Корея Республикасында дарынды балалармен жұмыс мұғалімдерді
даярлайтын өңірлік орталықтар әзірлейтін ұлттық бағдарлама сипатына ие.
Нақты жасалған осы қосымшада білім беру жүйесінде баланың зияткерлік,
әлеуметтік дамуы үшін үздік және қажетті жағдайлар жасалады деген жалпы
түсінік қалыптасқан. Сондықтан Корея елінде балалар мен ата-аналардың
таңдауы бойынша міндетті ақылы қосымша білім беру жүйесі қалыптасқан.
ТМД, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің іс-тәжірибелері
мен амал-тәсілдері қоғамдағы, сондай-ақ өмірдің салты мен сапасындағы
күрделі өзгерістер қосымша білім беру жүйесіндегі (ФЕББ) балалар мен
жастарға әлеуметтік тәрбие беру және білім беру міндеттерін шешуге әсер
еткенін көрсетеді.
Германияда, Скандинавияда, Францияда мен Британияда, Канада
және АҚШ-та толық күн мектептері жұмыс істейді, оларда түрлі білім беру
мүмкіндіктері ұсынылады және баланың жан-жақты дамуы үшін жағдайлар
жасалған. Толық күн мектептерінде таңғы оқыту стандартты бағдарлама
бойынша өтеді, түстен кейін оқушылар таңдау бойынша кез келген қосымша
білім беру іс-әрекетіне қатыса алады.
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс кезінде адамның түрлі
ақпараттың үлкен көлемін игеруіне, білімнің жылдам жаңаруына, іскерлікті
жетілдіруге деген қажеттіліктің ұлғаятыны жалпыға мәлім. Осы жағдайларда
барлық негізгі педагогикалық үрдістерді өзіне жинақтайтын туристік-
өлкетанушылық іс-әрекеттің рөлі жылдам өсе түседі.
Әлемдік іс-тәжірибеде өздігінен әрекет ететін туристік қозғалыстар және
балалар мен жасөспірімдер туризмі бірегей әлеуметтік құбылыс болып
табылады.
Еуропалық балалар мен жастар туризмі орталықтарының ортақ
ерекшелігі спорттық-сауықтыру қызметтердің кең спектрі бар бай
экскурсиялық-танымдық бағдарлама болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |