Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет29/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
Байланысты:
Публикация на каз

6.2. ІСТЕРДІ ҚАРАУ БОЙЫНША ІШКІ 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Әлем  бойынша  соттарды  және  сот  өндірісінде 

істердің  санын  басқару  қиын  тапсырма  болып 

есептелінеді.  Интернет-сауалнамаға  жауап  берген 

КТМС  судьяларының  94%-ы  олардың  соттарындағы 

істерді тиімді қарау жолында түрлі кедергілердің бар 

екенін  айтады.  Олар  осы  істерді  тиімді  қарау  үшін 

ұсыныстар  ұсынған  болатын

195

.  Олардың  жауаптары 



төмендегі Кесте 16 мен 17 -де.

Кесте  16-да  көрсетілгендей  жауап  берушілердің 

төрттен  бір  бөлігі  (27,6%)  КТМАС  қарауында  үлкен 

көлемде  істер  жатыр,  оларды  тиімді  шешуде 

бірыңғай  кедергілер  баршылық.  Бұл  мәселе  КТМАС-

та  кадрлардың  жетіспеушілігінен  байқала  бастады. 

Шамамен  жауап  беруші  КТМАС  судьяларының  жар-

тысы  (44,8%)  істерді тиімді  қарау  үшін  судьялардың 

санын  арттыру  қажет  деп  санайды.  Жауап  беруші 

КТМАС судьяларының үштен бір бөлігі (34, 5 %) сотта 

хатшылар  мен  басқа  да  әкімшілік  қызметкерлердің 

жетіспеушілігі  істерді  тиімді  басқару  жолында 

кедергілердің  орын  алуына  әкеліп  соғады  дейді. 

Дәл  осындай  жауаптарды  жекелеген  және  топтық 

сұхбаттарды  жүргізу  барысында  басқа  да  судьялар 

берген еді

196



КТМАС  істеріне  тартылған  түрлі  мүдделі  жақтардың 



әрекеттерін үйлестіру және ұйымдастыру кешігулерді 

азайтуда,  сонымен  қатар  әділсот  жүйесімен 

қайшылықтағы  баланың  психологиялық  жағынан 

зардап  шегу  қаупін  азайтуда  үлкен  рөл  атқарады. 

Сол  сияқты  баланың  заңды  талаптардың  барлық 

кезеңдерінен  өту  кезінде  қажетті  қолдау  алуын 

қамтамасыз ету қажет. Жекелеген сұхбаттарда кейбір 

судьялар КТМАС-та істердің қаралуын ұйымдастыруды 

жәнге  олардың  үйлестірілуін  жетілдіру  қажеттілігін 

атап  өтті

197

.  Таңдалып  алынған  кейбір  КТМАС-



тар  судьялар  мен  мүдделі  жақтардың  істердің 

қаралуын ұйымдастыруға және КТМАС-тың басқа да 

жұмыстарына  қатысты,  мысалы балалардың  жасаған 

қылмыстарының  себебі  немесе  немқұрайлылығы 

(мектепке бармау) сияқты сұрақтарды талқылау бой-

ынша  кеңестерін  берді

198

.  Жалпылай  алғанда  осын-



195

 Жауап беруші КТМАС судьяларының жалпы саны 31, оның 29-ы 

интернет-сауалнамаға  жауап  беру  арқылы  өз  істерін  тиімді 

қабылдаудағы  айтарлықтай  кедергілерді  білдірді;  бұл  сұраққа 

қалған екеуі еш жауап бермеді.

196


 Қараңыз, мысалы, жекелеген сұхбат, судья, Қызылорда қ. КТМАС 

[мерзімі жоқ].

197

 Жекелеген  сұхбат,  судья  1,  Қарағанды  қ.  КТМАС,  19  қыркүйек 



2014  ж.;  жекелеген  сұхбат,  судья  2,  Қарағанды  қ.  КТМАС,  19 

қыркүйек 2014 ж.; жекелеген сұхбат, судья 1, Өскемен қ. КТМАС, 

16 қыркүйек 2014 ж.

198


  Мысалы,  қолда  бар  мәлімет  бойынша  мынадай  кеңес, Ақтау  қ. 

КТМАС, (жекелеген сұхбат, судья 1, Ақтау қ. КТМАС, 23 қыркүйек 

2014 ж.; жекелеген сұхбат, судья 2, Ақтау қ. КТМАС, 23 қыркүйек 

2014 ж.), бірақ Алматы қ. КТМАС-та емес. (жекелеген сұхбат, су-

дья,  Алматы  қ.  КТМАС,  22  қыркүйек  2014  ж.),  Астана  қ.  КТМАС 

(жекелеген  сұхбат,  судья,  Астана  қ.  КТМАС,  21  тамыз  2014  ж.), 

Қарағанды  қ.  КТМАС  (жекелеген  сұхбат,  судья,  Қарағанды  қ. 

КТМАС, 19 қыркүйек 2014 ж.) және Өскемен қ. КТМАС (жекелеген 

сұхбат, судья 1, Өскемен қ. КТМАС, 16 қыркүйек 2014 ж.). 

дай  кеңестер,  әсіресе  түрлі  секторларды  қамтитын 

дисциплинараралық кеңестер форум ретінде қызмет 

жасай алады. Мұнда істерді тиімді қарау, кедергілерді 

жою  және  істерді  тиімді  ұйымдастыруға  қатысты 

көкейдегі  сұрақтар  талқыланып,  шешілуі  мүмкін. 

Олар КТМАС жұмысына әсер ететін жаңа заңнаманы 

талқылау үшін, сондай-ақ КТМАС-та қаралатын істер 

бойынша ұтымды тәжірибе алмасу үшін арнайы фо-

руммен қамтамасыз ете алатын еді.   Мұндай кеңестің 

біліктілігі  нақты  істерді  талқылауға  емес,  жалпылай 

істердің  қарастырылуын  ұйымдастыруға  қатысты 

сұрақтарды қамти алатын еді. 

Сұхбат  кезінде  қатысушылардан  алынған  кері  бай-

ланыс  КТМАС  пен  ювеналды  әділсот  органдары 

арасында  үйлестіру  және  ынтымақтастық  тетіктерін 

нығайтуға,  сол  сияқты  балалардың  құқықтарын 

қорғауға,  оның  ішінде  практикалық  нұсқаулықтар 

мен  мультидисциплинарлық  оқытуды  енгізуге 

бағытталған

199

.  Осындай  нұсқаулықтар  үлкен  рөлге 



ие, өйткені КТМАС-қа келген бала түрлі құқық қорғау 

органдарының  өкілдерімен  кездесу  барысында 

күйзеліске  ұшырауы  барысында  қажетті  құрал  бола 

алады


200

. Нұсқаулықтар кімнің және қашан іске қатыса 

алатыны  жөніндегі  ақпаратқа  қол  жеткізуге,  соны-

мен  қатар  қажетсіз  әрекеттерден  арылуға  арналған 

басқарма қағидаларымен қамтамасыз ете алады. 

Сұхбатқа қатысқан қатысушылардың кері байланысы 

қолданылатын  шараларға  арналған  түрлі  тәсілдерді 

анықтады.  Мысалы,  егер  КТМАС-та  қаралып  жатқан 

істің қатысушысы болып табылатын баланың зардап 

шегу қаупі бар ма немесе отбасы, ресми органдар та-

рапынан оған зардап келді ме деген жағдайдаларға 

арналған  тәсілдер.  Практикалық  нұсқаулықтар  мен 

оған  қатысты  білім  беру  баланың  оны  қорғайтын 

қажетті қызметтерді алуына кепілдік болатын, соны-

мен қатар балалардың құқықтарын қорғау үшін қайта 

бағыттау  тетіктерінің  даму  жолындағы  бірден  бір 

қадамы болып табылады

201


.

199


 Судья 1, Өскемен қ. КТМАС, 16 қыркүйек 2014 ж.; судья 2, Өскемен 

қ. КТМАС, 16 қыркүйек 2014 ж.; прокурор 1, Павлодар қ.КТМАС, 

9 қыркүйек 2014 ж.; судья 1, Қызылорда қ.КТМАС [мерзімсіз]; су-

дья 2, Қызылорда қ. КТМАС [мерзімсіз]; әкімшілік істер бойынша 

прокурор, Қарағанды қ. КТМАС, 18 тамыз 2014 ж.

200


 Қызылорда қ. ҮЕҰ өкілі, 23 қыркүйек 2014 ж. 

201


 Жауаптар прокурорға бағытталған пікірлерді қамтиды (қорғаушы 

2,  Ақтау  қ.  КТМАС,  26  қыркүйек  2014  ж.,  қамқоршылық  және 

қорғаншылық органдарына бағытталған (судья 1, КТМАС Алма-

ты қ., 22 қыркүйек 2014 ж.) және ‘баланы арнайы мекемелерге 

уақытша орналастыру туралы бұйрықтың басылымы’ (прокурор 

1, Қызылорда қ.).




46

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет