Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді



Pdf көрінісі
бет8/38
Дата07.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#19329
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Чехияның формальды емес білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты 

елдің  бәсекеге  қабілеттілігінің  бір  факторы  ретінде  қарастырылатын  ғұмыр 

бойы  оқуды  қолдау  түрінде  көрініс  табады.  Осыған  орай,  мұндай  оқытуға 

инвестициялар  «дамуға  құйылған  аса  маңызды  инвестициялар»  ретінде 

танылады.  Формальды  емес  білім  беру  мекемелерінің  іс-әрекетін  қаржылай 

қамтамасыз  ету  көп  жағдайда  мемлекеттік  бюджетке  байланысты.  Алайда, 

мұнымен  қатар  ол  қатысушылардың  жарнасынан,  демеушілер  көмегінен  және 

жеке шаруашылық іс-әрекетінен құралады.  




24 

 

Жалпы  алғанда,  Чехия  балалар  мен  жастарға  бос  уақытты  белсенді 



өткізуді  ұйымдастыруға  ерікті  негізде  қосылу  мүмкіндігін  беретін 

мекемелердің көп әрі қолжетімді желісіне ие.  

Елдегі  формальды  емес  білім  беруді  ұйымдастырушылар  болып 

табылады:  мектептер,  бос  уақыт  орталықтары,  білім  беру  агенттіктері, 

қызығушылықтар бойынша клубтар, мәдениет мекемелері және т.б.  

Чех  республикасында  балалар  мен 

жастарға  формальды  емес  білім  беру 

саласына  6700-ден  астам  мекеме  енеді 

(олардың  ішінде шамамен  2000-ы  үкіметтік 

және 


коммерциялық 

емес 


ұйымдар). 

Барынша  қолжетімді  формальды  білім  беру 

мекемелері  болып  бос  уақыт  орталықтары, 

ұзартылған  күн  мектеп  топтары,  мектеп 

клубтары  табылады.  Олардың  бәрі  жалпы  және  қосымша  білім  беру 

ынтымақтастығының  іс-тәжірибесін  көрсете  отырып,  мектептер  жанында 

жұмыс істейді.  

Бос  уақыт  орталықтарының  оқушылардың  түрлі  санаттарына  (мектепке 

дейінгі балаларға, оқушыларға, студенттерге), сондай-ақ педагогтарға (олардың 

тұрғылықты жеріне қарамастан) арналғанын атап өткен жөн. 

Өзін-өзі  басқару  негізінде  жұмыс  істейтін  мектеп  кооперативтері 

әлеуметтік  бағытқа  ие.  Францияда  олар  жалпы  білім  беретін  мектептер 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет