6%-ы ғана қызығушылықтары бойынша үйірмелерге (клубтарға) қатысады,
15%-ы спортпен айналысады, 18%-ы – компьютерде ойын ойнайды, 9% -
теледидар көреді, 69% - өзінің еркіне қойылған.
Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлерінің арасында жаяу туризм көп
сұранысқа ие – онымен сұралушылардың 41%-ы айналысқысы келеді,
респонденттердің 36%-ы тау туризмімен, құзға шығумен айналысқанды
қалайды, 23% -су туризмін қалайды.
Қазақстан бойынша туристік-өлкетану маршруттарына сұралушылардың
57%-ы баруды қалайды, 40%-ы – барғысы келмейді және 3%-ы жауап берген
жоқ.
Балалар мен оқушы жастардың адамгершілік-рухани, этикалық даму
тұрғысында қауіп-қатерлі жағдай анықталған.
Мұндай жайттың себептерінің бірі тәрбиені әлеуметтік құбылыс ретінде,
мақсатты үрдіс ретінде де бағаламаушылықта жатыр, ал оның нысандары
49
болып балалар мен оқушы жастардың рухани, адамгершілік, патриоттық дамуы
табылады.
Қосымша білім беру балалар мекемелерінің мекемелік қатыстылығының
алуан түрлілігі соншалықты, ол жалпылама міндеттерді шешуге және бірыңғай
талаптар қоюға мүмкіндік бермейді, сол арқылы балалар мен жастардың
республикалық іс-шараларға қатысуын қиындатады, себебі кейбір ұйымдар
білім мекемесіне, ал басқалары дене шынықтыру, туризм және спорт
мекемелеріне қарайды.
Мақсаттардың бірыңғай векторының болмауы мен балаларға қосымша
білім беру мекемелеріндегі мекемеаралық байланыстардың әлсіреуі білініп
келеді.
Сонымен, Алматы қаласында, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік
Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында техникалық шығармашылық
орталықтары жоқ.
Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау
облыстарында және Астана қаласында жас туристер мен натуралистер
станциялары жоқ.
Балаларға қосымша білім беру бойынша оқыту бағдарламаларының бар
құрылымы мен мазмұны технологиялардың дамуының заманға сай деңгейіне,
елдің экономикалық артықшылықтарына, балалар мен ата-аналардың
сұраныстарына толық шамада жауап бере алмайды.
Техникалық шығармашылық бірлестіктерінде айналысатын кіші (9 477)
және орта (27 629) мектеп жасындағы балалар санының тұрақты өсу беталысы
байқалуда. Сонымен бірге жоғары сынып оқушыларының саны көп емес және
техникалық шығармашылықпен айналысатын балалардың жалпы санының ¼
құрайды.
Балаларды қосымша білім беруге еліктіру деңгейі Батыс Қазақстан
облысында 59,9%, Оңтүстік Қазақстан облысында 14,1%-ға дейін, Қостанай
облысында 47,1%, Алматы облысында 10,4%-ға дейін, Шығыс Қазақстан
облысында 44,4%-дан Атырау облысында 16%-ға дейін өзгеріп тұр.
50
Ауылдық мекендерде техникалық бағыт бойынша балаларға қосымша
білім берудің сақтық қорлары нашар ашылған. Ауылдық мекендерде
техникалық шығармашылықпен 20 913 бала қамтылған, ол мектеп жасындағы
балалардың жалпы санының 0,8%-ын құрайды.
Мақсаттардың бірыңғай векторы мен еңбек нарығы және өндіріспен
байланыстың әлсіреуі байқалуда. Білім берудің маңызды мәселесі дарынды
балалар және жастармен жұмыстың жеткіліксіз мақсаттылығы да болып
табылады.
Үйренушілердің талдамалы қабілеттерін дамытуда үйірмелер мен
факультативті сабақтар көп мүмкіндіктерге ие. Үйірмелер мен факультативті
сабақтар ой-өрісті, шығармашылық қабілеттерді дамытуға, өзіндік жұмыстарға
машықтануға, дағдыландыруға жағдай жасайды және сол арқылы оқу
пәндеріне даярлықтың сапасын арттырады.
Қосымша білім берудің әлсіз инфрақұрылымы (он бір аймақты
ЖТС, ЖНС және БТШС болмауы), балалар және жасөспірімдер туризмнің,
ғыылыми-техникалық шығармашылықтың, көркемдік және музыкалық
мектептердің мекемелері орналасқан ғимараттардың техникалық ахуалы
ерекше үрей тудырады.
51
БҚ ұйымдарының МТБ даму қарқынының артта қалуы байқалады
(материалдық жабдықталуы - 64,8%, ауылдарды - 52%).
Мұндай ахуалдың себебі қаражаттың болмауында ғана емес, сондай-ақ,
балаларға қосымша білім беру жүйесіне деген қатынастың дұрыс болмауында.
Қосымша білім берудің 159 мекемесі типтік ғимараттарда орналасқан,
қалғандары – бейімді немесе жалдамалы ғимараттарда.
Балалар музыкалық мектептері мен Балалар өнер мектептерінің жалпы
санынан 20%-ы ғана типтік ғимараттарды орналасқан, қалған 80%-ы – бейімді
ғимараттарда, мекемелердің 20%-ы күрделі жөндеуді немесе ішінара қайта
құруды қажет етеді. Техникалық шығармашылық орталықтарының 7 ғимараты
күрделі жөндеуді талап етеді, 14 – бейімді ғимараттарда, 3 – мектептердің
жанында орналасқан. Балалар туризмінің 10 орталығында меншікті
ғимараттары жоқ, көптеген өз бетінше ұйымдастырылған туризм бірлестіктері
жалпы білім беруші мекемелерде орналасуда. Мұндай ғимараттардың
жартысына жуығы Оңтүстік Қазақстанда. Барлық қосымша білім беру
мекемелерінің 50%-нан көбі күрделі жөндеуді талап етеді.
Қосымша білім беру жүйесі заманауи жабдықтар мен құрал-
саймандардан, оқу құралдарынан, компьютерлік техникадан, музыкалық
аспаптардан, сапалы Интернет-байланысымен қамтамасыз етілуден қатты
тапшылық көріп отыр.
Білім берудегі аймақтық компонентті жүзеге асыру үшін мектеп
мұражайлары зор маңызға ие. Сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі
көптеген мұражайлар ұйымдастырушылық-әдістемелік және материалдық
қамсыздандыруда маңызды қиындықтар көруде. Білім беру мекемелерінің оқу-
тәрбиелік үрдісінде мұражайлардың әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері
педагогикалық ұжымдарда, білім беру басқармалары органдарының әдістемелік
қызметінде әлі назарға ілініп, мәні түсінілген жоқ. Мұражай ісінің ынтагер-
оқытушысының жұмысына білім беру мекемелерінің әкімшілігінің,
педагогтердің тарапынан әрдайым тиісті көңіл бөлінбейді, қолдау
көрсетілмейді. Білім беру мекемелеріндегі мұражайлардың басшыларын
материалды ынталандыру үшін қосымша білім беру педагогтерінің, педагог-
ұйымдастырушының
қызметтерін
қолдану
мүмкіндіктері
нашар
пайдаланылады.
2012-2013 жылдарда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Министрлігінің қосымша білім беру Республикалық оқу-әдістемелік орталығы
жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижелері қосымша және жалпы орта білім
беру жүйелерін біріктірудің қажеттілігін көрсетті.
52
Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде оқу құралдарын алуға
қаржыландырудың болмауы әкімшілікті және ата-аналарды ақшалай қаражат
бөлуге тартуға мәжбүрлейді, ол білім беру қызметінің әр түрі бойынша оқу
үрдісі шығындарының 20-дан 60%-ға дейін құрайды
Қосымша білім алуда қолжетімділік пен балалардың тең мүмкіндіктерін
қамтамасыз етуде маңызды кедергі болып қосымша білім беру саласының
төмен құндылықты ахуалы, қосымша білім беру жүйесінің балалардың жас
ерекшелігін есепке алғандағы өзекті әлеуметтік-экономикалық шақырулар мен
мәтінінде ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, әлеуметтік-педагогикалық,
әскери-патриоттық, көркемдік-эестетикалық бағыттар бойынша жеткіліксіз
бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандырылуы табылады.
Бұдан басқа, қосымша білім беру жүйесінің кадрлық, ақпараттық,
материалдық және басқа да ресурстарын біріктірудегі инновациялық
механизмдердің болмауы орын алып отыр, ауылдық мекендерде балаларға
қосымша білім беру сақтық қорлары нашар ашылған. ЖОО және колледж
педагогтарын даярлаудағы Типтік жоспарларда «Балаларға қосымша білім беру
педагогикасы» пәні жоқ.
Педагогтардың
қосымша
білім
берудегі
ғылыми-әдістемелік
қамсыздандырылуының қазіргі ахуалы білім алатын оқу-әдістемелік
кешендерді әзірлеуді қажет етеді.
Қосымша білім беру саласында базалық даярлығы бар, қызықты және
заманға сай бағдарламаларды жүргізу қабілетіне ие білікті педагогикалық
кадрлардың жеткіліксіздігіі байқалуда. Жоғары оқу орындарында қосымша
білім беру саласында жұмыс істейтін кадрларды кәсіби даярлау жүйесі жоқ.
Қосымша білім беру педагогтарының үздіксіз кәсіби білім алуы (оқытуы)
бойынша кадрларға тапсырыс беруші мекемелер мен білім мекемелерінің
арасында біртұтас әрекеттесу жүйесі қалыптаспаған.
Біліктілікті арттыруды қамтамасыз ететін білім беру мекемелерінде
олардың мекемелік бағыныштылығына байланыссыз, материалды-техникалық
және оқу-зертханалық қамтамасыз етілуінде елеулі мәселелер қатары бар, ал ол
шындығында оқу үрдісінің инновациялық бағыттылығына және білім беру
сапасын көтеруге кедергі келтіреді.
Қосымша білім беру жүйесінің дамуын тоқтатып тұрған тағы бір
маңызды мәселе – жеткіліксіз бюджеттік қаржыландыру. Білім алушылар
қатысатын аймақтық және республикалық іс-шаралар жүйелерінің кепілді
қаржыландырылмауы білім алушылар мен педагогтардың білім беру қызметін
53
жетілдіруге деген уәждемесіне, қызмет мазмұнын дамытуға, қосымша білім
беру жүйесіндегі балалар құрамын арттыру мүмкіндігіне кері әсерін тигізуде.
Қазақстанның аймақтар қатарындағы балаларға қосымша білім беру
мекемелерін нормативтік қаржыландыру бойынша шағын тәжірибе толық
шамада пайдаланылмайды, себебі оған тек еңбекақы шығындары ғана кіреді,
қызметтің түрлері мен жүзеге асырылатын қосымша білім бағдарламаларының
бағыттылығын ескермейді.
Жеткіліксіз қаржыландыру төмен әлеуметтік мәртебе мен қосымша білім
педагогтарының еңбекақыларына әсерін тигізеді.
Бар кемшіліктерді жою, қосымша білім беруге жоспарлық келешекті
сипат беру, бұл қызметті мемлекеттік саясаттың бастапқылығы ретінде тану
қосымша білім беруге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын
алуға мүмкіндік береді. Бұл салаға инвестиция адам капиталының, әлеуметтік
тұтастыққа, адамның бәсекеге қабілеттілік сапасын арттыруға әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |