Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді


оқушыларының  бестен  бірін



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата07.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#19329
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
оқушыларының  бестен  бірін  біріктіреді. 

Балалардың іс-әрекеттің сан алуан түрлеріне 

(бау-бақша  өсіру,  қоян  өсіру,  емдік  шөптер 

жинау, 


мерекелер 

ұйымдастыру, 

пікірталастар өткізу және басқалар) қатысуы 

әлеуметтік  тәрбие  берудің  жақсы  мектебі 

болып табылады.  

Жапонияда  формальды  емес  білім 

берудің  тармақталған  желісі  бар:  балаларға 

арналған  мәдени-ағарту  орталықтар,  спорттық  клубтар.  Әрбір  мектеп 

оқушысының  мектеп  бағдарламасына  енбейтін  дене  шынықтыру,  көркем 

шығармашылық  және  ұлттық  өнер  түрлері  бойынша  қосымша  сабақтарға 

міндетті (бірақ таңдау бойынша) тегін қатысу іс-тәжірибесі де бар.  




25 

 

 Мұнымен  қоса,  әрбір  тұрғын  кварталда  оқушылармен  қосымша  жұмыс 



ұйымдастырылады: хор сабақтары, музыкалық аспаптарда ойнау, бал билері, үй 

шаруашылығын жүргізу және т.б.  

Әлеуметтік тәрбие беру міндеттерін шешуде үлкен әлеуетке ие ФЕББ-тің 

жекелеген  түрлері  кең  таралған:  балалар  мен  жастардың  мектептен  тыс 

ұйымдары, клубтар және орталықтар. 

Жапония  Парламенті  «Патриотизм  туралы  заң»  қабылдаған,  ол  «Жаңа 

дәуірдегі  (ХХІ  ғасырдағы)  білім  беруді  дамытудың  негізгі  жоспарында» 

ұсынылған «дәстүрлер мен мәдениетті құрметтеу, солардың негізінде құрылған 

елімізді сүю» қажеттігі туралы тезисті нығайтуы тиіс.  

Моральдық  тәрбие  берудің  негізгі  міндеті  оқушылардың  санасына  

моральдық  құндылықтар  түріндегі  белгілі  бір  әлеуметтік  нормаларды  ендіру 

және  топтық  сананы  қалыптастыру  болып  табылады.  Қабылданған  шаралар 

жапон  қоғамының  сабақтан  қалу,  мектептегі  зорлық-зомбылық,  сотқарлық, 

сабаққа кедергі келтіру және жасөспірімдер жасайтын ауыр қылмыстар сияқты 

мәселелердің  пайда  болуына  алаңдаушылық  білдіруімен,  тұлғаның  жеке 

құқықтарына  назар  аударудың  күшеюімен  және  топтық  сананың  әлсіреуімен 

және т.б. түсіндіріледі.  

Әлеуметтік  тәрбие  беру  формалары  арасында  6-дан  18  жасқа  дейінгі 

мектеп  жасындағы  балаларға  арналған  Америкадағы  ұлдар  мен  қыздар 

клубтары  (BGCC)  ерекше  орын  алады.  Қазіргі  уақытта  BGCA  Құрама 

Штаттардағы  4000-нан  астам  клуб  филиалдарынан  тұрады.  Клубтың  негізгі 

мақсаты тұлғаны белсенді әлеуметтік іс-әрекетте дамыту болып табылады. Оны 

іске асыру үшін 5 саланы қамтитын білім беру және бос уақыт бағдарламалары 

әзірленген: 

Көшбасшылық  қасиеттерді  дамыту  бағдарламалары;  мансапқа  арналған 

білім  беру;  денсаулықты  қолдау  және  өмірлік  дағдыларды  дамыту 

бағдарламалары;  өнер  бойынша  бағдарламалар;  фитнес  және  демалыс 

бағдарламалары. 

Жеткіншектерге  арналған  клуб  жанындағы  арнайы  жасөспірімдер 

орталықтары  компьютерлермен,  фитнес-орталықтармен  жарақталған  және  іс-

әрекеттің  алуан  түрімен  айналысуға  арналған  орынжайларға  ие.  Клубтар 

мансаптық  қабілеттерді  зерттеуге,  жұмыс  іздеу  үшін  түйіндеме  жасауға 

бағытталған кәсіби дағдыларды дамытуға арналған бағдарламаларды ұсынады.  

Қытайда  адамға  әртүрлі  бағыттарда  өзін-өзі  іске  асыру  үшін  өмірде 

қажетті тұлғаның базалық сипаттамаларын; ұлттық бірегейлікті қолдау құралы 

ретінде мәдени-тарихи білім беруді, жедел адекватты реакцияны, ұшқырлықты; 



26 

 

нақты  істерге  тартылу  арқылы  ұлттық  дәстүрлерді  үйренуді  дамытуға  басты 



көңіл бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет