Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді


Қазақстандағы қазіргі қосымша білім беру жүйесінің даму ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет2/38
Дата07.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#19329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Қазақстандағы қазіргі қосымша білім беру жүйесінің даму ерекшеліктері 

 

Қазақстанда балаларға қосымша білім беру және тәрбие беру саласы ХХ 

ғасырдың  90-шы  жылдардың  басына  дейін  кеңестік  білім  беру  жүйесінде  зор 

маңызға  ие  болды.  Балалардың  басым  көпшілігі  аталмыш  үрдіске  тартылды. 

Бұған екі фактор себеп болды: біріншісі – тегін қосымша білім беру, екіншісі – 

мамандандырылған  білім берудің таралым кеңдігі.  

ХХ  ғасырдың  соңында  –  ХХІ  ғасырдың  басында  мектептен  тыс  тәрбие 

берудің  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесіне  трансформациялануы 

Қазақстанның  демократиялық  және  құқықтық  мемлекетке,  нарықтық 

экономикаға көшу міндеттерімен байланысты.  

Осы көшу үрдісі кезінде тұлға мен қоғам үшін сан түрлі формальды емес 

құрылымдардың, бірінші кезекте, қосымша білім берудің мәні артты, қосымша 

білім берудің негізгі мақсаты – балалардың үнемі өзгеріп тұратын жеке мәдени-

әлеуметтік және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру.     

Тәжірибе  көрсеткендей,  адамның  біліміне  деген  талаптар  тек  базалық 

біліммен ғана қанағаттандырылмайды. Базалық білім қосымша формальды емес 

білім  беруге  барынша  мұқтаж,  қосымша  білім  адамның  бейімдерін, 

қабілеттерін  және  қызығушылықтарын  дамытудың,  оның  әлеуметтік  және 

кәсіби  өзін-өзі  анықтауының  басты  факторларының  бірі  болып  отыр  және 

болып қала береді. 

Республикада алғаш рет балаларға негізгі (базалық) және қосымша білім 

беру  тең  құқылы,  бір-бірін  өзара  толықтырушы  компоненттер  ретінде 

қарастырылуда  және  осылайша  әр  баланың  толыққанды  жеке  дамуы  үшін 

қажет  бірыңғай  білім  беру  кеңістігін  құруда.  Мұндай  жағдайларда  мектеп 

оқушыларды  дамытуға  зияткерлік  ауықтушылықты  еңсеріп,  олардың  қоғамда 

табысты әлеуметтенулері үшін негіз құрай алады.  

Жаңа  буындағы  білім  беру  стандарттарын  енгізу  жағдайларында 

балаларға  қосымша  білім  беруді  негізгі  жалпы  білім  беру  бағдарламаларына 

енгізудің  өзектілігі  мектепте  алынған  білім,  іскерлік  пен  дағдыны  тәжірибеде 

қолдануға  септігін  тигізетін  жалпы  білімнің  вариативті  құрамдас  бөлігін 

күшейту, оқушылардың танымдық мотивацияларын ынталандыру қажеттігімен 

байланыстырылады.  

Мектеп  сабағындағы  оқу  үрдісінде  қосымша  білім  беру  жүйесіне  тән 

технологияларды  қолдануға  болады.  Бұлар  кешенді  сабақтар,  оқу  жобалары, 

дискуссиялық  технологиялар,  ойындар,  пәндік  технологиялар  болуы  мүмкін. 

Олар,  әдетте,  сабақтың  шеңберінен  шығуды  қажет  етеді,  мұғалімнің  тікелей 




 

жетекшілігінде  оқушылардың  өз  еркілерімен  жеке  және  топтық  іс-әрекеттерін 



қарастырады.  Сондай-ақ,  мектеп  сабағы  материал  мазмұнын  кеңейту  және 

тереңдету  деңгейінде  де  және  мектеп  сабағы  мазмұнының  жекелеген 

эелементтерін  сабақтан  тыс  қызметтің  түрлі  формаларында  өңдеу  есебінен  де 

қосымша  білім  беру  бағдарламасын  іске  асыру  үрдісіндегі  оқу  сабақтары 

аясында жалғасын таба алады.  

Сабақтан  тыс  жұмыс  жүйесіне  қосымша  білім  беру  бағдарламаларымен 

айналысатын балаларды қосу өзіндік ерекшеліктерге ие бола алады және түрлі 

тәрбиелік  нәтижелерге  шыға  алады,  бұл  әр  нақты  мектеп  қосымша  білім  беру 

мекемелерінің қандай деңгейін қамтитынына байланысты.  

