Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді



Pdf көрінісі
бет29/38
Дата07.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#19329
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
 

 

Балаларға қосымша білім беру жүйесін дамыту тетіктері 

 

1.  Балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінің  заңнамалық  және 

нормативтік құқықтық базасын жетілдіру  

1)  2011-2020  жылдарға  арналған  БДМБ-ның  келесі  бөлімдеріне 

өзгертулер мен толықтырулар енгізу: 

балаларға  қосымша  білім  беру  мекемелернің  жүйесін  арттыру,  оның 

ішінде МЖС-ті дамыту есебіне;  

балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінің  материалды-техникалық 

базасын нығайту;  

балалардың қосымша білім берумен қамтылуын арттыру;  

2)  бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта  білім  беру

  

МЖМБС-ның  келесі 



бөлімдеріне толықтырулар енгізу:  

бөлімдерін  толықтыру:  «Үйренушілердің  сабақтан  тыс  әрекеттерін 

ұйымдастыру», онда қосымша білім беру бағадарламаларын жүзеге асыру үшін 



56 

 

мектептегі  элективті  компонент  есебіне  аптасына  4  академиялық  сағат  және 



қосымша  білім  берудің  мектептен  тыс  мекемелерінде  6  сағат  қарастырылады. 

Бұл  балаларға  қосымша  білім  берудегі  қолжетімділікті  қамтамасыз  етеді, 

сондай-ақ, мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде 

орналастыруға мүмкіндік береді; 

3)  «Азаматтық  қызметшілерге,  мемлекеттік  бюджет  қаражаты  есебінен 

ұсталатын  ұйымдардың  қызметкерлеріне,  қазыналық  кәсіпорындардың 

қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу  жүйесі  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2007  жылғы  29  желтоқсандағы  №  1400  Қаулысына  өзгерту  енгізу, 

қосымша  білім  беру  педагогтарының,  педагог-ұйымдастырушыларының  және 

әдіскерлерінің  еңбекақыларын  санат  үшін    мұғалімдер  мен  дәрігерлер  ретінде 

көтеру бөліміне;  

Қосымша  білім  берудің  мектептен  тыс  мекемелеріндегі  оқу  кабинеттері, 

зертханаларды,  шеберханаларды меңгерушілік үшін үстеме ақылар; 

4)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 

Қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің 

үлгілік  штаттарына  және  педагогикалық  қызметкерлердің  және  оларға 

теңестірілген  тұлғалардың  лауазымдық  тізіміне  өзгертулер  мен  толықтырулар 

енгізу;  

5)  мамандар  сыныптауышына  «Қосымша  білім  беру  педагогы»    жаңа 

мамандығын  немесе  қосымша  білім  беру  бойынша  педагогикалық  ЖОО  мен 

педагогикалық колледждердің жоғарғы курстарына мамандандыру енгізу.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет