«Қазақтың болашағы балаларды
қалай жарылқаймыз?»
Қазірде жасөспірімдер арасында бұзақылық өршіген. Жақынына пышақ ала жүгіретіндері де аз емес. Осының бәрін електен өткізген қалаулылар «Жастар саясаты туралы» заң мүлдем орындалмайды, Парламент жанынан жастар комитетін құру керек» -десті. Гүлназ Ауданбаева Жастар арасында қылмыс өршіп барады. Әсіресе, ауыр қылмыстың белең алуы алаңдатады. Ер балалардан қыздар да қалысып жатқан жоқ. Жылына төрт мыңға жуық жасөспірім түрмеге тоғытылады.
Бақыт Сыздықова, Мәжіліс депутаты: «Қазір «Бригада», «Рекетир» фильмдерінің кейіпкерлерін мақтан тұтып, соған еліктейтін жастар саны өсті. Қазіргі телеарналарда жастарды тәрбиелейтін отандық мультфильмдер, көркем фильмдер, хабарлар жоқ. Сондықтан қазіргі ұрпақ қанішерлер туралы фильмдерді сүйіп көреді». Бұл ойды Мәдениет және ақпарат министрі де қолдады. Алайда, ол «экшн жанрындағы фильмдерді телеарналардан алып тастай алмаймыз, өйткені Конституциямызда «Шығармашылық бостандық туралы» бап бар» -дейді. Ертісбаевтың бұл пікірін сенатор Қуаныш Айтаханов жақтырмай, ақпарат құралдарын түзеу мәселесінде қол қусырып отырған министрді сынға алды.
Достарыңызбен бөлісу: |