Ол:  


1) жұмыстары бір-бірімен аз үйлеетін және толығымен бар кадрлық және 

материалдық  жағдайларға  тәуелді  болып  келетін  үйірмелердің,  секциялардың, 

клубтардың кездейсоқ жиынтығы

2)  балалар  шығармашылық  ұжымдары  мен  бірлестіктерінің  жұмысының 

ішкі шоғырлануы, олардың қызметінің түрлі бағыттанушылығы; 

3)  балаларға  қосымша  білім  берудің  мектептің  жеке  бөлімшесі  ретінде 

дамуы;  

4)  балаларға  негізгі  және  қосымша  білім  берудің  бірігуі,  мектептердің 

негізгі  құрылымдарының ұйымдық және мазмұндық бірлігі бола алады. 

Қазіргі  уақытта  мектептердің  тәжірибесінде  жоғарыда  аталған  барлық 

ұйымдық үлгілер пайдаланылады. 

Мектептегі  қосымша  білім  беруді  ұйымдастырудың  алғашқы  екі 

деңгейіне 

артықшылық 

беріледі. 

Бірігу 


үрдестерін 

жүзеге 


асыру 

жағдайларындағы үшінші және төртінші деңгейлер өзіндік тәрбиедік жүйелерді 

құруға бағдарланған мектептерге тән.  

Әр үлгі өзін жобалап, ары қарай іс-тәжірибеде жүзеге асыратындар үшін 

белгілі  бір  құндылықты  білдіреді.  Осылайша,  негізінде  мектептегі  қосымша 

білім беруді ұйымдастырудың бірінші деңгейі бар үлгілер белгілі мағынаға ие, 

себебі  балалардың  бос  уақытын  қамтамасыз  етеді  және  олардың  сабақтан  тыс 

қызығушылықтарының спектрін анықтауға мүмкіндік туғызады. 

Екінші деңгейдегі үлгілер балаларды, сондай-ақ, балалар мен ересектерді 

біріктіретін  жұмысының  өзіндік  формаларымен    бағалы  (қауымдастықтар, 

шығармашылық зертханалар, экспедициялар, шеберханалар және т.с.с.). 

Ұйымдық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлеріне негізделген 

үлгілер  балалардың  қосымша  білім  беруге  деген  түрлі  сұраныстарын 

қамтамасыз  етуге  және  осы  тұста  маңызды  нәтижелерге  жетуге  мүмкіндік 




10 

 

береді.  



Әрекеттестіктің  барлық  субъектілерінің  тәрбиелік  бағдарламалардың 

мазмұнын бірлесе әзірлеу арқылы жұмысының келісушілігінің есебінде мүмкін 

болады.  

Бірінші 


жағдайда, 

тәрбиелік 

қызметтің 

жалпы 


мектептік 

бағдарламасының  компоненті  ретінде  қаралатын  бірыңғай  бағдарламаның 

негізінде жұмыс істеп жүрген қосымша білім берудің барлық оқытушыларының 

әрекеттерінің келісушілігінің есебіне.  

Екінші  жағдайда  –  қосымша  білім  беруді  мазмұндық  деңгейде  де, 

қызметтің  технологиясында  да  негізгі  жалпы  білім  беру  бағдарламасымен 

біріктіру есебіне.  

Ұйымдық  әрекеттесудің  үшінші  және  төртінші  деңгейлерінің  есебінде 

құрылған,  бірігудің  ішкі  де,  сыртқы  да  механизмдерін  пайдаланатын  үлгілер 

басым  болып  қаралады,  себебі  олар  мектептік  тәрбиелік  жүйелерді  құруға 

бағдарланған,  ал  бұл  мектептік  білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  жаңа 

ұрпақтың стандарттарымен қарастырылған.  

Мектептегі қосымша білім беру қызығушылықтар бойынша түрлі балалар 

шығармашылық  бірлестіктерінің  басшыларымен  жүзеге  асырылады,  олар 

қосымша  білім  берудің  оқыту  бағдарламаларын  міндетті  түрде  басшылыққа 

алады.  


Сабақтан  тыс  жұмыс  пен  қосымша  білім  берудің  арасындағы 

байланыстырып  тұратын  маңызды  буын  болып  пән  үйірмелері  табылады:  бұл 

міндетті  оқу  материалына  ынтықтық,  білімге,  икемділікке,  дағыдағ  және  жеке 

бастың  дамуына  бағдарлану;  сабақтарға  міндетті  немесе  ерікті  түрде  қатысу; 

оқыту  материалының  көлемі  мен  игерудің  қарқынын  таңдау  мүмкіндігі.  Бір 

жағынан бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан– қосымша 

білім берудің бөлігі.       

Қазіргі таңда оқытушының ұстанымы түбегейлі өзгеруде: ол білім беруші 

ғана  емес,  оқушының  тұлға  болуына  көмекші  болып  та  табылады;  серіктестік 

пен  бейресми  қатынас  идеясы  бекітіледі.  Қосымша  білім  беру  оқытушысы 

кеңесшінің  функциясын  атқара  отырып,  балаларға  күшті  тұлғалық  ықпал 

жасайды. Осыдан – оның тұлғалық қасиеттеріне деген жоғары талаптар.  

Оқытуды  дараландыру  және  саралау,  тұлғаның  өзін-өзін  белгілеу  мен 

қалыптастыру мәселелерін шешу жағдайында балаларға қосымша білім берудің 

маңыздылығы айтарлықтай арта түседі.  

Қосымша білім беру оқытушысының түбегейлі мақсаты – балаға пән мен 

тәрбие – қара бастың қамы үшін емес, ол тұлғаның барлық қырларын: зердені, 



11 

 

тәжірибелік  ақылды,  еңбексүйгіштікті,  дене  дамуын,  өзін-өзі  қалыптастыруға 



мінез  бен  ерікті  қалыптастыру  мен  жетілдіру  құралы  ретінде  танытып, 

тәрбиелеу.    Басқа  сөзбен  айтқанда,  қосымша  білім  беру  –  баланың  бай  ішкі 

дүниесіне ену, түсіну және оның шегін кеңейту тәсілі. 

Қазіргі  Қазақстанда  балаларға  қосымша  білім  берудің  қызметі  мен 

дамуының негізгі мән-мағынасы оның білім беруді жаңартудың талаптарымен 

шартталған жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болуға бағытталуымен 

белгіленеді.  Алайда  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  бөлігі  болу  үшін  қосымша 

білім беру өздігінен дамуға тиіс. 

Негізгі және қосымша білім беру жақындасуларын дамытудың бір қыры 

мектептің  түрлі  мектептен  тыс  қосымша  білім  беру  ұйымдарымен 

ынтымақтастығы  болып  табылады.  Бұл  мектеп  оқушыларын  көркемдік, 

спорттық, туристік-өлкетанушылық және басқа іс-әрекеттерге тартудың тамаша 

мүмкіндігі.  Ынтымақтастық  жұмыс  жоспарларын  мектептің  және  қосымша 

білім беру ұйымының мүмкіндіктерін есепке ала отырып үйлестіруге мүмкіндік 

береді.  

Балаларға 

қосымша 

білім 


беру 

– 

балалықтың 



әлеуметтік 

институттарының  бірі,  ол  балаларды  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамыту  үшін 

құрылып, қолданылып келеді.  

Қосымша  білім  берудің  ерекшелігі  баланың  шығармашылық  қызметі  ол 

үшін  бастапқы  болуында.Бәрінен  бұрын,  тұлғаны  шығармашылықта  дамыту 

тұр, ал оқыту сол дамытуға демеу болады.  

Қосымша  білім  беру  баланың  ерікті  таңдау  бойынша  жеке  дара  және 

ұжымдық  шығармашылық  қызметте  тәжірибе  жинауына  мүмкіндік  туғызады. 

Бұл  әлеуметті  талап  етілген  сала,  онда  білім  берудегі  қызмет  көрсетудің 

тапсырыс берушісі мен тұтынушылары жас азаматтар мен олардың ата-аналары 

(заңды өкілдер), сондай-ақ, қоғам мен мемлекет болып табылады. 

Білім берудің осы түрі өскелең ұрпақтың бейімділігін, қабілеттілігін және 

қызығушылықтарын,  азаматтық  және  адамгершілік  қасиеттерін  дамытуға, 

өмірлік және кәсіби өзін-өзі белгілеуге  мүмкіндік береді. Қосымша білім беру 

жүйесі  шешетін  міндеттердің  арасында  –  қараусыздықтың,  құқық 

бұзушылықтың, нашақорлықтың және маскүнемдіктің алдын алу. 

Балаларға  қосымша  білім  беру  мектептің  тәрбиелік  мүмкіндіктерін 

кеңейтеді.  Ашықтық,  тұтастық    және  икемділікке  ие  болып  табылатын 

балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесі  баланың,  оның  отбасының,  қоғамның 

және  мемлекеттің  мүддесінде  «уақыт  талаптарына»  тез  әрі  дәл  әрекет  етуге 

қабілетті.  



12 

 

Жаңа  технологиялар  әлеміндегі  балалар  мен  жастар  шығармашылығы 



ұғымының  өзгергенін  түсіну  инновациялық  әдістемелерді  белсенді  енгізуді, 

заманауи  құрал-жабдықтарды  қолдануды,  оқытудың  жаңа  формаларын 

іздестіруді, қосымша білім берудің ресурстық орталықтарының рөлін заманауи 

технологиялар орталығы ретінде кеңейтуді талап етеді.   

«Балаларға  қосымша  білім  беру» 

терминімен  баланың  өз  талаптарына 

және  қажеттіліктеріне  сәйкес  өзі  таңдап 

алған  мәдениеттегі  жеке  дамуымен 

байланысты  формальды  емес  білім  беру 

саласын сипаттайды.  

Балаларға  қосымша  білім  беру 

ерекше  білім  беру  жүйесі  және  білім 

берудің 

айырықша 

түрі 

ретінде 


Қазақстанда  салыстырмалы  түрде  қысқа  тарихқа  ие.  Бірақ  қосымша  білім 

берудің  қазіргі  дәрежесі  және  қолда  бар  әлеуеті  мектептен  тыс  жұмыс 

мекемелерінің түрлі қызметінің ұзақ тарихы бойында қалыптасты.  

Балаларға  қосымша  білім  беру  айтарлықтай  педагогикалық  әлеуетке  ие: 

тұлғаның даму уәждемесін қалыптастырудың қуатты құралы болып табылады; 

қосымша  білім  беру  үрдістерінде  әр  бала  үшін  табыс  жағдайын  құру 

мүмкіндіктері  шексіз,  бұл  оның жеке  қасиеттерін  тәрбиелеуге  және  нығайтуға 

оң  әсер  етеді.  Іс-әрекеттің  сан  түрін  игеруге  құрылған  қосымша  білім  беру 

тұлғаның  өзін-өзі  іске  асыруының  мәдени  кеңістігін  кеңейтеді,  оны 

шығармашылыққа  ынталандырады.  Қосымша  білім  беру  саласында  бала  мен 

ересек  адамның  жеке  қызығушылықтарының  ортақтығы  негізінде  гуманистік 

құнды бағдарлардың қалыптасу үрдісі қарқынды әрі мақсатты жүреді; қосымша 

білім  беру  бағдарламалары    баланың  жақын  дамуы  аумағына  айнала  отырып, 

оның «мәдени дарындылығын» тәрбиелеуге септеседі. Адам әлеуетін қосымша 

білім  беру  құралдары  арқылы  дамыту    сонымен  қатар  ел  элитасын  (ғылыми, 

инженерлік,  мәдени  және  саяси)  дарынды  балаларды  анықтау,  олардың 

уәждемелері  мен  қабілеттерін  дамыту  арқылы  қалыптастыру  тәсілімен  іске 

асырылады. 

Қосымша  білім  беру  өзінің  ерекшелігіне  орай  бос  уақытты  (демалыс, 

көңіл  көтеру,  мереке,  өздігінен  білім  алу,  шығармашылық)  ұйымдастырудың 

түрлерін 

білім 


беру 

іс-әрекетінің 

түрлі 

формаларымен 



үйлесімді 

байланыстыруға  тырысады  және  нәтижесінде  балалардың  бос  уақытын  қамту 

мәселесін шешу арқылы девинатты мінез-құлық кеңістігін қысқартады.  



13 

 

Қосымша білім беру жүйесі тұтас алғанда жалпы білім беру жүйесінің бір 



бөлігі болып табылады. Бұл балаға ұсынылатын дайын мәдени-әлеуметтік орта 

емес, оны өзі жасаған вариативті, оның өзінің рефлексивті мүмкіндіктеріне арқа 

сүйейтін орта.  

Бастысы  –  қосымша  білім  беру  жағдайларында  балалар  жеке 

қажеттіліктерін қанағаттандыра алады, шығармашылық әлеуеттерін іске асыра 

алады,  қазіргі  қоғамға  бейімделе  алады  және  бос  уақыттарын  толыққанды 

ұйымдастыру  мүмкіндігіне  ие.  Ендеше  бала  өзін  әлеуметтік  тұрғыда  іске 

асырады,  кәсіп  меңгеруге  дайындалады  және  нәтижесінде  –  оның  болашақта 

табысқа жетуге деген мүмкіндіктері көп.   

Қосымша білім берудің ерекшелігі сол, ол жалпы білім беру жүйесінің бір 

бөлігіне  айналды  және  ведомствоаралық  сипатқа  ие  болды.  Ол  бүгінгі  таңда 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет