысты:
1 апта СРСП,Жангерей Айнұр,ҚТӘ-203

Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Əрбір адам сезуге жəне ойлауға қабілетті.
3. Əрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
Қазіргі кезде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар саны 144 783 баланы құрайды, оның ішінде 96 555 мектеп жасында және 48228 мектепке дейінгі жаста. 2016-2017 оқу жылында 10% (4910 б/б-дан 495 б/б) балабақша инклюзивті білім беруді енгізді, онда 6130 бала, 44,7% немесе 3289 мектеп инклюзивті білім беру үшін жағдай жасады (40 мыңнан астам бала). Педагогтар мен ата-аналарға ғылыми-әдістемелік, ұйымдық-консультативтік көмек көрсету үшін 7 инклюзивтік білім беру жөніндегі ресурстық орталығы құрылды (Ақтөбе – 1, Ақмола -1, Қарағанды – 1, БҚО – 2, Қызылорда – 1, ҚАЗ ҰПУ- 1).
Қазақстан Республикасында 42 арнайы балабақша және 435 арнайы топтар жұмыс істейді, оларда 13 мыңнан астам мектепке дейінгі жастағы балалар білім мен тәрбие алуда, 97 арнайы мектеп және жалпы білім беру мектептері жанындағы 2605 арнайы сынып жұмыс істейді, оларда 25 мыңға жуық оқушы білім алады. Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 13 оңалту орталығы, 149 психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеттері, 58 психологиялық - медицииналық - педагогикалық консудьтацияларды, педагогикалық - коррециялау қолдауды көрсетуде.
ИПБТ жүйесінде мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан мамандарды даярлау ісін 178 колледж жүргізуде. Аталмыш санат студенттерінің контингенті 3 мыңға жуық адам құрайды. «Дефектология» мамандығы шеңберінде кадрларды даярлау елдің 17 ЖОО-да жүргізіледі. Бұдан басқа педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 3 жыл ішінде 2771 педагог инклюзивті білім беру бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Педагог кадрларының біліктілігін арттырудың барлық курстарының тыңдаушылары үшін инклюзивті білім беру бойынша міндетті лекциялар әзірленді және енгізілді .
Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға:
- мүмкіндіктері шектеулі балалар;
- мигранттардың, оралмандардың, босындардың, саны аз ұлттардың отбасыларынан шыққан балалар;
- қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар) жатады.
Қазақстандағы білім беру жүйесінде: - әрбір білім алушыны тұлғалы даму траекториясына, даралап оқыту әдістеріне негізделген дербес оқытуды, оны психологиялық-педагогикалық қолдауды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім берудің моделі жасалмаған; - білім беруге арналған икемді оқу бағдарламалары әзірленбеген; - жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін кадрлар мен оқу-әдістемелік база жеткіліксіз; - оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау іске асырылмайды, балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторларын жою; - ерте кәсіптік бағдарлау, ерекше оқытуды қажет ететін балаларды кәсіпалды және кәсіби даярлау шарттары жеткіліксіз құрылған; - мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларының бірізділігі мен сабақтастығында, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жұмысқа орналастыруда жүйелі ықпалдасты жою; - көптеген балалардың білім алу қажеттіліктері жеткіліксіз қамтамасыз етілген, нәтижесінде олардың әлеуметті мүмкіндіктері толық жүзеге асырылмаған; - халықаралық TIMSS, PISA, PIRS зерттеулеріндегі Қазастандық оқушылардың көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз деңгейде; - әлеуметтік бейімдеудің жеткіліксіздігінен девиантты мінез-құлықты балалардың саны көбеюде, балалар арасындағы қылмыс, суицид бұзылыстары да азаймай отыр; - түлектердің функционалды сауаттылығы төмен қалыптасқан, жұмысқа орналаса алмайды, қатер тобына түседі.
Жүзеге асырудың негізгі шарттары:
нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіру;
- ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және басқа да ресурстардың шоғырлануы;
- әлеуметтік-педагогикалық шарттарды құру;
- ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және кәсіби бағдарлау мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасау;
- балалардың жеке мүмкіндіктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, ақпаратты коммуникативтік технологияларды пайдалануды қамтамасыз ететін интерактивті оқыту.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды жақындатады. Инклюзивті бағыт мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болады деген сенімдеміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет